Батыс Еуропа

Еуропаның батысында орналасқан аймақ. Аумағы — 3,7 млн км². Халқы — шамамен 390 млн адам.

Western Europe map
Батыс Еуропа елдері ЮНЕСКО анықтамасы бойынша (2007 жыл)[1].

Батыс Еуропа елдері мен олардың астаналары

Батыс Еуропа елдері мен олардың астаналары:

Тағы қараңыз

Дереккөздер

  1. Official information sources on education: Western Europe (English). UNESCO. IBE.UNESCO.ORG (Oct 29, 2007). Басты дереккөзінен мұрағатталған 29 қазан 2007. Тексерілді, 18 сәуір 2009.  (ағыл.)
  2. БҰҰ ресми сайты http://unstats.un.org/unsd/methods/m49/m49regin.htm#europe
Англия

Англия (ағылш. England [ˈɪŋɡlənd]) — Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Патшалығының ең ірі және әкімшілік орны. Ұлыбритания аралында орналасқан (ағылш. mainland). Ұлыбританияның халқының 83 % Англияда тұрады.

927 жылы Англия бірнеше жергілікті графстволардың бірігу нәтижесінде пайда болды. Өз атын V-VI ғасырда құрылған англ деген герман тайпасынан алады. Ал Англия астанасы Лондон Еуроодақтағы ең үлкен қала болып саналады.

Англия — қазіргі көптеген жаһанды нәрселердің шыққан жері. Олардың ішінде ағылшын тілі, Англикан шіркеуі, Парламент негіздері. Ол Өндірістік революциясының отаны болып саналады.

Батыс Еуропа Одағы

Батыс Еуропа Одағы (БЕО) - Париж келісімінің (1954 жылы) шешімдеріне сәйкес 1955 жылы құрылған әскери-саяси одақ. Штаб-пәтері - Брюссельде (Бельгия). Құрамына Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Люксембург, Нидерланд, Грекия, Франция, ГФР, Испания, Португалия және үш мүдделес қосалқы (ассоциациялық) мүше - Түркия, Норвегия, Исландия, олардан басқа бақылаушы бес мемлекет - Ирландия, Дания, Австралия, Швеция, Финляндия енеді. Батыс Еуропа Одағы қызметі кеңесшілік сипатта. Оған мүше елдердің басым көпшілігі әрі НАТО әрі Еуропа одағының мүшелері. Батыс Еуропа Одағы космос ракеталарын жедел игеріп, жердің жасанды серіктерін жасау, одақ қарулы күштерін құрып, оны атом қаруымен жарақтандырып, НАТО қарулы күштерінің қарамағына беру саясатын жүргізді. 1984 жылдан бастап жылына екі рет Батыс Еуропа Одағына мүше елдер өкілдерінің кездесулері шақырылады. 1991 жылы желтоқсандағы Маастрихт декларациясы Еуропа одағымен Батыс Еуропа Одағы арақатынасын айқындаса, 1995 жылы мамырда Лиссабон кездесуінде одақтың қарулы күштері әлуетін көтеру мәселелері қарастырылған. Батыс Еуропа Одағының Бас органы - Кеңес, сессиясына сыртқы істер министрлері, қажет жағдайда қорғаныс министрлері де қатысады. Тұрақты кеңесте елшілер күнделікті жұмыспен айналысады. Бас секретариат одақтың барлық органдарының қызметін үйлестіреді.

Батыс еуропалық одақ (БЕО) - 1955 жылы қүрылған әскерисаяси үйым (1948 жылғы Батыстық Одақтың қайта қүрылуы нәтижесінде пайда болған).

Бейрут

Бейрут (ежелгі атауы Берута, Берит) — Ливан мемлекетінің астанасы, ежелгі тарихи қала. Жерорта теңізі жағалауында орналасқан. Тұрғыны 1,5 млн-нан астам (1990). Батыс Еуропа мен Таяу Шығыс елдерін байланыстырып тұрған аса ірі портты қала. Сауда, жеңіл өнеркәсіп, туризм жақсы дамыған. Қалада халықаралық әуежай, университеттер, ұлттық кітапхана, тарихи және өнер музейлері бар. Бейруттың іргесін б.з.б. ХVIII ғасырда (кейбір деректерде б.з.б. XV ғасыр) финикиялықтар қалаған. Кейін (б.з.б. III ғ. — б.з. IV ғ.) өз ақшаларын шығарған аса ірі сауда және қолөнер орталығына айналды. 635 жылдан бастап Араб халифатының құрамына кіріп, халқы мұсылман дінін қабылдады. Осы кезеңде Бейрут мұсылман өркениетінің ірі орталығына айналды. XII — XIII ғасырлар аралығында крестшілдер мен мұсылмандар арасындағы шайқас алаңына айналып, XIV — XV ғасырларда мәмлүктер билеген Мысыр сұлтандығына бағынды. 1516 — 18 жылдары Осман сұлтандығының құрамында болды. 1918 жылы қазан айында қаланы Антанта әскерлері басып алды. Бейрут 1920 — 43 жылдары Франция мандаттығымен құрылған “Ұлы Ливан мемлекетінің” (1926 жылдан Ливан республикасы), ал 1943 жылы тәуелсіз Ливан Республикасының астанасы болып жарияланды. 1975 жылы Ливанда мұсылмандар мен христиандар арасында қарулы жанжал шығып, 1978 жылы елдің оңтүстік бөлігін Израиль басып алды. 1983 жылы құрылған Ұлттық құтқару майданы мүшелерінің іс-қимылдары нәтижесінде әрі Араб Лигасы елдерінің араласуымен ұлттық татулыққа қол жеткізіліп, 1984 жылы 5 наурыздағы келісімге сәйкес Израиль әскерлері басып алған жерлерінен кері шегінді. Осы әскери қақтығыстар кезінде Бейрут үлкен бүліншілікке ұшырады. Бейрутте ежелгі және орта ғасырлардан қалған көптеген тарихи ескерткіштер сақталған. Олардың қатарында Джами әл-Омари мешіті (XIII ғ.) және Сарай мешіті (XVI ғ.), тағы басқа тарихи ғимараттар бар.

Бетон

Бетон, (французша: bton, лат. bіtumen — тау шайыры), құйматас — жасанды тас материал; байластырғыш заттар (цемент, гипс, алебастр, әктас, т.б.), су (кейде сусыз) және толтырғыш материалдар (құм, малтатас, қиыршықтас, т.б.), кейде арнайы үстеме заттар қоспасының қатаюы нәтижесінде алынады; маңызды құрылыс материалы. Қоспа қалыпқа құйылғанға дейін бетон қоспасы деп аталады.

Бетон құрамындағы байластырғыш түріне қарай: органикалық емес байластырғыштармен алынған бетон (цементті бетон, гипсбетон, силикатты бетон, т.б. арнайы бетондар) және органикалық байластырғыш заттармен алынған бетон (асфальтбетон, полимербетон) болып жіктеледі. Орташа тығыздығына (көлемі бойынша) байланысты аса ауыр (2500 кг/м3-ден жоғары), ауыр (1800 — 2500 кг/м3), жеңіл (1800 — 500 кг/м3), өте жеңіл (500 кг/м3-ден төмен) болып бөлінеді.

Қолдану түріне қарай құралымдық, құралымдық-жылу оқшаулағыш, жылу оқшаулағыш және арнайы жасалған бетондар (отқа төзімді, қышқылға төзімді, жолға төсеуге арналған, т.б.) болып ажыратылады.

Бетонның ең басты қасиеті оның беріктілігінде. Беріктілігі негізінен байластырғыш материалдардың түрі мен сапасына, бетонның орташа тығыздығына байланысты. Сондай-ақ, ол бетон бұйымдарының маркасымен (сығымға беріктілік шегімен, осьтік созылуымен немесе иілу кезіндегі созылуымен) сипатталады.

Бетонды алғаш рет ертедегі римдіктер күмбез, арка сияқты әсемдік-сәндік құрылыстарда пайдаланған. Рим империясының күйреуімен бетонды пайдалану тоқтап, тек 18 ғасырда Батыс Еуропа елдерінде қайта қолданылды. 20 ғасырдың 40-жылдарынан бастап құрылыстың қарқынды дамуына байланысты Қазақстанда бетон кеңінен пайдаланыла басталды. Қазіргі уақытта Теміртау мен Павлодарда кеуек бетон, Астана, Алматы, Семей, Шымкент, Атбасар қалаларында керамзит бетон, ал Теміртау қаласында отқа төзімді бетон өндіріледі.

Бетон технологиясы бойынша зерттеулер 20 ғасырдың 50-жылдары Қазақстанның Архитектура, құрылыс және құрылыс материалдары институтында (1965 жылдан Алматы құрылыс материалдары ғылыми-зерттеулер және жобалау институты) басталды.

Институтта бетонның суға төзімділігі зерттелді (А.И. Минас).

Бетон қоспасының қатаюын тездету, үстеме қоспалар қосудың әдістері табылды (Ө.А. Аяпов).

Жеңіл кеуек бетон түрлерін дала шпаты құмдарынан алу технологиясы жасалды (Қ.Қ. Қуатбаев, П.А. Ройзман).

Бетон алу жұмыстарында бетон құрамына өндіріс қалдықтарын (шлак, күл, т.б.) қосу арқылы олардың сапасын арттыруға болатындығы анықталды (Ө.А. Аяпов, т.б.). Қазір бетон жасау технологиясын жетілдіру және оның сапасы мен тиімділігін арттыру жөнінен көптеген ғылыми зерттеулер (Алматы, Қарағанды, Өскемен, Шымкент, т.б.) жүргізілуде.Бетон - гравийдің, қиыршықтастың, малтатастың, қиынды тастың цемент немесе басқадай тұткыр материал ертіндісімен араластырып жасаған, тез қатаятын қоспасы. Бетон түрлері:

тез қататын бетон;

су өткізбейтін бетон;

ауа өткізбейтін бетон;

беріктігі жоғары бетон;

жеңіл бетон; ауыр бетон;

кеуекті бетон.

Біріккен Ұлттар Ұйымы

Біріккен Ұлттар Ұйымы – екінші дү­ниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекет­тері­нің белсенділік таны­туымен құрылған халықаралық ұйым. 1945 жылы Сан-Францискодағы конференцияда антигитлерлік коалицияға мүше мемлекеттердің ұсынысымен күштерін біріктіру мақсатында кұрылған егеменді мемлекеттердің халықаралық ұйымы.Бас кеңсесі орналасуы — Нью-Йорк, АҚШ.

Ағымда БҰҰ құрамына 192 мемлекет кіреді.

«Біріккен Ұлттар» атауын АҚШ президенті Ф.Д.Рузвельт ұсынды. Декларациясы Сан-Францискода 1945ж. 24 қазанда қабылданды. Бұл БҰҰ-ң күні деп жарияланды.

Венеция

Венеция (итал. Venezia) — Италиядағы қала, Венето әкімшілік аймағына қарасты Венеция провинциясында орналасқан.

Қаланың тұрақты тұрғындарының саны 270 439 адамды құрайды (2009). Алып жатқан жер аумағы 412 км² шамасында. Пошта индексі — 30100.

Венециядай соңғы бес ғасырдан бері өзгермеген күйінде тұрған екінші шаһар жоқ. Расында мұнда бәрі дерлік бәз-баяғы қалпында сақталған. Мұнда ешнәрсе өзгере-де қоюы қиын. Мұнда бірнеше ғасырдан бері, қалада жаңа ғимарат салынбайды, салам десеңіз де рұхсат етілмейді, құрылыс жүргізетін алақандай жер жоқ.

Венеция – аралдарға салынған қала. Аралдардың ұзын саны –118. Осының өзі ерекшелік әрине. Бірақ Венецияның басты ерекшелігі де бұл емес. Ең таңқаларлығы – сол аралдардың көбінің қолдан жасалғандығында. Тереңдігі небәрі біржарым-екі метрлік қайраңнан тереңдігі бес метрге жететін каналдар қазып, сонан шыққан топырақтан аралдар жасаған. Адамдар құрлықтан мың–мыңдап ағаш тасып, кесілген ұзын ағаштың ұшын үшкірлеп алып су астындағы қопсыма топыраққа қада ретінде қаға берген. Венецияның барша ғимараты түгелдей дерлік қада ірге тасқа салынған дегенге сенесіз бе? Сену қиын. Сенбеске амалың жоқ. Мысалы бір ғана Санта-Мария Делла Салюта шіркеуінің ірге тасына 1500 қада қағылған екен.

Қазір Венецияны құрлық пен шағын бұғаздың үстінен тартылған 4 км жіңішке жол жалғастырып жатыр. Қала шетіне жетісімен автомобилден түсіп әрі қарай тек қайықпен жүзесің.,бұл қаладағы көліктің жалғыз түрі. «Көше деген, көк өзен» Венецияның көшесі –каналдары. Қалада 175 канал бар. Ең басты су жолы – үлкен арна. Бұл каналдың бойымен үлкенді кішілі автобустай катерлер белгіленген маршруттар бойынша жүзіп, аялдамаларға тоқтап, жолаушыларды тасымалдап жатады. Өздері оны су трамвайы дейді екен. Басқа каналдар мен тек қайықтар ғана жүзе алады. Венецияның ең ерекше экзотикасы да осы. Үлкен каналды бойлап келе жатқанда керемет бір музейдің залдарында қалқып жүргендей күй кешесіз. Каналдың екі жағында сұлу ғимараттар бірінен соң бірі жылжып қала береді. Олар Әулие Марияның шіркеуі, неміс сарайы, Калерджи сарайы, Грасси сарайы (жалпы қалада 400 астам сарай бар).

Венецияның басты кереметі, әрине Әулие Марк соборы, осы жерде Дождар сарайы да бар. Қала өміріндегі салтанаттың бәрі осы маңайда өтеді. Венецияда 318 мың адам тұрады. Қалада халықаралық аэропорт, білім және мәдениет орталығы, өнер академиясы, университет, әйнектен жасалған заттар музейі бар.

Венеция — Италияның солт.-шығысындағы қала, провинция орталығы, Венеция шығанағындағы ірі теңіз порты. 318 мың тұрғыны бар (1991). Қалада халықар. аэропорт орналасқан, түсті металлургия, мұнай өңдеу, химия, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығаратын кәсіпорындар, сонымен қатар Өнер академиясы, Адрия теңізін зерттеу институты, Галелерия академиясы, университет және әйнектен жасалған заттар музейі орналасқан. Қаланың іргесі б.з.б. 5 ғасырда қаланған. Орта ғасырларда өз алдына жеке қала — мемлекет болды. 9 — 16 ғасырлар аралығында Батыс Еуропа мен Шығыс елдерін жалғастырып тұрған негізгі сауда орталығына айналды. 1797 — 1805 және 1815 — 66 жылдары Австрия-Венгрия империясының құрамына кірді. 1866 жылдан бері Италия мемлекетінің құрамында. Венецияда орта ғасырларда салынған архитектуралық ескерткіштер көп (Сан-Марко соборы, Санта Мария де Мираколи шіркеуі, Сан-Джорджо Маджоре монастры, т.б.).

Еуразия

Еуразия — Жер шарындағы ең үлкен құрлық.

Ирландия

Басқа мағыналар үшін Ирландия (айрық) деген бетті қараңыз.

Ирландия (ирландша Éire; ағылш. Ireland), ресми атауы — Ирланд Республикасы (ирландша Poblacht na hÉireann; ағылш. Republic of Ireland) — Ирландия аралының көбін алып жатқан Батыс Еуропа мемлекеті. Ауданы — 70,2 мың км². Елдің аты ирландша Éire деген сөзден шыққан. Астанасы — Дублин.

Көлік

Көлік – материалдық өндірістің жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын аса маңызды саласы, экономиканың инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі.

Лимон

Лимон (лат. Citrus limon)— руталар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаш. Шыққан жері — Үндістан, Оңтүстік және Үнді Қытай аралдары. Біртіндеп Жерорта теңізі аймақтарына және Батыс Еуропа өңірлеріне жерсіндірілген. Жабайы түрі жоқ, қолдан өсіріледі. Биіктігі 3 — 7 м-ге жетеді. Бұтақтары тікенекті. Жапырағының жоғарғы ұшы үшкірленген, пішіні жұмыртқа тәрізді, шеттері ара тісті болып келеді. Өзіне тән эфир майының хош иісі бар. Гүлдері (6 — 8 күн) ашық ақ түсті. Жемісі ірі, салмағы 200 — 400 г, сопақшалау, сары түсті қалың қабықпен қапталған. Ішіндегі шырын жемісі 8 — 10 бөлікке бөлінген, сыртын жұқа ақ қабық жауып жатады. Шырынының дәмі қышқыл, құрамында 5 — 7,2% лимон қышқылы, 1,9 — 3% қант, 50 — 90 мг С витамині, темірге бай, эфир майы, кальций, калий, т.б. болады. 3 — 4-жылдары жеміс береді. Бір ағаштан 15 — 30 кг жеміс алынады. Лимонның жемісін шырын және Лимон қышқылын алуға пайдаланады. Ашық алқапта өсіріледі. Қарашірігі мол, кәрізделген топырақта жақсы өседі. Лимон жылу, жарық, ылғал сүйгіш, оны тұқымы, қалемшесі және өркендері арқылы көбейтеді. Өсу кезеңінде артық өскіндерін қиып, биіктеп кеткендерін қысқартып отырады; қара Цитрусті өсімдіктер.

Марксизм

Марксизм — 19 ғасырдың 40-жылдары Карл Маркс пен Фридрих Энгельс негізін қалаған философиялық, экономикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі. Марксизмнің теориялық қайнар көзі — классикалық неміс философиясы (Г. Гегель, Л. Фейербах), классикалық ағылшын саяси экономиясы (А. Смит және Д. Рикардо) және француз утопиялық социализм ілімі (Ш. Фурье, Р.Оуэн және Сен-Симон). Марксизмнің мақсаты, қоғамның негізгі қозғаушы күші ретінде жұмысшы табының маңызын теориялық негіздеу болды.Философия саласында марксизм табиғат, қоғам мен ойлау дамуының жалпы заңдарын (қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы, терістеуді терістеу заңы, т.б.), Гегельдің идеалистік философиясы ережелерін тұжырымдап, қоғамды, ең алдымен, экономиканы талдау кезінде қолданды. Марксизмнің түйінді идеялық қағидалары — қосымша құн және өндірісті қоғамдастыру түсініктеріне негізделген капитализмнің экономикалық жүйесін талдау, тарихи материализмнің философиялық жүйесі, соның ішінде пролетариаттың тарихи рөлі туралы қорытындылары 19 ғасырдың 2-жартысында жұмысшы қозғалысының негізгі идеологиясына айналды. Марксизм дүниені кең ауқымда қайта құрудың белгілі бір үлгісін қалыптастыруға бағытталды, жаппай әлеуметтік, рухани көзқарастар төңкерісі идеясын жариялады. Классикалық марксизм ымырасыздығымен, іске асатын жобасының зардаптары туралы мәселені шешудегі қаталдығымен ерекшеленді. Марксизм социалистік төңкеріс нәтижесінде пролетариат диктатурасын, екі кезеңнен (социализм мен коммунизм) тұратын коммунистік қоғам орнатуды мақсат етті. Марксизмдегі аш-қан қоғамдық-экономикалық формация теориясы бойынша жаңа өндіргіш күштер мен күні өткен өндірістік қатынастардың арасында жанжал шығып, әлеуметтік төңкеріске әкеледі. Нәтижесінде бір формация екіншімен ауысады.

Марксизм ілімі бойынша тарих барлығы бес формациядан:

алғашқы қауымдық,

құл иеленушілік,

феодалдық,

капиталистік және

коммунистік формациялардан тұрады. \Соңғысы адамзат дамуының ең биік сатысы деп саналды. Дегенмен, марксизм қоғам өміріндегі әлеуметтік және саяси үдерістерге үстірт қарады, түпкі мақсатқа жетуде қантөгіске толы тап күресіне басымдық берді, оның қоғам дамуының ағымына қарай икемділігі шамалы болды. 19 ғасырдың аяғынан бастап марксизм социал-демокриялық қозғалыстың негізгі идеологиясына айналды.Бірақ 20 ғасырдың бас кезінде бұл қозғалыс екіге бөлінді:

В.И. Ленин, т.б. бастаған төңкерісшіл бағыт.

Э.Бернштейн, т.б. бастаған реформашылдық бағыт.Реформашылдар бірте-бірте марксизмнің негізгі теорияларынан бас тартып, қазіргі Батыс Еуропа елдеріндегі социал-демокриялық идеологияны қалыптастырды. Ал Ленин бастаған солшыл күштер Ресейдегі Қазан төңкерісінен кейін коммунистік тоталитарлық жүйенің негізін қалады. 1990 жылға дейінгі кезеңде марксизм социалистік елдердегі мемлекеттік идеологияға айналды. Социалистік жүйе құлағаннан кейін, марксизмді зерттеп, баға беретін жаңа кезең басталды.

Медицина

Медицина (лат. medicine: medicus — дәрігерлік, емдік) — адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі.

Муниципалитет

Муниципалитет (неміс тілінде Munіzіpalіtät, өзін-өзі басқару құқығы бар қала) – Батыс Еуропа мен Американың кейбір елдеріндегі өзін-өзі басқарудың сайланбалы органы.

Муниципалитет мэр, бургомистр, тағы басқа басқаратын сайланбалы алқа мен шенеуніктік атқарушы аппараттан құралады. Муниципалитет өзі басқаратын аумақтағы қоғамдық кәсіпорындардың, тұрғын үй қоры мен басқа да дүние-мүліктің меншік иесі бола отырып, мемлекеттік мектептердің, жергілікті полицияның, медициналық, әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерінің жұмысын басқарады.

Муниципалитеттің негізгі кіріс көзі – халықтан жиналатын жергілікті салықтар. Қаржымен қамтамасыз етілуі жағынан орталық үкіметке тікелей тәуелді болғанына қарамастан, муниципалитеттер – демократиялық маңызды институттардың бірі. Муниципалитетке халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарының өкілдері сайланады және олар тұрғындармен тікелей жұмыс жасайды.Муниципалитет, муниципия — 1) бірқатар елдердегі (мыс., Бразилиядағы муниципия және т.б.) төменгі әкімшілік- аумақтық бірлік; 2) АҚШ пен Батыс Еуропаның кейбір елдеріндегі жергілікті өзін- өзі басқаратын орган.

Ордабасы ауданы

Ордабасы ауданы - Түркістан облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1964 жылы құрылған. 1993 жылға дейін Бөген ауданы деп аталып келді. Аумағы 2,7 мың км. Тұрғыны 92,9 мың адам. Ұлттық құрамы: қазақтар-94,5%, әзірбайжандар-1,5%, орыстар-1,3%, басқа ұлттар-2,7%. Аудандағы 59 елді мекен 9 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы - Темірлан ауылы.

Ордабасы ауданың жер бедері жазық. Оңтүстік бөлігі солтүстігіне қарағанда біршама көтеріңкі және бұл бөлігі Арыс өзенінің салаларымен сай-жыраларға тілімденген. Ауданның ең биік жері Қайнар ауылының шығысында (383 метр). Ауданның климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, жазы ұзақ, ыстық және аңызақты. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы -3-5°С, шілдеде 26-28°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-380 милиметр. Желдің басым бөлігі шығыс, оңтүстік-шығыс бағыттан соғады. Орташа жылдамдығы 3-5 м/с. Желдің әсерінен жазда ауданның гидротермиялық көрсеткіші төмендеп (0,3-0,4), ылғалдылық мөлшері кемиді де аңызақ, құрғақ және ыстық кезең қалыптасады. Аудан арқылы Арыс және оның салалары - Боралдай (оң саласы), Бөржар, Бадам, Шұбарсу, тағы басқа өзендері ағып өтеді. Ауданның орталық бөлігінде Бөген бөгені салынған. Одан Арыс-Түркістан каналы тартылған. Бөгеннің оңтүстігін бойлай Арыс каналы жүргізілген.

Өсімдігі қияқ, қоңырбас, солтүстігінде бозжусан басым көкпек, сар-сазан, баялыш, күйреуік өскен. Ауданның солтүстігінде бозжусан, ши аралас эфемероидті өсімдіктер өседі. Дәрілік өсімдіктерден күріш қонағы, қара меңдуана, тұмаршөп (жұмыршақ), тағы басқа кездеседі. Аудан халқы көп ұлтты. Оның басым бөлігін қазақтар құрайды. Ірі елді мекендері: Темірлан, Төрткөл, Сыпатаев, Бадам, Бөген, Қайнар, Қарааспан, Шұбар, Қарақұм, тағы басқа. Ауыл шаруашылықтарына жарамды жердің аумағы 246,5 мың гектар. Егіс аумағының құрылымында дәнді дақылдар мен бұршақ (37,0%) басым. 24,8%-ы мақтаға тиесілі. Ауданда облыстағы барлық мүйізді ірі қараның 7,3%-ы, қой мен ешкінің 5,9%-ы, жылқының 6,6%-ы, құстың 9,1%-ы өсіріледі. Аудан орталғы - Темірлан ауылынан Шымкент қаласына дейінгі қашықтық 45 километр. Аудан аумағы арқылы Шымкент-Қызылорда темір жолы және Шымкент-Түркістан-Қызылорда автомагистралі өтеді.Қазіргі таңда Батыс Қытай - Батыс Еуропа жолы жүргізілуде, бұл жол бұрынғы Ұлы жібек жолы болған.

Орден

Орден (нем. оrden, лат. ordo – сап, дәреже, топ) –

'

1) Рим папасы бекітетін (6 ғасырдан) ерекше жарғы бойынша қызмет еткен монахтық, діни-рыцарлық бірлестіктер; кейбір құпия ұйымдардың атауы, мысалы, масон Ордені. Діни-рыцарлық ордендер Батыс Еуропада 12 ғасырдан құрыла бастады. Палестинада крест жорығы кезінде (Иоанниттер, Тамплиерлер, Неміс Ордендері), Испания мен Португалияда арабтармен күрес кезінде (Калатрава, Алькантар Ордендері) пайда болды. 13 – 14 ғасырларда Батыс Еуропа ордендер саны күрт көбейді. Кейбіреулері 10 мыңдаған рыцары, орасан зор жері бар қуатты ұйымға айналды (мысалы, Ливон, Тевтон ордендері). Олар бастапқыда христиан дінін тарату, қасиетті жерлерді қорғау және ұлт-азаттық мақсатта құрылған Рим папасына бағынышты діни-әскери ұйым болып саналып, оның мүшелері монах антын қабылдады. Мүшелері бір түсті әрі бірдей нысанда крест тігілген айрықша киім киді. Олар бара-бара жер кеңейту, баю жолына ауды. Кейінірек Ордендер мемлекет басшыларының билігіне көшіп, 14 – 16 ғасырларда ақсүйектерді ынталандыру қызметін атқарған сарай ордендері құрылды. Мұндай ордендердің де ерекше көркем киімі және айырым белгісі болды. Сол айырым белгілері келе-келе мемлекеттік сыйлық сипатын алды.

2) Мемлекет және қоғам алдындағы айрықша азаматтық және әскери қызметі үшін берілетін құрмет белгісі. Қазақстан ордендері тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болды;

Полк

Полк — әкімшілік, шаруашылық жағынан дербес басқарылатын әскери бөлім. Полктар атқыштар (жаяу әскер), авиация, әуе шабуылына қарсы қорғаныс, танкілік, механикаландырылған, артилллериялық, инженерлік, зениттік, барлау, байланыс, әуе-десанттық, т.б. болып бөлінеді. Әр полктың штабы, бірнеше батальоны (эскадрон, эскадрилья, дивизион, роталар) жабдықтау және тылдағы бөлімшелері болады. Көптеген полктер әскери құрамаларға — дивизия мен бригадалар құрамына кіреді. Ресей мен Батыс Еуропа мемлекеттерінде (Германия, Франция, Швеция, т.б.) полктер 16 — 17 ғ-ларда пайда болып, 18 — 19 ғ-ларда бірнеше рет өзгерістерге ұшырады. 1-дүниежүзілік соғыста жаяу әскер полкы 3 — 4 батальон (әрқайсысы 4 ротадан), барлау, станокты пулеметтер және тылдағы бөлімшелерден, ал атты әскер полкы 4 — 6 эскадроннан тұрды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары жаңадан танкілік, механикаландырылған, авиациялық, әуе-десанттық және атқыштар полктары пайда болды. Олардың құрамында 3 — 4 батальон, артилллериялық, минометшілер, танкіге қарсы артиллерия, зениттік пулеметтер, т.б. бөлімшелер болды. Кейбір полктер әскери құрама қатарына кірмейді, тікелей майдан, армия қолбасшыларына бағынады.

Республика

Республика (лат. Respublіka – халық игілігі, қоғамдық іс) – мемлекеттік басқару нысаны.

Мұнда жоғары мемлекеттің билікті белгілі мерзімге сайланған органдар жүзеге асырады. Мемлекеттің биліктің барлық жоғары органдары не сайланады, не оларды жалпыұлттық өкілдікті мекемелер. Билік не бүкіл халықтың (демократия) не оның бір бөлігінің (аристократия) қолында болатын мемлекет. Республиканың қозғаушы принципі — саяси ізтілік, яғни отанға деген сүйіспеншілік.

Барлық жоғары ресми билік органдарын белгілі бір мерзімге халық сайлайтын мемлекеттік басқару нысаны. Ол антик. дәуірде ежелгі монархияларға қарама-қарсы, оларға қарағанда озық мемлекеттік құрылыс ретінде пайда болды. Мысалы, Спартада мемлекет билік ақсүйектерден сайланған ақсақалдар кеңесінде, ал Афинада ел сайлаған “халық жиналысында” болды. 17 — 18 ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде монархияға қарсы шыққан буржуазия идеологтары республиканы басқару нысанын енгізуді демократияның салтанат құруы және адам құқықтарын қамтамасыз етудің кепілі деп білді. Шынында да Республика азаматтардың жеке және саяси құқықтарын кеңітіп, халық билігі қағидаларын жүзеге асыруға мүмкіндіктер ашады. Алайда азаматтардың билік құрылымдарына қатысы әр түрлі болады. Республикалық билеу түрінің негізгі саяси ин-ттарына парламент, үкімет, президент, сот және сайлаушылар жатады. Республиканың бірнеше түрі бар: президенттік, парламенттік, аралас.

Президенттік Республика тұңғыш рет АҚШ-та іс жүзіне асырылып, 1789 жылы Вашингтон президент болып сайланды. Қазір дүние жүзінің көптеген елдері осы басқару нысанын қабылдаған. Президенттік Республикада президенттің өкілеттігі кең болады және ол мемлекет басшысы ғана емес, атқарушы биліктің де басшысы, сондай-ақ бас қолбасшы болып табылады, заң күші бар актілер шығарады, парламентті таратуға құқылы болады. Президент биліктің үш тармағын үйлестіруші рөлін атқарады. Президент билігі өте күшті Республикалар (мысалы, Орталық Азия, Латын Америка мемлекеттері, т.б.) супер президенттік Республика деп аталады. Ал президенттік-монокр. Республикада (кейбір Африка елдері) президент өмір бойына сайланады. Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары мен қажеттіліктеріне орай президент қолында күшті билік шоғырланғандықтан, Қазақстан да супер президенттік Республикаға жатады. Парламенттік Республикада жоғары билік иесі парламент болып табылады. Мұндай Республикада үкіметті парламент құрады, яғни оған атқарушы билік тәуелді болады. Сондай-ақ парламент салықты белгілейді, бюджетті бекітеді, соттарды бекітеді, соғыс пен бітім мәселесін шешеді, әскерді қамтамасыз етеді, халықар. шарттарды бекітеді. Парламент кез келген мәселеге байланысты үкіметтен есеп беруді талап етуге, үкіметке сенімсіздік білдіруге құқылы.

Жартылай президенттік республика - немесе аралас республика деп те атайды. Оның негізгі белгісі үкіметтің - президенттің де, парламенттің де алдында қосарланған жауаптылығы. Жартылай президенттік республикада президент және парламент тікелей халықтың дауыс беруі арқылы сайланады. Бүл жерде мемлекет басы президент болып табылады. Ол парламенттегі саяси күштердің орналасуын есепке ала отырып үкімет басы мен министрлерді тағайындайды. Мемлекет басы министрлер кабинеті мәжілістерін басқарады және оның шешімдерін бекітеді. Парламенттің де елдің жыл сайынгы бюджетін бекіту барысында үкіметті бақылау мүмкіндігі, сонымен қатар, үкіметке сенімсіздік вотумын білдіру құзыры бар.

Жалпы алғанда, жартылай президенттік республикада әртүрлі билік институттары арасындағы өкілеттік және қатынастар тәртібі эр елде әртүрлі ерекшеліктерін есепке алып, өзгерген.

Сазгер

Сазгер, композитор (лат. compositor — құрастырушы) — музыкалық шығармалардың авторы. Бұл термин алғаш рет 16-ғасырда Италияда кең пайдаланыла бастады және сол кезден бастап, батыс еуропа музыка мәдениетінің тәжірибелерінен туындаған "кәсіби жазба дәстүрінің" бейнесі ретінде қабылданады. Композиторлық мамандық музыкалық-шығармашылық қабілеттілікті және композицияны арнайы оқуын талап етеді.

Турнир

Турнир - (нем. tournier) -

Орта ғасырлық Батыс Еуропа елдері рыцарьларының әскери сайысы. Турнир көп елдерде 16 ғасырда тоқтатылды.

Спорт жарысын өткізудің бір түрі; мұнда екі жақ бір-біріне қарсы тікелей бәсекеге (күрес, бокс, шахмат, дойбы т.б.) түседі

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.