Гавана

Гавана (ис. La Habana [aβana], толық атауы San Cristóbal de La Habana) — Куба Республикасының астанасы, саяси, экономикалық және мәдени орталығы, Гавана провинциясының әкімшілік орталығы. Үлкен Гавананың аумағы 726,75 км²-ді құрайды, халық саны 2,1 миллион адам. Жер аумағы және халық саны бойынша елдегі ең ірі қала және Кариб аймағындағы бұл көрсеткіштер бойынша үшінші орында. Қала 15 муниципалитетке бөлінген.

Қала
Гавана
ис. La Habana
Ту Елтаңбасы
Ту Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Куба

Провинция

Гавана

Ішкі бөлінісі

15 муниципалитет

Мэр

Хуан Контино Аслан

Тарихы мен географиясы
Алғашқы дерек

1515

Координаттары

23°07′00″ с. е. 82°23′00″ б. б. / 23.11667° с. е. 82.38333° б. б.   Координаттар: 23°07′00″ с. е. 82°23′00″ б. б. / 23.11667° с. е. 82.38333° б. б.   

Жер аумағы

726,75 км²

Орталығының биiктігі

59 м

Уақыт белдеуі

UTC-5, жазда UTC-4

Тұрғындары
Тұрғыны

2 135 498 адам (2010)

Тығыздығы

2938,4 адам/км²

Агломерация

3,073 млн

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

(+53) 7

Пошта индексі

10xxx-19xxx

Гавана картада
Гавана
Гавана

Халқы, тілі, діні

Habana hotel Sevilla
Гавана қаласының көрінісі.

Гавананың халық саны 2 135 498 адамды (2010) құрайды. Кубадағы жалпы халық санының бөлігі — 21 %. Астанадағы он тұрғынның ішінде шамамен жетеуі испандық қоныс аударушылардың ұрпағы болып табылады. Қалғандары аралас африкандық-испандық немесе азиаттық нәсілдер. Мемлекеттік тіл — испан. Діншіл халықтың жартысынан артығы католик дінін ұстанады, қала тұрғындарының басқа бөлігі христиандық және бірқатар пұтқа табынушылық ғұрыптарының араласуы негізінде пайда болған синкретикалық наным-сенімдерді ұстанады.

Муниципалитеттері

Havana Municipalities
Гавана провинцияларының картасы.

Гавана қаласы провинция мәретебесіне ие болғандықтан 15 муниципалитетке бөлінеді.

Картадағы
Муниципалитет Халқы,
адам (2004)
Аумағы,
км²
Ескертулер
1 Плайя 186 959 36
2 Пласа-де-ла-Революсьон 161 631 12 Үкіметтің орналасқан жері
3 Сентро-Абана 158 151 4
4 Ла-Абана-Вьеха 95 383 5 ЮНЕСКО-ның әлемдік мұрасына кіреді
5 Регла 44 431 9
6 Ла-Абана-дель-Эсте 178 041 145
7 Гуанабакоа 112 964 127
8 Сан-Мигель-дель-Падрон 159 273 26
9 Диес-де-Октубре 227 293 12
10 Серро 132 351 10
11 Марианао 135 551 21
12 Ла-Лиса 131 148 38
13 Бойерос 188 593 134
14 Арройо-Наранхо 210 053 83
15 Которро 74 650 66

Халықаралық қатынастар

Саяси кеңселер

Гаванада 87 елшілік және 11 консулдықтар, бір мүдделер секциясы және бір сауда өкілдігі орналасқан.

Елшіліктер
Консулдықтар
Мүдделер секциясы
Сауда өкілдігі

Бауырлас қалалар

Дереккөздер

  1. İzmir'in kardeş kentleri. Басты дереккөзінен мұрағатталған 4 тамыз 2012.

Сыртқы сілтемелер

United Buddy Bears

Аюлардың біріккен достастығы (ағылш. United Buddy Bears) - халықаралық көркем және мәдени жобаларды жарнамалайтын, бейбітшілікке шақыратын әлемдік турға негізделген көрмелік жоба.

Біріккен Ұлттар Ұйымында әлемнің танымал көп елдерінің 140-150-ге жуық Buddy Аюлары көрсетілген (әрбір аю 2 м Талльді құрайды). 2002 жылы Берлинде «Біз бір-бірімізді жақсы білуіміз керек, сонда біз жақсы түсінісе аламыз, барлығымыз бірге сенімді және жақсы өмір сүретін боламыз» ұранымен өткен, төзімділікке, халықаралық өзара түсіністік пен бейбітшілікті нығайтуға арналған бірінші көрмеде әлемнің 35 млн. астам көрермені аюларды тамашалады.

Александра Апанович

Александра Апанович - (1963 ж. т.), байдарка мен каноэ есуден халыкаралық дәрежедегі спорт

шебері, ҚР бірнеше дүркін чемпионы, «Достык» халықаралық жарысының жеңімпазы (Гавана), Әлем чемпионы (Австралия), Олимпиада ойындарының қатысушысы (4-орын, Сеул, 1988). Жаттықтырушысы — Черемухин Виктор Семенович.

Бандар-Сери-Бегаван

Бандар-Сери-Бегаван (малайша بندر سري بڬاوان, Bandar Seri Begawan

) — Бруней сұлтанатының елордасы және ең ірі қаласы. Бруней-Муара округінің әкімшілік орталығы.

Вашингтон

Вашингтон (ағылш. Washington, D.C., /ˈwɑʃɪŋtən ˌdiː ˌsiː/) — АҚШ-ның елордасы. Вашингтон 1790 ж. 16 шілдесінде орнатылған. АҚШ-нда бұдан басқа Вашингтон атаулы штат та бар болғасын, екі мекенді шатастырмау үшін, елорданы кейде Вашингтон Колумбия Аймағы деп толық атымен атайды. Вашингтонда көп компаниялардың бас кеңселері жайғасқан.

Жұрты - 604,492 (22-қыркүйек, 2011)

Игорь Анатольевич Валетов

Игорь Анатольевич Валетов (1946, Өзбекстан), ECCШ-i (1972). 1964-75 жылдардың арасындағы КСРО құрама командасының мүшесі. КСРО жасөспірімдер біріншілігінің, республиканың, КСРО-ның (1966, 1973 жекелей есепте), 1969-71, 1974 ж. (командалық есепте), Әлемнің (1967-Гавана, Куба), Олимпиялық ойындардың (1972-Мюнхен, Германия) чемпионы. Еуропа кубогінің жеңімпазы. Милиция полковним Жаттықтырушысы: Е. Войнов.

Кастри

Кастри, Кастрис — Сент-Люсия мемлекетінің астанасы әрі оның басты экономикалық орталығы. Порт-Кастри және Виги түбегінің шекарасында, аралдың солтүстік-батысында орналасқан. Мұнда аралдың тұрғындарының үштен бір бөлігі өмір сүреді, елдің сыртқы сауда айналымының шамамен 80 % өтеді және ірі кәсіпорындар мен ұйымдар орналасқан. Халық саны 60 200 (2003).

Негізі XVIII ғасырда француздармен қаланған қала үш рет өртенген — 1785, 1812 және 1948 жж., сол себептен көптеген тарихи ғимараттар жоғалып кеткен.

Туризм дамыған.

Куба

Куба (ис. Cuba), ресми атауы - Куба Республикасы (ис. República de Cuba [reˈpuβlika ðe ˈkuβa]), 1959 жылдан бастап Бостандық аралы — Америкадағы, Вест-Үндістандағы мемлекет. Оңтүстік және Солтүстік Америка құрлықтары аралығында Куба, Хувентуд (Пинос) және олардың жанындағы Үлкен Антиль аралдар тобында орналасқан. Аралдардың көпшілігінде халық қоныстанбаған, ұзын саны 1600-ге жуық. Құрлықтағы жер аумағы — 110,86 мың км2. Халқы — 11,3 млн. адам. Этникалық құрамы жағынан 65%-ы Испаниядан шыққандардың ұрпақтары, қалғандары — негрлер, метистер, мулаттар. Ресми тілі — испан тілі, діні — католик. Астанасы — Гавана қаласы (2,3 млн.). 1976 ж. қабылданған конституция бойынша мемлекет билігі халықтық өкіметтің (Ұлттық ассамблея) қолында. Ол өз депутаттары арасынан Мемлекеттік Кеңес сайлайды және Министрлер Кеңесінің мүшелерін бекітеді. Ұлттық мерекелері: 1-қаңтар — Азат етілген күн (1959), 26-шілде — Ұлттық көтеріліс күні (1953), 10-қазан — Кубаның Испаниядан тәуелсіздік алу жолындағы күресті бастаған күні (1868). Ақша бірлігі — Куба песосы.

Кубадағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі

ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізімінде Кубаның 9 нысаны бар (2012 жылғы мәліметі бойынша). Бұл нысан тізімге 7 нысан мәдени, 2 табиғи критерийлар бойынша іліккен.

Леопольдо Романьяч

Леопольдо Романьяч (ис. Leopoldo Romañach Guillén; 7 қазан 1862 ж., Сиерра Морена, Вилли Клара - 10 қыркүйек 1951 ж., Гавана) — Куба кескіндемешісі, реалист суретші әрі педагог. 1885-1886 ж. Гаванадағы Сан-Алехандро Көркемсурет академиясында, 1890-1895 ж. Римде оқыды. Сан-Алехандро Көркемсурет академиясының профкссоры, 1934-1935 ж. директоры. "Апельсин ұстаған қария", "Флягты адам", "Жазылып келеді", "Қыз бейнесі, "Балгер" атты жанрлық картиналардың, пейзаждардың және Гаванадағы президент сарайы плвондпрының авторы.

Атақты шәкірттері:

Виктор Мануэль

Амелия Пелаэс

Мариано Родригес

Марти

Марти Хосе Хулиан (28.1. 1853, Гавана — 19.5.1895, Дос-Риос, Ориенте) — жазушы, Куба ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері. Әскери қызметкер жанұясында дүниеге келіп, 16 жасынан ұлт-азаттық қозғалысқа қатысты. Мадрид және Сарагос ун-ттерінде философия, әдебиет, заң ғылымдарын оқыды. Мексикада, Гватемалада біршама тұрып (1875), Кубаға қайта келісімен испан басқыншыларына қарсы көтерілісті ұйымдастырғаны үшін Испанияға жер аударылды (1879). 1880 — 95 ж. АҚШ-та тұрып, Латын Америкасы газеттеріне мақалалар жазды, Кубаның қозғалыс партиясын құрып (1892), “Партия” газетін шығарды. Кубаға қайта оралып, испандықтармен соғыста қаза тапты. “Абдулла” (1869) атты тұңғыш шығармасы құлдық жүйеге қарсы жазылды. “Исмаелильо” (1882), “Қарапайым өлеңдер” (1891), “Еркін өлеңдер” (1913) атты жыр жинақтары зұлымдық әділетсіздікке қарсы шынайы толғаныстан туған. Филос. ой-толғамдарға толы публицист. шығармалары ой тереңдігімен ерекшеленді. М. өлеңдерін испан тілінен Ә.Бәтенов, орыс тілінен Т.Молдағалиев, Ө.Нұрғалиев, Б.Алдамжаровтар аударған. Қазақ тілінде “Бостандық дауысы” атты жыр кітабы жарыққа шықты. Бірнеше өлеңдері “Куба таңы” (1973) жинағында қазақ тілінде басылды. М. туралы О.Терновой зерттеу еңбек жазған (1966). С. Өтенияз

Мексика

Мексика (ис. México [ˈmexiko]), ресми — Мексикалық Біріккен Штаттары (ис. Estados Unidos Mexicanos) — Солтүстік Американың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Америка Құрама Штаттарымен, Оңтүстік-шығысында Гватемала және Белизбен шектеседі. Батысы мен оңтүстігі Тынық мұхитының, шығысы Атлант мұхитының жағалауларын алып жатыр.

Жер аумағы 1958,2 мың шаршы километр.

Халқы 120 286 655 адам (2014).

Ұлттық құрамы метистер (испандар мен үндістердің некесінен тарағандар) (78%), үндістер (15%) және еуропалықтардан (7%) тұрады.

Астанасы — Мехико қаласы

Ресми тілі — испан тілі.

Халқының басым бөлігі — христиан-католиктер.

Мексика — федеративтік республика. 1917 жылы 5 ақпанда қабылданған Конституциясы бойынша мемлекет басшысы — президент. Президентті халық 6 жыл мерзімге сайлайды. Жоғары заң шығарушы органы: Сенат (6 жыл мерзімге сайланады) пен Депутаттар палатасынан (3 жыл мерзімге сайланады) құралатын ұлттық конгресс. Жоғары атқарушы органы — Министр Кабинеті ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні — 16 қыркүйек (1810). Әкімшілік жағынан 31 штат пен федералдық астаналық округке бөлінеді. Біріккен Ұлттар Ұйымына (1945), Америка мемлекеттері ұйымына (АМҰ) (1948) мүше. Валютасы - Мексика песосы.

Мехико

Мехико (ис. Ciudad de México) — федералды округі мен Мексиканың саяси астанасы, экономикалық, өндірістік және мәдени орталығы. Әлемдегі Токио мен Сеулден кейінгі үшінші ірі қалалық англомерация; БҰҰ WUP2003 есебі бойынша оның аумағында 19,72 млн жұрт тұрады.

Ацтек соғыс құдайы Мехитли құрметіне аталған.

Сергей Николаевич Беляев

Сергей Николаевич Беляев 1960 жылы 8 мамырда ӨзКСР Ташкент қаласында туған. Орыс. Әкесі - Беляев Николай Васильевич, марқұм. Анасы - Беляева Раиса Сергеевна, зейнеткер. Рудный индустриалды институтын (1982) кең инженері

мамандығы бойынша; Қазақ спорт және туризм академиясын (2005) жаттықтырушы-оқытушы мамандығы бойынша бітірген. Орыс және ағылшын тілдерін біледі. 1997 жылдан бері - «Динамо» спорт қоғамының аға жаттықтырушы және ҚР оқпен ату құрамасының аға жаттықтырушысы.

КСРО, ҚР бірнеше мәрте чемпионы және рекордшысы; Әлем кубогының 2 мәрте рекордшысы (Мехико, 1986); екі

әлемдік рекорд: жатып 397 ұпай және тізіден 395 упай Әлем кубогының жеңімпазы (Мексика, 1988); Әлем кубогының

күміс жүлдегері (Мюнхен, 1993); Атлантадағы Олимпиада ойындарының 2 мәрте күміс жүлдегері (1996); Әлем кубогы

финалының қола жүлдегері (Швейцария, 1996); Әлем кубогы сатысының (Гавана, 1997), Орталық Азия ойындарының

(Алматы, 1997) жеңімпазы; Азия ойындарының чемпионы (Хиросима, 1994; Пусан, 2004); Пусанда өткен Азия ойындарының қола жүлдегері (2002). Оқ атудан КСРО спорт шебері (1979). Оқ атудан халықаралық кластағы спорт шебері (1981). ҚР Еңбек сіңірген

спорт шебері. «Еңбек сіңірген» медалімен марапатталған (1994). Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты (1994).

Әскери атағы - ҚР ІІМ ІӘ капитаны.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанның жарқын болашағы үшін, атыс тек қана бейбіт атыс болсын».

Хоббиі - балық аулау, шахмат.

Сүйіп оқитын әдебиеті - детективтер.

Үйленген.

Тёркс және Кайкос Ұлттық футбол құрамасы

Теркс және Кайкос Ұлттық футбол құрамасы — Халықаралық футбол жарыстарында Теркс және Кайкос аралдары намысын қорғайтын құрама. Басқарушы орган - Синт-Мартен футбол қауымдастығы.

Елдегі футбол ұйымы 1996 жылы құрылды. ФИФА (1999 жылдан бері) және КОНКАКАФ мүшесі. Әзірше әлем чемпионаты мен КОНКАКАФ кубогының финалдық турнирлеріне қатыспаған.

Фидель Кастро

Фидел Алехандро Кастро Рус (ис. Fidel Alejandro Castro Ruz) — Куба мемлекетiнiң басшылығына 1959 жылы келiптi. Бiр мемлекеттi аттай 50 жыл (бiрнеше ай ғана жетпейдi) басқарған Ф. Кастро өзiнiң кететiнiн мәлiмдедi.

«Егер ел басқарудың жауапкершiлiгiн бұдан әрi де өз мойныма iлсем, онда менiң мұным өз ар-ұятыма, өз абыройыма кiр келтiру болып табылар едi. Өйткенi менiң қазiр денсаулығым жоқ. Қартайдым, ауру-сырқаулымын…» дедi Ф. Кастро.

Фидель Кастроның орнына оның інісі Рауль 24 ақпан күнi Парламент отырысында тағайындалды.

Флорида бұғазы

Флорида бұғазы — Флорида түбегі, Куба және Багам аралдарының аралығындағы бұғаз.

Мексика шығанағы мен Атлант мұхитын жалғастырады. Ұзындығы 651 км, ең енсіз жері 80 км-дей, фарватеріндегі (кеме жүзе алатын арнасындағы) тереңдігі 150 м-ден 2085 м-ге дейін. Флорида бұғазынан Гольфстрим жылы ағысы басталады. Порттары: Гавана (Куба), Майами (АҚШ).

Хулио Антонио Мелья

Хулио Антонио Мелья (ис. Julio Antonio Mella; 25 наурыз 1903(19030325), Гавана, Куба — 10 қаңтар 1929, Мехико, Мексика) - Куба жастар мен коммунистік қозғалысының қайраткері. 1924 ж. Гавана коммунистерінің бірлестігіне кірді. 1925 ж. Куба антиимпериалистік лигасының негізін қалады. Сол жылғы Куба коммунистік партиясының (ККП) Құрылтай съезінде ККП ОК құрамына сайланды. 1929 ж. Мексика коммунистік партиясына кіріп, оның ОК-нің құрамына сайланды. 1927 ж. КСРО-да болды. Мексикаға қайтып оралып, Куба эмигранттарының жаңа революциялық ассоциациясын, 1928 ж. Пролитариат студенттері ассоциациясын құрды. Куба диктаторы Х. Мачадо жендеттерінің оғынан қаза тапты.

Ыстанбұл

Ыстанбұл (тур. İstanbul — [isˈtanbuɫ]), — ертеде Визáнтий, кейіннен Константинóполь — Түркияның аса ірі қаласы, негізгі сауда, өнеркәсіп және мәдениет орталығы, елдің басты портты қаласы. Бір-бірімен көпірлер және туннельдер арқылы байланысып тұрған, оны еуропалық (негізгі) және азиялық бөліктерге бөлетін Босфор бұғазының жағалауларында орналасқан. Халық саны бойынша, Еуропадағы алғашқы миллионер-қала. Рим, Византия, Латын және Осман империяларының бұрынғы астанасы.

Әуесқой бокстан әлем чемпионаты

Әуесқой бокстан әлем чемпионаты әуесқой бокстан АИБА құзырындағы екі жылда бір ұйымдастырылатын дода. Олимпиадалық бокс бағдарламасымен қатар әлемдегі ең мәртебелі бокстық жарыс. Алғашқы чемпионат 1974 жылы Гавана, Кубада тек ерлер үшін өтсе, араға ширек ғасыр салып әйелдер әлем чемпионаты 2001 жылы өтті. Ерлер мен әйелдер чемпионаттары екі бөлек өтеді, ал 2006 бастап бөлек жылдарда өтіп келеді.

Салмақ дәрежелері санын 2003 жылы он екіден он бірге жеңіл орта салмақтан (−71 кг) бас тарту арқылы іске асты.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.