Бразилия

Бразилия (толық ресми атауы — Бразилия Федеративті Республикасы, порт. República Federativa do Brasil, тыңдау ) — Оңтүстік Америка құрлығының шығыс және орталық бөліктерін алып жатқан мемлекет. Жері – 8,5 млн. км². Халқы 189 млн. адам (2007). Халқының этникалық құрамы: ақ нәсілдер – 54,7%, зәңгілер – 5,89%, мулаттар – 38,45%. Бұған қоса 3 млн-нан астам иммигранттар (жапон, италиялық, неміс, араб, француз, т.б.) тұрады. Астанасы – Бразилиа. Мемлекеттік тілі – португал тілі. Халқының көпшілігі христиан дінін ұстанады. Ұлттық мейрамы – жетінші қыркүйектегі Тәуелсіздік күні.

Бразилия.jpeg
Бразилиядағы Христос статуясы
Бразилия Федеративті Республикасы
порт. República Federativa do Brasil
Flag of Brazil Coat of arms of Brazil
Байрақ Елтаңба
Ұран: «порт. Ordem e Progresso
(«Тәртіп пен прогресс»)»
Әнұран: «Hino Nacional Brasileiro» (тыңдау )
BRA orthographic
Тарихы
Тәуелсіздік күні 7 қыркүйек 1822 жыл (Португалия, Бразилия және Алгарве Құрама патшалағынан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілі бразилия португал тілі
Елорда Brasão do Distrito Federal (Brasil).svg Бразилиа
Ірі қалалары Сан-Паулу, Рио-де-Жанейро, Салвадор, Бразилиа, Форталеза, Белу-Оризонти, Ресифи
Үкімет түрі Федеративті президенттік республика
Президенті
Вице-президенті
Жаир Болсонару
Амилтон Моуран
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 5-ші орын
8 515 767 км²
0,65
Жұрты
• Сарап (2019)
Тығыздығы

210 147 125[1] адам (6-шы)
25 адам/км² (200-ші)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

3,524 трлн.[2] $ (8-ші)
16,727[2] $ (81-ші)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

1,929 трлн.[2] $ (9-шы)
9,159[2] $ (65-ші)
АДИ (2017) 0,759[3] (жоғары) (79-шы)
Этнохороним бразилиялықтар
Валютасы Бразилия реалы BRL, код 986
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .br
ISO коды BR
ХОК коды BRA
Телефон коды +55
Уақыт белдеулері UTC-5 ... UTC-2

Мемлекеттік құрылымы

Бразилия – президенттік федеративті республика. Елдің басшысы, Қарулы Күштердің бас қолбасшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – Ұлтық Конгресс федералдық сенат және депутаттар палатасынан тұрады. Әкімшілік жағынан жиырма бес штатқа, бір федералдық (астаналық) округке бөлінеді. Губернатор билейтін әрбір штат өз конституциясын ұстанады.

Атауының шығу тегі

Кейбір деректер бойынша Бразиль атауы Бразилияда өсетін ағаштың атынан шыққан деп есептелді. Бұл ағаш Еуропаға ХIIғ. бояу, жиҺаз және музыкалық аспаптарды дайындау үшін апарылған. Ағашты пау – бразиль деп аталған ( порт. бразиль ағашы). Басқа деректерде Ирландиялық мифтер бойынша Атлант мұхитында жатқан аралдардың барлығын бразиль деп атаған ( мысалы, Хай-Бразил, немесе О’Бразил)

Климаты

Бразилия жері экваторлық (солтүстік бөлігі), субэкваторлық, тропиктік (орталық және оңтүстік бөлігі), субтропиктік (қиыр оңтүстік-шығыс) ендіктерде орналасқан. Жерінің көбін Бразилия таулы үстірті алып жатыр. Климаты негізінен ыстық, жауын-шашын мөлшері әр түрлі. Батыс жағы ылғалды экваторлық, шығыс жағы қуаң экваторлық ендікте. Суы мол, энергия көзіне бай өзендер көп, ішіндегі ірілері: Амазона, Сан-Франсиску, Парнамба, Парана. Ниобий, уран, торий кендері бар. Одан басқа темір, марганец, мыс, мұнай, газ, көмір қорлары мол кездеседі.

Ішкі сулары

Өзендер көп. Бразиль қыратының оңтүстігі Уругвай мен Парана өзендері, шығысы Сан-Франсиску бассейніне жатады, солтүстік шығысында Атлант мұхитына құятын ұзын емес өзендер орналасқан (мысалы Парниаба). Парана өзенінің қасында Игуаса сарқ. орналасқан.

Тарихы

Бразилия жеріне адам неолит дәуірінде қоныстанған. 16 ғасырдың басына дейін Бразилия жерін тупи-гуарани, тупинамбас, ботокуд тамойос, короадос, т.б. үндіс тайпалары мекендеген. Олар аңшылықпен, балық аулаумен, жер өңдеумен шұғылданып, темекі, какао, т.б. дақылдар өсірді. 1500 жылы Бразилия жағалауына португалдық теңізші Педру Кабрал келіп түсті де, өзі тапқан жерді Португалия иелігі деп жариялады. Ол паубразил атты құнды қызыл ағашты Бразилиядан Португалияға тасыды; елдің аты да осы ағаштың атынан шыққан. 1549 жылы генерал-губернаторлық құрылып, астанасы Баия (Салвадор) қаласы болды. 1517 жылдан құлдар әкеліне бастады да, құл еңбегінің нәтижесінде ірі жер иеліктері пайда болып, онда қант қамысы, мақта, күріш, жүгері өсірілді. Кейіннен алтын мен алмас шығарылуына байланысты Бразилия Португалияның ең бай отарына айналды. 1763 жылы астана Баиядан Рио-де-Жанейроға көшірілді. 1815 жылы Бразилияға корольдік статус беріліп, «Португалия, Бразилия және Алгарва біріккен корольдігінің» құрамдас бөлігіне айналды. 1822 жылы қаңтарда Бразилияның тәуелсіздігі жарияланды. 1824 жылдың наурыз айында елдің тұңғыш конституциясы қабылданып, конституциялы монархия орнады. Келесі жылы Португалия Бразилияның тәуелсіздігін мойындады. 1850 жылы елге құл әкелуге тыйым салынып, 1888 жылы құл иелену мүлде жойылды. 1-дүниежүзілік соғыста Ұлыбритания және АҚШ-тың қысымымен Бразилия Германияға соғыс жариялап, 1918 жылы Еуропаға бірнеше әскери бригадаларын жіберді. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде Бразилияда АҚШ-тың ықпалы күшейеді де, 1942 жылы тамызда Германия және Италияға, 1945 жылы маусымда Жапонияға қарсы соғыс жариялады. 1944 жылы елу мыңдық әскери корпусын Италия майданына жіберді. 1950 – 60 жылдары Бразилия аграрлы елден аграрлы-индустриялы елге айналды. Сан-Паулу, Рио-де-Жанейро, Ресифи, т.б. өнеркәсіп орталықтары өсіп, аграрлық, финанс, оқу реформалары жүргізілді. 1960 жылы жиырма бірінші сәуірде ел астанасы Бразилиа қаласына көшті. Бұдан кейін жиырма жылдай (1964 – 85) елді әскери генералдар басқарды. Бразилия экономикалық күш қуаты жағынан дүние жүзінде сегізінші орын алады. Бразилия Латин Америкасы елдері ішінде шешуші рөл атқарады. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ (22%), Батыс Еуропа елдері, Латин Америкасы елдері, Азия елдері. Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы орнатылған.

Жануарлар әлемі

Бразилияда басқа мемлекеттерге қарағанда, омыртқалылар мен омыртқасыздардың көп түрі бар деп есептелінеді. Маймылдардың 77 түрі, тұщы су балықтарының 3000 түрі бар. Бразилия дүние жүзінде қосмекенділерден 2-ші, құстардан 3-ші және бауырмен жорғалауыштардан 5-ші орында тұр.

Бразилия және ел тұрғындары туралы ең қызықты мәліметтер

Дәстүр бойынша, Бразилияда ешкім ешқашан уақытында келмейді. Бұл жағынан қазақтарға ұқсас екен. Мәселен, қонақтарды сағат беске шақырған болсаңыз, 7-8-ге күтсеңіз болады. Бұл әдет тек қонақтарға қатысты емес, Бразилияда сериалдар мен жаңалықтар 15 минут кешігіп басталады.

Бразилиялықтар қолма-қол ақшаны пайдаланбайды, есепті кредиттік карталармен төлейді. Нақты ақшамен төлеймін десеңіз, өте абай болуыңыз керек.

Сан-Паулудың тұрғындары үйден жұмысқа дейінгі жолға 3-4 сағат уақыт жұмсайды. Кептелісте осынша уақыт тұру олар үшін қалыпты жағдай.

Барлық бразилиялықтар Havaianas (Хаваянас) аталатын сүйретпе киіп жүруді ұнатады. Олар осы аяқ киіммен мейрамханаға да бара береді.

Бразилиядағы ең танымал сусындар: кока-кола және гуарана жидегінен жасалған газды сусын. Ал алкогольді сусындардан ең танымалы сыра мен кашасу (қантты қамыстан жасалған).

Дәстүр бойынша, бразилиялықтар өмірлеріне шағым айтпайды, тіпті көңіл-күйі нашар кездің өзінде "Қалың қалай?" (Tudo bem) деген сұраққа "Бәрі керемет" (Тudo) деген жауапты айтады.

Көп адам Бразилия көшелерінде маймылдар жүреді деп ойлайды. Шын мәнінде, бұл дұрыс емес, Бразилиядан ешқашан маймылды кездестіре алмайсыз.

Бразилияда көшеде жалғыз жүру өте қауіпті, әсіресе түнде тәуекелге баруға кеңес бермес едік. Күндіздің өзінде балалар көшеге жалғыз жіберілмейді.

Бразилияның басты мерекесі – Рождество. Жаңа жылға аса мән берілмейді.

Бразилиялықтардың бәрі қара денелі емес, оңтүстігінде көккөзді ақққұбалар да бар.

Сериал мен футбол ешқашан бірдей уақытта көрсетілмейді. Себебі, олар үшін екеуі де өте маңызды.

Супермаркеттегі тауарлардың бағасы өте қымбат болғандықтан, көпшілігі несиеге алады. Сондықтан тауар бағасының қасында несиеге шаққандағы бағасы да жазулы тұрады.

Бразилияда ағылшын тілінің маңызы жоқ. Бұл тілмен онда ештеңе бітіре алмайсыз.

Бразилия халқы өте отансүйгіш. Олардың сөрелерінде міндетті түрде ел туы бейнеленген футболкалар жатады.

Дереккөздер

  1. Projeções da População | Estatísticas | IBGE :: Instituto Brasileiro de Geografia e Estatística (pt-br). Тексерілді, 30 тамыз 2018.
  2. 2,0 2,1 2,2 2,3 Report for Selected Countries and Subjects. International Monetary Fund. Тексерілді, 1 қаңтар 2019.
  3. 2018 Human Development Report. United Nations Development Programme (2018). Тексерілді, 14 қыркүйек 2018.
12 қазан

Қазанның 12 — Григориан күнтізбесінде жылдың 285-ші күні (кібісе жылдарда 286-шы). Жылдың аяғына 80 күн қалады.

21 сәуір

Сәуірдің 21 — Григориан күнтізбесінде жылдың 111-ші күні (кібісе жылдарда 112-ші). Жылдың аяғына 254 күн қалады.

Аргентина

Аргентина (ис. Argentina), толық атауы Аргентина Республикасы (ис. República Argentina [reˈpuβlika aɾxenˈtina]) — Оңтүстік Америкада орналасқан мемлекет.

Баия

Баия (порт. Bahia) — Бразилияның 26 штатының бірі болып табылады, мемлекеттің шығысында орналасқан.

Халық саны бойынша Сан-Паулу, Минас-Жерайс және Рио-де-Жанейро штаттарынан кейінгі төртінші орынды иеленеді.

Ауданы бойынша - бесінші орында.

Әкімшілік орталығы - Сальвадор қаласы.

Штаттың атауын португал тілінен аударғанда, "мүйіс" деген мағынаны береді.

Бразилия Ұлттық футбол құрамасы

Футболдан Бразилия Ұлттық құрамасы (порт. Seleção Brasileira de Futebol) Бразилияны халықаралық матчтар мен футболдан турнирлерде ұсынады. Елдегі футбол ұйымының негізгі басқарушысы футболдан Бразилия конфедерациясының қол астында бақылауда болады. 1923 жылдан бастап ФИФА мүшесі болып келеді, сонымен қатар 1916 жылдан бастап КОНМЕБОЛ мүшесі болып табылады.

Бразилия әкімшілік бөлінісі

Бразилия — 26 штаттан (estados) және бір федералды (астаналы) аймақтан тұратын федерациялы мемлекет.

Венесуэла

Венесуэла, толық ресми атауы — Боливариан Венесуэла Республикасы (ис. República Bolivariana de Venezuela, МФА (исп.): [reˈpuβlika βoliβaˈɾjana ðe βeneˈswela]) — Оңтүстік Америкада орналасқан мемлекет. Жер аумағы – 912,0 мың км². Халқы – 28 миллион адам (2007). Астанасы – Каракас. Халқының ұлттық құрамы: 69%-ы метистер, 20%-ы ақ нәсілділер, 9%-ы зәңгілер, 2%-ы үндістер. Ресми тілі – испан тілі. Тұрғындарының басым көпшілігі – католикте

Минас-Жерайс

Ми́нас-Жера́йс (порт. Minas Gerais) — Бразилияның шығысында орналасқан штат.

Шектесіп отырған штаттар: солтүстігінде Баия, шығысында Эспириту-Санту мен Рио-де-Жанейро, оңтүстігінде Сан-Паулу , батысында Мату-Гросу-ду-Сул мен Гояс; солтүстік – шығыстағы Федералдық бөліммен шағын шекараны құрайды. Әкімшілік орталығы — Белу-Оризонти қаласы.

Минас-Жерайс — Бразилия тұрғындары жағынан екінші орында және алып жатқан аумағы жағынан төртінші орында тұрған штат.

Штаттың атын португал тілінен аударғанда «Басты кен» деген мағынаны береді.

Параиба

Параи́ба (порт. Paraíba) — Бразилияның шығысында орналасқан штат. Солтүстікте Риу-Гранди-ду-Норти штатымен, батыста Сеара, оңтүстікте Пернамбуку штатымен шекаралады. Шығысын Атлант мұхиты шайып өтеді.

Әкімшілік орталығы — Жуан-Песоа қаласы.

Параиба- Бразилияның ең шығыс штаты, ал Жуан-Песоадағы Кабу-Бранку тек Бразилияның емес, сонымен қатар, Оңтүстік Американың ең шығыс нүктесі болып табылады.

Ауданы — 56439,838 км²

Халық саны — 3 млн 769.9 тыс. чел. (2009)

Пиауи

Пиауи (порт. Piauí) — Бразилияның солтүстік-шығысында орналақан штат. Мараньян және Токантинс штаттарымен батыста, Баия штатымен оңтүстікте, ал Сеара және Пернамбуку штаттырымен шығыста шекаралады. Штаттың солтүстігін Атлант мұхиты шайып өтеді.

Әкімшілік орталығы - Терезина қаласы.

Халық саны - 3 118 360.

Ауданы - 251576.6 км² (Бразилия бойынша 11 орында)

Тығыздығы жөнінен Бразилияда 18 орында - 12,40 адам./км²

Португал тілі

Португал тілі (порт. língua portuguesa) — Үндіеуропа тілдері шоғырының роман тобына жататын тіл.

Риу-Гранди-ду-Сул

Риу-Гранди-ду-Сул (порт. Rio Grande do Sul) — Бразилияның оңтүстік штаты.. Әкімшілік орталығы – Порту-Алегри қаласы. Солтүстігінде Санта-Катарина штатымен, оңтүстігінде – Уругваймен, шығысында Уругвай өзені арқылы – Аргентинамен шектесіп жатыр.

Риу-Гранди-ду-Сул Бразилия тарихында маңызды рөл атқарды. Дәл осы штат ел тарихындағы ұзаққа созылған Фарропиль революциясы азамат соғысының негізгі алаңы болады. Штат тұрғындарының басым бөлігін Португалия және Италиядан келген қоныстанушылар, ал қалған бөлігін – Испания, Франция, Германия және тағы да басқа ел халықтары құрайды.

Сан-Паулу

Сан-Паулу (порт. São Paulo) — Бразилиядағы қала. Әлемдегі үшінші ірі мегаполис, Латын Америкасындағы ең ірі қала, шүбәсіз биік мұнаралы ғимараттары бойынша бірінші қала. Халық саны — 7 216,3 млн. 1554 жылы негізі қаланған елді мекен бүгінгі күні кофе астанасы атанған.

Сан Паулу көп ұлтты қала, мұнда араб, жапон, италиандық кварталдар бар.

Сеара

Сеара (порт. Ceará) — Бразилияның солтүстік-шығысында орналасқан штат.

Әкімшілік орталығы — Форталеза қаласы.

Ауданы — 148 920,5 км².

Штат 7 мезорегион және 33 микрорегионға бөлінген.

Сеара штатында 184 муниципалитет бар.

Экономикасы ауыл шаруашылығына негізделген. Онда банандар, қант құрағы, маниок, жүгері, үрме бұршақ, кофе, және темекі өсіреді.

Уругвай

Уругвай (ис. Uruguay), Шығыс Уругвай Республикасы (ис. República Oriental del Uruguay [reˈpuβlika oɾjenˈtal del uɾuˈɣwai]) — Оңтүстік Америкадағы мемлекет.

Футболдан әлем чемпионаты

Футболдан әлем чемпионаты (немесе Футболдан Әлем Кубогы, ФИФА әлем чемпионаты деп те атайды), ресми атауы ФИФА Әлем Кубогы (ағылш. FIFA World Cup) - футболдан халықаралық жарысы. Әлем Чемпионаты ФИФАның ұйымдастыруымен өткізіледі, және оған ФИФАға мүше барлық ерлер құрама командалары қатыса алады.

Финалдық турнирлер 4 жылда 1 рет болады. Бірақ іріктеу турнирлерін қосқан 3 жылға дейін созылады. 2010 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне барлығы 204 құрама қатысты. 4 жыл сайын өтетеін әлем чемпионатының финалдық турниріне барлығы 32 (31 құрама іріктеу кезеңінен жолдама алады, 1 құрама чемпиоантты өткізуші ел бірден жолдама алады; 2006 жылғы әлем чемпионатына дейін чемпион атанған команда келесі чемпионатқа бірден жолдама алатын еді, 2006 жылдан бастап чемпионда іріктеу кезеңіне қатысады) құрама қатысады. Әлем чемпионатын өткізуші ел алдын ала белгіленіп қояды.

Әлем чемпионатының финалдық турнирлері 1930 (1942 мен 1946 жылдары екінші дүниежүзілік соғыстың салдарынан өткізілген жоқ) жылдан бері өткізіліп келеді. Жәнеде барлық спорт әлемінің көптеген жанкүйерлері асыға күтеді. Кейде ең көп жанкүйерлер жинайтын спорттық турнир - Олимпиада ойындарында көп жанкүйер жиналады.

Соңғы әлем чемпионаты 2014 жылы 12 маусым — 14 шілде аралығында Бразилияда өткізілді.

Чили

Чили (ис. Chile, ресми атауы — Чили Республикасы (ис. República de Chile [reˈpuβlika ðe ˈʧile])) — Оңтүстік Америкада орналасқан мемлекет.

Штат

Штат (латынша status – жай-күй‚ жағдай) – кәсіпорын (фирма‚ ұйым‚ бірлестік‚ мекеме) қызметкерлерінің тұрақты құрамы, лауазымдарының белгіленген тәртіппен бекітілген жиынтығы. Штат кестесі түрінде ресімделеді. Кәсіпорын басшысы бекітеді.Мемлекет басшысы әдетте халық сайлайтын немесе федералды мемлекеттің ажырамас бөлігі болып тағайындалатын немесе біртұтас мемлекеттің әкімшілік бірлігінің басшысы ретінде тағайындалған губернатор болып табылады.

Әрбір мемлекет парламенттің жоғарғы палатасында өкілдері бар, олардың саны заңмен анықталады - бұл мемлекеттің тұрғындарына (мысалы, Үндістан) тәуелді болуы мүмкін, немесе әр мемлекеттің парламенттегі өкілдерінің саны бірдей (мысалы, АҚШ, Бразилия).

 
Бразилия

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.