Географиялық координаттар

Географиялық координаттар(лат. со — бірге, ordinatus — реттелген) — жер бетіндегі экваторға және нөлдік меридианға қатысты нүктенің орнын көрсететін мөлшер.[1] Олар географиялық ендік және географиялық бойлық болып ажыратылады. Географиялық ендік жер бетінің кез келген нүктесіне түсірілген тік сызық пен экватор жазықтығы арасындағы бұрышпен өлшенсе, географиялық бойлық бастапқы меридиан жазықтығы мен берілген нүкте арқылы өтетін меридиан жазықтығы арасындағы бұрышпен өлшенеді. Бастапқы (нөлдік немесе бірінші) меридиан ретінде халықаралық келісім бойынша Лондон қаласы маңындағы Гринвич обсерваториясы арқылы өтетін меридиан алынған. Географиялық ендік экватордан 0°-тан басталып солтүстік және оңтүстік полюстерге қарай 90°-қа дейін өзгереді. Солтүстік жарты шарда — оң, оңтүстік жарты шарда — теріс болып есептеледі. Бойлық бастапқы меридиандағы 0°-тан басталып 360°-қа дейін өзгереді. Ол шығысқа немесе батысқа қарай өлшенуіне сәйкес, шығыстық немесе батыстық бойлық деп аталады. Бойлықтың 0°-тан 180°-қа дейінгі санау әдістері де қолданылады. Географиялық координаттар бұрышты өлшегіш аспаптардың көмегімен (теодолит, секстант, т.б.), астрономиялық бақылаулар арқылы анықталады.[2]

Outline Map of Buryatia (with position on the Map of Russia)

Дереккөздер

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
  2. “Қазақ Энциклопедиясы”, 2-том
Барнауыл

Барнауыл (орыс. Барнау́л) — Ресей қаласы (1730 жылы құрылып, қала мәртебесін 1771 жылдан бастап алды), 1937 жылдан бастап Алтай өлкесінің (орыс. Алтайский край) әкімшілік орталығы. Қала Батыс Сібірдің оң жағында, Барнаулка өзенінің Обь өзеніне құяр тұсында орналасқан. Қала ауданы – 321 км², халқы – 621,7 мың адам (2012), сонымен бірге қала халқының саны бойынша Ресейде 21-ші орында тұр. Қала округтерінің шекарасында бағындырылған елді мекендердегі тұрғынды қосқанда Барнауыл халқы 681,5 мың адамды құрайды. Сібірдің ауқымды өндірістік, мәдени және білім орталығы: 9 мемлекеттік ЖОО, 5 театр, мұражайлар және ХVIII-XX ғасырларға жататын сәулет өнерінің көне ескерткіштері бар.

Бойлық

Бойлық, қ. Географиялық координаттар.

Жер меридианы

Жер меридианы (лат. merіdіanus — талтүс), географиялық меридиан — Жердің екі полюсін ойша басып өтетін, экваторға тік бұрыш жасайтын сызық. Сызықтар арасы географиялық бойлықтар жасай отырып 1км. қашықтықта өтетін 360 меридианға бөлінеді. Олар географиялық координаттар торының негізгі бөлігі болып саналады. Жер меридианына перпендикуляр бағытта Жер параллелі (географиялық ендіктер) жүргізіледі. Меридиандар Англиядағы Гринвич қаласынан бастап есептеледі. Осындағы нөлінші меридиан Жерді Шығыс және Батыс жарты шарларға бөледі;

Жер параллелі

Жер параллелі (лат. parallelos — қатар жүру), географиялық параллель — Жер экваторына параллель жүргізілген шартты түрдегі шеңбер сызық. Жер параллеліндегі әрбір нүкте бірдей географиялық ендікте жатады және экватордан бірдей қашықтықта болады. Экватордан қашықтаған сайын параллель шеңберлердің ұзындығы кеми береді. Жер параллелі арқылы географиялық ендік анықталады. Экватордан солтүстікке қарай — солтүстік ендіктер (с. е.), оңтүстікке қарай — оңтүстік ендіктер (о. е.) деп аталады. Әр түрлі параллельді 1°-тың километрмен көрсетілетін шамасы түрліше болады. Кейде ол картаның жиектеме сінде (рамкасында) көрсетіледі.

Картографиялық проекция

Картографиялық проекция, картографиялық кескін – Жер эллипсоидының (шардың) немесе планетаның бетін математикалық тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеу.

Картада кездесетін бұрмаланулар сипатына қарай, картографиялық проекциялардың мынадай түрлері белгілі: тең ауданды, тең бұрышты, тең аралықты және еркін проекциялар.

Тең ауданды проекциялардағы карталарда географиялық объектілердің

ауданы бұрмаланбай дәл беріледі, бірақ өте үлкен аумақтарда бұрыштар мен

геометриялық пішіндер елеулі бұрмалануға ұшырайды.

Тең бұрышты проекциялардағы карталарда бұрыштардың бұрмалануы жоқ.

Сонымен қатар мұндай карталарда аумағы шағын жерлер пішіні де дәл кескінделеді. Ал ұзындықтың масштабы картаның кез келген нүктесінде барлық бағытта да бірдей мөлшерде сақталады. Неғұрлым аумағы үлкен географиялық объектілердің ауданы қатты бұрмалануға ұшырайды.

Тең аралықты проекциялардағы картада ұзындықтың масштабты тек канa

бір басты бағыт бойынша, тек параллель — немесе мередиан бойымен ғана

сақталады. Бұрыштар мен ауданнын бүрмалануы соншалықты байқала бермейді.

Еркін проекциялардағы карталарда бұрыштар мен ауданның, ұзындықтың

бұрмалануы аз мөлшерде картаның кез келген нүктесінде кездеседі.

Географиялық объектілерді жазықтыққа көшіру үшін пайдаланылатын

көмекші геометриялық беттердің түріне және картографиялық тордың ерекшелігіне қарай проекциялар: цилиндрлік, конустық және азиммуттық деп бөлінеді.

Азимуттық проекцияда параллельдер тұйық шеңбер жасап, ал меридиандар

бір нүктеден жан-жаққа бойлық бұрыштарының көрсеткішіне сәйкес бөлінген

түзу сызықтар түрінде таралады. Азимуттық проекциялар жекелеген материктер мен полюстік аймақтардың картасын жасауда кенінен қолданылады.

Цилиндрлік проекцияда параллельдер мен меридиандар көп жағзайда бір-

біріне тікбұрыш жасап орналасады. Цилиндрлік проекциялар дүниежүзілік

карталардың барлық түрін жасауда кеңінен пайдаланылады.

Конустық проекциялар қоңыржай ендіктерде орнасқан аумақтар үшін өте

қолайлы, бұрмалану аз байқалады. Сондықтан Ресей, Қазақстан және ТМД елдерінің карталары көбінесе осы проекциялар негізінде жасалады.

Координаттар жүйесі

Координаттар (лат. co – бірге және ordіnatus – тәртіптелген, анықталған) — жазықтықтағы, кез келген беттегі не кеңістіктегі нүктенің орнын анықтайтын сандар. Ғылымға, ең әуелі, аспан сферасындағы не Жер шары бетіндегі нүктенің орнын (ендік пен бойлық) анықтайтын астрономиялыһ және географиялық кординаттар енді (қараңыз ). 17 ғасырда Р.Декарт кординаттар әдісі арқылы геометрия мен математикалық анализдің арасындағы өзекті байланысты ашты (қараңыз ).

Механикада, математикада физикада, т.б. салаларда сфералық Координаттар (r, , ), цилиндрлік Координаттар (, , z), эллипсоидтық Координаттар жиі қолданылады. Кеңістіктегі біртекті Координаттар жазықтықтағы Координаттар сияқты енгізіледі.

Спутниктік навигация жүйесі

Спутниктік навигация жүйесі — жер, су және әуе нысандарының орналасқан жерін анықтау үшін (географиялық координаттар және биіктігін) әзірленген жүйе. Спутниктік навигациялық жүйелер, сондай-ақ,сигнал қабылдағыштың қозғалыс жылдамдығы мен бағытын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, оны дәл уақытын алу үшін пайдалануға болады. Мұндай жүйелер ғарыштық жабдықтар мен жер сегментінен (басқару жүйесі) тұрады. Қазіргі уақытта, тек екі спутниктік жүйелер — GPS және ГЛОНАСС жер шарының толық және үздіксіз қамтуды қамтамасыз етеді.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.