Бриттер

Бриттер (лат. Brіtto) — кельт тайпасы, б.з.б. 8 ғасырдан бастап б.з. 5 ғасырында Британ аралдарында тұрған байырғы халық. 5 — 6 ғасырларда англосаксондар брит елін жаулап алып, Бриттердің біразын қырып-жойып, қалғанын Уэльске, Бретаньға(қазіргі Францияға) ығыстырды. Британияда қалған Бриттер ағылшын халқының негізін құраған топтардың бірі болып есептеледі.

Celtic expansion
кельттердің орналасқан жерлері

Дереккөздер

“Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том

Аллоброгтар

Аллоброгтар (лат. Allobroges) — Нарбон Галлиясын, Рона мен Изера арасын, Дофиненің солтүстігін және Савойядан Женева көліне дейін мекендеген ірі кельт тайпасы.

Шамамен б.з.д. 123 жылы олар Галлияны б.з.д. 125 жылы оңтүстік-шығысынан бастап басып ала бастаған римдіктерге қарсы тұруға тырысты. Алайда аллоброгтарды б.з.д. 121 жылы Квинт Фабий Максим Аллоброгик бағындырды (оған «Allobrogicus» — Аллоброгтық аты осы ісі үшін қосылған), ал Нарбонс провинцисы құрамына тек Юлий Цезарь кезінде ғана енді.

Аллоброгтардың басты қаласы Вьен болған, ал гельветтермен шекараласы — Женева қаласы. Тағы шамамен 379 жылы атауы Грацианополь деп өзгерген Куларо қаласын атап айтуға болады, ол қазіргі Гренобль.

Ағылшын тілі

Ағылшын тілі (ағылш. English, English language) — Үндіеуропа тілдері жанұясының батыс герман тобына жататын тіл.

Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англосаксондардың тілі, бірақ жауланған кельттердің тілдері де әсерін тигізген.

Ағылшын тілі — халықаралық тіл (де-факто - лингва франка). Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай мен испан тілінен кейінгі халық саны бойынша ана тілі ретінде ең көп пайдаланылатын тіл. Ағылшын тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Аустралия және басқа елдерде ана тілі болып есептеледі. Одан басқа көптеген мемлекеттерде ресми тілі болып саналады.

Ағылшын тілі — БҰҰ-ның алты тілінің бірі болып саналады.

Ағылшын тілі — дүние жүзіне ең кең таралған тіл. Үндіеуропа тілдерінің батыс герман тілдеріне жатады. Ағылшын тілі құрылымы жағынан флективті. Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия, Жаңа Зеландияның мемлекеттік тілі болып табылады. Канадада (француз тілімен қатар), Ирландияда (ирланд тілімен қатар) мемлекеттік қос тілдің бірі. БҰҰ-да қабылданған ресми алты тілдің негізгісі. Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазір 400 млн-нан астам адам сөйлейді. Қазақстанда да 20 ғасырдың 50-жылдарынан бастап Абылай хан атында. Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері ун-тінде, өзге де жоғары және орта оқу орындарында Ағылшын тілі оқытылып мамандар дайындалды. Жеке пән түрінде мектеп бағдарламаларына енгізілді. Ағылшын тілінің түп-төркіні 5-6 ғ-да құрлықтан Британ аралына қоныс аударған англ, сакс, ют тайпалары мен аралдағы байырғы кельт (бриттер) тайпаларының тілі болып саналады. Ағылшын тілінің даму тарихы ежелгі ағылшындық (7-11 ғ.), орта (12-15 ғ.) және жаңа (15 ғ-дан бері) дәуір болып үш кезеңге бөлінеді. А.т-дегі жазба ескерткіштер 7-8 ғ-дан белгілі. Ол уақытта ағылшындар руна жазуын пайдаланып, тасқа, ағашқа, сүйекке ойып жазған. 6-7 ғ-да ағылшындар арасында христиан дінінің таралуына байланысты руна жазуы қолданыстан шығып, латын әліпбиі қолданыла бастады. Ағылшындар латын әліпбиін ілгері дамытып, оған W, J және V әріптерін қосты. 1066 ж. Англияны нормандар басып алды да, мемл. тіл — француз тілі болып, Ағылшын тілі қарапайым халықтың сөйлеу тілі есебінде сақталды. 1476 ж. Англияда ағылшын тілінде кітап басып шығару басталды. Бұл жағдай Лондон диалектісі негізінде ағылшынның жазба әдеби тілін қалыптастырды.

Ағылшын тілі британдық және американдық болып екі түрге бөлінеді. Британдық Ағылшын тілі өз ішінде шотландиялық, солтүстік, батыс, шығыс, оңтүстік диалектілерге жіктеледі. 7-11 ғ-да англо-саксон тілінде 4 диалект болған: нартумбриялық, мерсиялық, уэссек және кент.

Ағылшын тілінің басты ерекшеліктері: а) фонетика жүйесінде дыбыстарының көпшілігі біресе созылыңқы, біресе қысқа айтылады. Осыған орай, Ағылшын тілінде сөз мағынасы бірсыдырғы өзгеріске түсуі мүмкін; б) морфол. саласындағы өзгешелік: сын есім мен сан есімнің барлық жалғаулары, яғни септіктері, сондай-ақ, зат есім мен етістік аффикстерінің көбі бұл күнде тарихи өзгерістерге түскен. Соған орай, Ағылшын тілінде сөз бен сөзді байланыстыратын предлогтар, артикльдер, сондай-ақ көмекші етістік сияқты жаңа тұлғалар, формалар (морфемалар) пайда болған. Ағылшын тілінің жазу ережелері мен сөздердің айтылуында айырмашылықтар бар. Орфографиялық ережелер бойынша бұрынғы және қазіргі ағылшын тіліндегі дыбыстардың өзгерістері жазуда қатаң сақталады.

.

Белгтер

Белгтер ( лат. Belgae) —б.з.д 300 жылдары Солтүстік Галлия мен Британияның шығыс жағалауларын мекендеген кельт тайпасы. Белгілі белг тайпалары: белловактар, суессиондар (свессиондар), ремдер, амбиандар, атребаттар, мориндар, менапилер (менапийліктер), нервийліктер, адуатуктар, эбурондар және треверлер. Белгтердің басты елді-мекені ремдердің Дуроцерторумы болды (олардың атауынан қазіргі Реймс қаласының атауы шығады).

Б.з.д 58 жылы Галлия белгтерін Юлий Цезарь бағындырды. Кейін 16 жылдан белгтердің жері империяның қиырында орналасып, оңтүстік-шығыс бөлігі римдік Белгика провинциясына кіріп, орталығы Трир (кейін Белгика II) болды. Ал солтүстік-шығыс бөлігі 89 жылы құрылған Төменгі Германия провинциясына кірді.

Бірінші ғасырдың ортасында римдіктер Британияда мекендеген барлық кельт тайпаларын бағындырды. Оның ішінде белгтер де бар еді.

V ғасырда Белгиканы франктер басып алғаннан соң белгтер жойылып немесе олармен араласып кетті. Бұл аймақты кейін герман тайпалары — франктар, біршама фриздар мен сакстар қоныстанды да бұрынғы Солтүстік Белгика тұрғындары белг-римдіктерді германдады. Нәтижесінде олар фламанд халықтарына айналды. Ал Оңтүстік Белгикадағы белг-римдіктердің герман тайпаларымен араласуы аз болып, олар валлон халықтарына айналды.

Белловакилер

Белловакилер (Bellovaci) — Сомма, Сена және Уаза өзендері аралығын мекендеген белг тайпалары. Оларды басты қалалары Братуспантиум (Bratuspantium) мен Цезаромагус (қазіргі Бове) болды.

Белловактар римдіктреге б.з.д. 52 жылы, тіпті Цезардің Галлияданшегінуі кезінде де қатты қарсылық көрсетеді. Оларды тек б.з.д. 46 жылы Брут қана бағындыра алды.

Белловакилер қаһарман тайпа болып саналды. Верцингеториг жалпы галльдық құрылтай ұйымдастырып, әр тайпаға белгілі бір мөлшерде әскер шығаратыны туралы хабарлағанда, белловакилер ешкімге бағынбайтынын, римдіктермен өздері-ақ шайқасатындары туралы айтқан. Шынындада олар көтеріліске қатыспаған тайпалардың ең қауіптісі болып саналған.

Битуригтер

Битуригтер (Bituriges) — Аквитанияны мекендеген кельт тайпасы. Басты қалалары Аварик (Avaricum) болған, қазіргі Бурж (Bourges). Битуригтер өзінше өмір сүретін екі тайпаға бөлінген — Битуригтер-кубтар (Bituriges Cubi) және Битуригтер-вибиски (Bituruges Vibisci).

Битуригтер-куб деп Луараның орта ағысын, өздерінің басты қалалары Аварик маңайын мекендеген битуригтерді атаған. Аварикті Цезарь б.з.д. 52 жылы жаулап алды.

Битуригтер-вибис Гароннаның төменгі ағысы мен Жиронданы мекендеген битуригтерді айтады. Битуригтер-вибисктердің орталығы портты қала Бурдигала болды, қазіргі Бордо.

Битуригтер Цезарьдың Аварикті басып алуы кезінде орасан зор зардаптар шекті. Империя кезінде бұл батыл тайпаның рекруттарынан екі когорта (әскер, отряд) құрылды.

Бойлер

Бойилер (Boii) — кельт тайпаларының тобы.

Олардың көбісі б.з.д. V—VI ғғ. лингондармен бірігіп, Цизальпілік Галлияға басып кіреген. По өзенінен өтіп, Аппениннің етегіндегі жазыққа орнығып, бұл жерде тұрған этрусктер мен умбрларды ығыстырған, этрусктердің Фельсина қаласының атын Бононияға (қазір Болонья) өзгеткен.

Бойлер римдіктерге қарсы б.з.д. 283—282 жылдары этрусктермен, ал б.з.д. 238—224 жылдары кельттердің жағында соғысқан. Б.з.д. 58 жылы Бирбакттағы шайқаста Гай Юлий Цезарь басқарған римдіктерден талқандалды, бұл шайқасқа баржоғы 32 000 бой қатысқан және қарсыластары олардан бірнеше есе көп болған. Олардың ерліктерін ескерген Цезардың жарлығымен олар эдуй тайпасына қабылданып, солардың жерлерін мекендеген (қазіргі Бургони мен Ниверне). . Ал Богемияда қалғанадары (қазіргі Чехия, (Boiohaemum) деп аталған) — «бойлардың ана мекені», Тиса өзеніне дейін иеліктерін кеңейтіп, бірақ дактар оларды Дунайдың оң жағалауына ығыстырып, бойлар Паннонияға орнықты (қазіргі батыс Венгрия, шығыс Австрия және Словения мен Сербия.

Бойлар туралы мәліметтер римдік тарих беттерінен Чехияны б.з.д. 1 ғасырда маркомандар басып алғаннан кейін жоғалды.

Бретон

Бретон - Францияда Бретан түбегінің батыс аймақтарында тұратын халық. Жалпы саны 1,1 млн ада шамасында (1967). Бретон тілі негізінен шаруалар мен теңізшілердің күнделікті сөйлеу тілінде сақталған. Мектептер мен әкімшілік орындарында, мәдениет салсында француз тілі қолданылады. Діні-католицизм. Бретон - 5-6 ғасырларда Бретон аралдарынан қоныс аударып келген кельттердің Бриттер тайпасының және романданған жергілікті кельттердің ұрпағы. Негізгі кәсібі - балық аулау, устрица кәсіпшілігі кеме жүргізу, ауыл шаруашылығы.

Веттондар

Веттондар — рим жаулап алуына дейін Иберия түбегінде өмір сүрген тайпалардың бірі. Шығу тегіне байланысты кельттер немесе лузитандармен туыстас тайпалар . Веттондар Иберий түбегінің орталық биік таулы өлкесінің солтүстік-батысын мекендеген. Қазір онда Испанияның Авила мен Саламанка провинциялары Самора, Толедо, Касерес провинцияларының бір бөлігі мен Португалиямен шекаралас аймақтар орналасқан.

Археологилық түрде Коготас II мәдениеті немес Верраскос (Веррако) мәдениеті ретінде белгілі.

Веттондардың танымал ескерткіштеріне веррако — жануарларды сипаттайтын тас мүсіндер жатады. Веррако кальва ойыны үшін пайланылған болуы мүмкін.

Вотадиндер

Вотадины (Wotādīnī, Votādīnī) — темір дәуірінде қазіргі оңт-батыс Шотландия мен солт-батыс Англияны мекендеген кельт тайпалары.

II ғасырда вотадиндер Ежелгі Рим провинциясы Рим Британиясында өмір сүрді. Негізгі елді-мекені тасты-жарлы Трапрайн-Лоуда (қазіргі Шығыс Лотиан аймағында, Хаддингтон қаласынан 6 км жер) болды деп топшыланады, кейін V ғасырда астаналары 32,2 км шығысқа қарай жердегі Дин-Эйдин көшірілген. Нәтижесінде сол елді-мекен Эдинбург қаласына дейін өскен.

Вотадиндердің ұрпақтары ежелгі Гододин корольдігінің негізін қалады.

Думнонилер

Думнонилер (Dumnonii немесе Dumnones) — Британияның қиыр оңт-батысын мекендеген ежелгі британ кельт тайпасы. Олар шығысында Дуротригтермен (Durotriges) шектескен. Басты қаласы— Isca Dumnoniorum (Эксетер).

Дуротригтер

Дуротригтер — Британия аумағын мекендеген ежелгі кельт тайпасы. Дуротригтер қазіргі Дорсет, оңтүстік Сомерсет пен Уилтшир, сонымен қатар шығыс Девонды мекендеген. Рим басқыншылығынан кейінгі негізгі қалалары астанасы болып табылған Дурноварий (қазіргі Дорчестер) қаласы мен Линдинис (қазіргі Илчестер) болған. Дуротригтер иелігі батыста Думнонилермен, ал шығыста—Белгтер жерімен шектескен.

Дуротригтер ұсақ тайпалар конфедерациясынан үлкен болған. Римдіктер келерге дейін де олар монеталар соғып, ірі қалалар маңайында егіншілікпен айналысқан.

Дуротригтердің өмір сүрген жерлері олардың соққан монеталарының көмегімен анықталған: бірнешеуі Эйвон өзені мен оның Вайлиге құяр жерлерінде табылды. Негізгі сауда-саттық жолдары б.з.д. Ла-Манш арқылы өткен.

Дуротригтерге ридіктер б.з. 43 жылы басып кіреді, Светоний өзінің «Жиырма патшаның ғұмыры» шығармасында Веспасиан бастаған II Август легионы мен дуротригтер арасында болған шайқас туралы айтып өтеді. 70 жылдары тайпа романизацияланып, Римдік Британия құрамына кірді. Бұл аймақта римдіктер карьерлерді игеру мен керамика дайындаумен айналысты.

Йорк (Англия)

Йорк(лат. Eboracum, Eburacum, Eburaci) –Англияның маңызды қалаларының бірі. Салтанатты Солтүстік Йоркшир графствосының Оңтүстік-шығыс бөлігіндегі «сити» мәртебесі бар біртекті әкімшілік бірлік және басты қала. Қалада Йорк провинциясының архиепископ резиденциясы орналасқан.

Қалада кымбат тарихи және мәдениетті мирас бар. Көп уақыт оның аясында Ағылшын Патшалығының бүкіл тарихына әсер қалдырған маңызды саяси оқиғалар дамыды.

Туризм де қалалық табыстың маңызды бөлімі болып табылады. Йорк байтақ тарихи және архитектуралық ескерткіштермен танымал. Ең танымалысы Йорктық кафедралық собор. Йорктық атойнақ және «Йорк Сити» футболдық командасының үй стадионы-стадион Кит-Кат-Кресент қаланың басты спорттық ғимараттары болып табылады. Уз өзенінде өзен серуендеуімен қоса спорттық жарыстар болуы мүмкін.

Карнуттар

Карнуттар (лат. carnuti, carnutes) — Орталық Галлияны мекендеген кельт тайпасы. Луара жағалауын, Шер (өзен) мен Эра өзендері аралығын мекендеген.

Басты қалалары Аутрикум (Autricum) болған, ол V ғасырда Карнутум (Carnutum деп аталса, қазір Шартр). Басқа маңызды қалаларынан Кенабум (Ценабум, Cenabum, немесе Genabum, Орлеан) белгілі.

Карнуттарда басқа галль тайпаларына қарағанда друидтер жиналып, құрбандықтар шалатын киелі ормандар ұзақ сақталған. Б.з.д. 57 жылы Цезарь өзінің легиондарын карнуттардың жеріне қыстатып, оларға бір кельт патшасының ұрпағы Тасгецийді патша етіп сайлайды. Өзінің ер рухтарымен, еркіндікке ұмтылыстарымен ерекшеленетін карнуттар оны үш жылдан соң тағынан тайдырып, өлтіріп тастайды.

Цезарь екі жыл бойы өздерінің тәуелсіздіктері үшін күрескен карнуттардың көтерілістерін басып тастайды. 12 мың карнут Верцингеторикстің көтерілісіне қатысып, ,Алезия алынған соң қаруларын тастамағандары үшін бір бөлігі талқандалып, бір бөлігі бағындырылады. Август кезінде карнуттар облысына өзін-өзі басқару құқығы («civitas socia sive foederata») беріледі. 275 жылы император Аврелиан Ценабум қаласын жаңадан қайта салып және үлкейтіп, Аврелианум (Aurelianum) атын береді.

Кельт тайпаларының тізімі

Кельт тайпаларының тізімі

Лох-Ломонд

Лох-Ломонд(ағыл. Loch Lomond, шотл. Loch Laomainn) — Стерлинг, Аргайл-энд-Бьют пен Уэст-Данбартоншир әкімшілік аудандарындағы Шотландия көлі (лох). Айна ауданы бойынша (71 км²) Лох-Ломонд Шотландия көлдерінің арасында бірінші орынды, судың көлемі (2,6 км³) жағынан Лох-Несстен кейінгі екінші орынды алады. Су жинау алаңы 696 км². Теңіз деңгейінен биіктігі - 7,6 м.

Суессетандар

Суессетандар (лат. Suessetani) — римдіктерге дейін Тарракондық Испанияны мекендеген ежелгі кельт тайпасы. Олар Тит Ливиде кездеседі. Олар белг тайпасы—свессондармен жақын болуы мүмкін. Суессетандар орталық Арагонаны (қазіргі Сарагос провинциясының Синко-Вильяс ауданы) мекендеген. Солтүстігінде седетандар, шығысында васкондар және оңтүстігінде якетандармен шектескен, олармен жауласып отырған. Шығыс шекарасы Гальего өзенімен шектелген. Орталықтары—Corbio қаласы болған.

Суессетандар Ибери түбегіне б.з.д VII ғасырда кельттердің көші кезінде келген. Оның алдында мұнда васкондар мекен еткен. Б.з.д II ғасырда суессетандарды Рим бағындырып, бірақ олар көтеріліске шыққан. Ал б.з.д 184 жылы Corbio қаласы римдіктермен қоршалып, басып алынып, қиратылған.

Тарбеллдер

Тарбелдер — галл тайпаларының ішіндегі ірі тайпалардың бірі. Аквитанияда, Адур мен Пиреней өзендерінің арасын мекендеген. Кантабрлар тайпалар одағының құрамына кірген. Тарбелдер барлық аквитандықтар секілді баск тілінің архаикалық формасында сөйлеген. Рим империясының кезінде тарбелдердің жері Novempopulania деп аталған провинцияның құрамында болған.

Шотланд (кельттік) тілі

Шотландтық, гэльттік немесе (ескіше) гаэльттік тіл (өзіндік аты. Gàidhlig; ағыл. Gaelic, немесе Scottish Gaelic) — кельттік тілдердің гойделдік тармақтарының бірі, осы тілдің тасушылары кельттік халық (гэлдер) дәстүр бойынша Шотландияның таулы аймақтарында және Гебрид аралдарында өмір сүрді. Шотландияда тасушылардың саны 58 652 адам (2001 ж. санақ) және 500—1000 Канадада (провинция Жаңа Шотландия, көбінесе Кейп-Бретон аралында). АҚШ-та, Аустралияда, Жаңа Зеландияда, Оңтүстік Африка Республикасында тілдің тасушылардың кішігірім тобы бар. Әлемде сөйлейтіндердің жалпы саны әрең дегенде алпыс мыңнан асады.

Неміс тілдер тобындағы тіл - ағылшын тіліне жақын және Шотландия даласында таралған скотс тілімен шатастыруға болмайды.

Ұлыбритания

Ұлыбритания (ағылш. Great Britain), толық атауы Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі (ағылш. United Kingdom of Great Britain and Northern Ireland) — Еуропаның солтүстік-батысында, Британ аралдарында (ең ірісі — Ұлыбритания), Ирландия аралының солтүстік-шығыс бөлігі мен ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Құрлықтан Ла-Манш (Ағылшын каналы) және Па-де-Кале (Дувр) бұғаздары арқылы бөлінген. Аумағы 244, 11 мың км². Халқы 62,6 млн. (2004), астанасы — Лондон (7 млн.). Халқының 80%-ына жуығы ағылшындар, 15%-ы шотландтықтар, уэльстіктер (валлиялықтар) мен ирландықтар, 5%-ға жуығын Британ Достастығы елдерінен келген иммигранттар құрайды. Ағылшындар англикан мемлекеттік шіркеуі нанымдарын ұстанса, шотландтықтардың басым бөлігі — пресвитериандар, ирландықтар, негізінен католиктер, қалғандары ислам, т.б. діндерді ұстанады. Ұлыбританияда халықтың 89,4%-ы қалаларда тұрады.

 

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.