Гайот

Гайот — ұшар басы абразия әсерінен мұжылып тегістелген, сондықтан беткі деңгейі біршама тегіс жазықтықпен сипатталатын сөнген суасты жанартауы. [1]

Мұндай шоқылардың төбесі кейде 2500 м тереңдіктер өңірінен байқалатынға ұқсайды. Кейбір ғалымдар гайоттарды кезінде су бетіне шығып тұрған жанартаулы аралдар қалдығы деп есептейді; гайоттардың табиғаты жайлы олардың түсінігі үшкір басын су бетіне жақын деңгейлерде абразия әсерінен жоғалтқан бұл көне жанартаулар кейінірек төмен қарай лықсып кеткен деген тұжырымға саяды.

Дереккөздер

  1. Геология терминдерінің сөздігі. Н. Сенатов, А. Абдулин. — Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет. ISBN 5-615-01738-4

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.