Батыс

Батыс– 1) Күн бататын жақ, дүниенің төрт құбыласының шығысқа қарама-қарсы жатқан тұсы; 2) АҚШ, Канада, Батыс Еуропаның, тағы басқа дамыған мемлекеттерінің жиынтық атауы.

Закат в Днепропетровске
Батыс

Сыртқы сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

Азия

Азия (ассириялықтар тілінде, мағынасы – асу, шығыс) — Жер шарының ең үлкен бөлігі. Еуропамен қосылып, Еуразия құрлығын құрайды.

Аквитания

Аквитания (фр. Aquitaine) — Францияның оңтүстік-батысындағы әкімшілік аймақ.Ол аймақтың ішіне 5 департамент кіреді: Атлантикалық Периней, Дордонь,Жиронда,Ланды,Ло және Горонна. Аквитания аймағының астанасы Бордо,аймақтың ең үлкен қаласы.

Англия

Англия (ағылш. England [ˈɪŋɡlənd]) — Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Патшалығының ең ірі және әкімшілік орны. Ұлыбритания аралында орналасқан (ағылш. mainland). Ұлыбританияның халқының 83 % Англияда тұрады.

927 жылы Англия бірнеше жергілікті графстволардың бірігу нәтижесінде пайда болды. Өз атын V-VI ғасырда құрылған англ деген герман тайпасынан алады. Ал Англия астанасы Лондон Еуроодақтағы ең үлкен қала болып саналады.

Англия — қазіргі көптеген жаһанды нәрселердің шыққан жері. Олардың ішінде ағылшын тілі, Англикан шіркеуі, Парламент негіздері. Ол Өндірістік революциясының отаны болып саналады.

Атырау облысы

Атырау облысы — Батыс Қазақстанда орналасқан облыс. 1938 жылы Гурьев облысы деген атымен құрылған. 1992 жылы қазіргі атауына ие болды. Солтүстігінде Батыс Қазақстан облысымен, шығысында Ақтөбе облысымен, оңтүстік-шығысында Маңғыстау облысымен және батысында Ресейдің Астрахан облысымен шектеседі. Сондай-ақ оңтүстік шекарасы Каспий теңізіне келіп тіреледі.

Облыс орталығы - Атырау қаласы.

Ағылшын тілі

Ағылшын тілі (ағылш. English, English language) — Үндіеуропа тілдері жанұясының батыс герман тобына жататын тіл.

Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англосаксондардың тілі, бірақ жауланған кельттердің тілдері де әсерін тигізген.

Ағылшын тілі — халықаралық тіл (де-факто - лингва франка). Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай мен испан тілінен кейінгі халық саны бойынша ана тілі ретінде ең көп пайдаланылатын тіл. Ағылшын тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Аустралия және басқа елдерде ана тілі болып есептеледі. Одан басқа көптеген мемлекеттерде ресми тілі болып саналады.

Ағылшын тілі — БҰҰ-ның алты тілінің бірі болып саналады.

Ағылшын тілі — дүние жүзіне ең кең таралған тіл. Үндіеуропа тілдерінің батыс герман тілдеріне жатады. Ағылшын тілі құрылымы жағынан флективті. Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия, Жаңа Зеландияның мемлекеттік тілі болып табылады. Канадада (француз тілімен қатар), Ирландияда (ирланд тілімен қатар) мемлекеттік қос тілдің бірі. БҰҰ-да қабылданған ресми алты тілдің негізгісі. Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазір 400 млн-нан астам адам сөйлейді. Қазақстанда да 20 ғасырдың 50-жылдарынан бастап Абылай хан атында. Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері ун-тінде, өзге де жоғары және орта оқу орындарында Ағылшын тілі оқытылып мамандар дайындалды. Жеке пән түрінде мектеп бағдарламаларына енгізілді. Ағылшын тілінің түп-төркіні 5-6 ғ-да құрлықтан Британ аралына қоныс аударған англ, сакс, ют тайпалары мен аралдағы байырғы кельт (бриттер) тайпаларының тілі болып саналады. Ағылшын тілінің даму тарихы ежелгі ағылшындық (7-11 ғ.), орта (12-15 ғ.) және жаңа (15 ғ-дан бері) дәуір болып үш кезеңге бөлінеді. А.т-дегі жазба ескерткіштер 7-8 ғ-дан белгілі. Ол уақытта ағылшындар руна жазуын пайдаланып, тасқа, ағашқа, сүйекке ойып жазған. 6-7 ғ-да ағылшындар арасында христиан дінінің таралуына байланысты руна жазуы қолданыстан шығып, латын әліпбиі қолданыла бастады. Ағылшындар латын әліпбиін ілгері дамытып, оған W, J және V әріптерін қосты. 1066 ж. Англияны нормандар басып алды да, мемл. тіл — француз тілі болып, Ағылшын тілі қарапайым халықтың сөйлеу тілі есебінде сақталды. 1476 ж. Англияда ағылшын тілінде кітап басып шығару басталды. Бұл жағдай Лондон диалектісі негізінде ағылшынның жазба әдеби тілін қалыптастырды.

Ағылшын тілі британдық және американдық болып екі түрге бөлінеді. Британдық Ағылшын тілі өз ішінде шотландиялық, солтүстік, батыс, шығыс, оңтүстік диалектілерге жіктеледі. 7-11 ғ-да англо-саксон тілінде 4 диалект болған: нартумбриялық, мерсиялық, уэссек және кент.

Ағылшын тілінің басты ерекшеліктері: а) фонетика жүйесінде дыбыстарының көпшілігі біресе созылыңқы, біресе қысқа айтылады. Осыған орай, Ағылшын тілінде сөз мағынасы бірсыдырғы өзгеріске түсуі мүмкін; б) морфол. саласындағы өзгешелік: сын есім мен сан есімнің барлық жалғаулары, яғни септіктері, сондай-ақ, зат есім мен етістік аффикстерінің көбі бұл күнде тарихи өзгерістерге түскен. Соған орай, Ағылшын тілінде сөз бен сөзді байланыстыратын предлогтар, артикльдер, сондай-ақ көмекші етістік сияқты жаңа тұлғалар, формалар (морфемалар) пайда болған. Ағылшын тілінің жазу ережелері мен сөздердің айтылуында айырмашылықтар бар. Орфографиялық ережелер бойынша бұрынғы және қазіргі ағылшын тіліндегі дыбыстардың өзгерістері жазуда қатаң сақталады.

.

Ақмола облысы

Ақмола облысы — Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1939 жылы құрылған. 1961 – 92 жылдары Целиноград облысы болып аталды.

Жер аумағы 146,2 мың км². Тұрғыны 738 611 адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 5,05 адамнан келеді (2018). Солтүстігінде Солтүстік Қазақстан, шығысында Павлодар, оңтүстігінде Қарағанды, батысында Қостанай облыстарымен шектеседі. 14 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік ауданға бөлінген. 10 қала, 13 кент, 245 ауылдық әкімшілік округ бар. Әкімшілік орталық – Көкшетау қаласы. Ақмола облысы Сарыарқаның солтүстік-батыс бөлігінде, Есіл өзенінің жоғарғы ағысындағы дала белдемінде орналасқан. Жерінің басым бөлігі абсолюттік биіктігі 400 м-ден аспайтын аласа белесті, ұсақ төбелі жазық. Солтүстігінде Көкшетау қыратының сілемдері (Сандықтау, Домбыралы, т.б. аласа таулар) орналасқан. Облыстың батыс, орталық, шығыс бөліктерін Есіл, Атбасар, Сілеті жазықтары алып жатыр. Оңтүстік-батысында Теңіз-Қорғалжын ойысы бар. Облыстың батыс жағында Есіл өзеніне дейін Торғай үстіртінің шығыс шеті еніп жатыр. Есіл өзенінің оң жағалауы Атбасар, сол жағалауы Теңіз жазықтарымен шектеседі. Оңтүстік-шығысында орманды, көркем Ерейментау өңірі орналасқан. Оның негізгі бөлігі жартасты, қырқалар тізбегінен (100 – 500 м) тұрады. Жерінің геологиялық құрылымы каледон және герцин қатпарлығы кезеңінде қалыптасқан. Палеозой дәуірінің соңында континенттік түзілу кезеңі басталды. Өте ұзақ мерзімге созылған тегістелудің нәтижесінде пайда болған таулы өлке мезозой дәуірінде бірте-бірте қыраттарға айналды. Облыс жері негізінен палеозойдың метаморфтанған тақтатастарынан, кварциттерінен, құмтастарынан, альбитофириттерінен, әктастарынан, конгломераттарынан түзілген. Солармен бірге интрузивті (гранит, диорит, габбро, т.б.) және эффузивті жыныстар кең таралған. Байырғы жыныстарды неоген мен төрттік дәуірлердің сарғылтым шөгінділерінің қалың қабаттары жауып жатыр.

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысы — Қазақстанның солтүстік-батыс өңірінде орналасқан әкімшілік бірлік. Территориясы бойынша Қарағанды облысынан кейінгі екінші орында.

солтүстікте — Ресей Федерациясының Орынбор облысымен,

оңтүстігінде — Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақстанмен,

батысында — Маңғыстау облысы, Атырау және Батыс Қазақстан облысымен,

шығысында — Қостанай облысымен,

оңтүстік-шығысында — Қызылорда облысымен шектесіп жатыр.

Облыс солтүстіктен оңтүстікке дейін 700 шақырым, шығыстан батысқа дейін 800 шақырым жерге созылған 300 мың шаршы шақырым аумақта орналасқан. Облыс 12 селолық, қалалық, және әкімшілік аудандарға бөлінген. Аумағында 6 қала, 3 кент бар. Әкімшілік орталығы — Ақтөбе қаласы.

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысы — Қазақстан Республикасының солтүстік-батысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. Шығысында Ақтөбе, оңтүстігінде Атырау облыстарымен, батысында Ресейдің Астрахан, Волгоград, солтүстік-батысында Саратов, Самара, солтүстігінде Орынбор облыстарымен шектеседі.

Облыс 1932 ж. 10 наурызда Орал облысы болып құрылған. 1996 жылдан Батыс Қазақстан облысы болып аталады. Жерінің аумағы 151,3 мың км², тұрғындары 646 828 адам (2018). Әкімшілік жағынан Батыс Қазақстан облысы 12 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік ауданға, олар 4 кенттік және 155 ауылдық әкімшілік округтерге бөлінген.

Орталығы — Орал қаласы. Облыстағы 539 елді мекеннің тұрғындары біркелкі орналаспаған. Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 4,0 адамнан келеді (1999). Солтүстік аудандарда және Жайық өзенінің аңғарында халық жиі қоныстанған (1 км²-ге 9 — 12 адам). Қала халқы бүкіл халықтың 49,1% құрайды. Қалалары: Орал, Ақсай; ірі кенттері: Бөрілі, Дерқұл, Зашаған, Круглоозерное, Чапаев, Тасқала, Шыңғырлау.

Башқұртстан

Башқұртстан Республикасы (башқ. Башҡортостан Республикаһы; орыс. Республика Башкортостан) — Ресей Федерациясының құрамындағы республика. Жер аумағы – 143,6 мың км². Халқы – 4,04 млн.(2012). Астанасы – Уфа (Үфі) қаласы. Негізгі халқы – башқұрттар. Басқа халықтардан орыс, татар, чуваш, мари, мордва, удмурттар тұрады. Қазақстан Республикасының солтүстік-батыс тарапында орналасқан.

Ел

Ел — қазақша екі мағына беретін термин:

ел-мемлекеттің синонимі ретінде қолданылатын термин;

аймақ; физикалық география мен геоморфологиялық түсінік бойынша аумақтардың ірі аймақтық бөліктері, өзіне топ қайталанбайтын жалпылама сипаты болатын аудандаудың бөлігі. Физикалық-географиялық немесе геоморфологиялық түсінік бойынша аймақтың саяси-әкімшілік шекараға тәуелсіз өз шекарасы болады. Аймақ бірнеше физикалық-географиялық провинцияларды немесе облыстарды біріктіреді де, өз алдында аймақтар тобына бірігеді. Физикалық-географиялық аймақтарға Орыс жазықтығы, Орал, Батыс Сібір ойпаты, Орта Сібір таулы үстірті, Оңтүстік Сібір таулары, Кіші Азия, Армян және Иран таулы қыраттары, Апеннин Италиясы, Жерортатeңіздік аймақтар және тағы басқа жатады.

Жайық

Жайық – Ресей Федерациясы (Башқұртстан, Челябі, Орынбор облыстары) мен Қазақстан Республикасы (Атырау, Батыс Қазақстан облыстары) жеріндегі өзен.

Өзен Еуропа мен Азия дүние бөліктерін бөлуші Орал тауларынан бірге шекара болып есептеледі.

Жалпы ұзындығы 2428 км, су жиналатын алабының ауданы 237 мың км2 , Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1084 км.

Лотарингия

Лотарингия (Lorraine) - Солтүстік-батыс Франциядағы тарихи аймақ. Лотарингия аумағы Мозель, Мёрт және Мозель, Мез, Вогезы департаменттерін қамтиды. Жері 23 мың км². Халқы 2,3 миллион адам (1972 ж.). Басты қалалары - Нанси мен Мец. Аймақты Батыс Еуропадағы ірі темір жол тораптары басып өтеді; темір рудасы, көмір өндіріліп, шетелге шығарылады; машина жасау және металл өңдеу, ағаш өңдеу, тоқыма өнеркәсібі жақсы дамыған.

Орта ғасырларда бірнеше мемлекеттер мен аумақтық бірлестіктері Лотарингия аталды. Император Лотарин І-нің иеліктерін бөліске салу нәтижесінде Франк мемлекеті құлап, Рейн өзенінің төменгі және орта ағысы алқабында Лотарингия корольдығы пайда болды (855-900). Корольдық өзінің тұңғыш билеушісі Лотарин ІІ-нің (855-869) есімімен аталды. Кейін ол Германияны, Бельгия мен Нидерландының құрамына кірді. Лотарингия аумағында феодалдық қатынастар ерте басталды. 10 ғасырда басталған феодалдық жіктелудің салдарынан Лотарингия герцогтарының қолында 12 ғасырдың басында шағын ғана жер қалды. Осы бөлшектенудің нәтижесінде Лотарингияда француз билеушілерінің (13 ғасырдан) экономикалық, саяси және мәдени ықпалы күшейді. 16 ғасырдың 2-жартысынан Лотарингия жері Францияға қосыла бастады. 1871 жылы Франкфурт бітімі бойынша Шығыс Лотарингия және онымен көршілес Эльзасты Германия сатып алды. 1919 жылғы Версаль бітім шарты бойынша ол Францияға қайтып берілді..

Муниципалитет

Муниципалитет (неміс тілінде Munіzіpalіtät, өзін-өзі басқару құқығы бар қала) – Батыс Еуропа мен Американың кейбір елдеріндегі өзін-өзі басқарудың сайланбалы органы.

Муниципалитет мэр, бургомистр, тағы басқа басқаратын сайланбалы алқа мен шенеуніктік атқарушы аппараттан құралады. Муниципалитет өзі басқаратын аумақтағы қоғамдық кәсіпорындардың, тұрғын үй қоры мен басқа да дүние-мүліктің меншік иесі бола отырып, мемлекеттік мектептердің, жергілікті полицияның, медициналық, әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерінің жұмысын басқарады.

Муниципалитеттің негізгі кіріс көзі – халықтан жиналатын жергілікті салықтар. Қаржымен қамтамасыз етілуі жағынан орталық үкіметке тікелей тәуелді болғанына қарамастан, муниципалитеттер – демократиялық маңызды институттардың бірі. Муниципалитетке халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарының өкілдері сайланады және олар тұрғындармен тікелей жұмыс жасайды.Муниципалитет, муниципия — 1) бірқатар елдердегі (мыс., Бразилиядағы муниципия және т.б.) төменгі әкімшілік- аумақтық бірлік; 2) АҚШ пен Батыс Еуропаның кейбір елдеріндегі жергілікті өзін- өзі басқаратын орган.

Неміс тілі

Неміс тілі (нем. Deutsch,deutsche Sprache) - неміс халқының тілі. Үндіеуропа тілдерінің батыс герман тобына жатады. Неміс тілінің тарихын көне жоғары (8 – 11 ғ-лар), орта жоғары (12 – 13 ғ-лар), ертедегі жаңа жоғары (14 – 16 ғ-лар) дәуір деп үшке бөледі. Германияда, Австрияда, Лихтенштейнде, Швейцарияда, Люксембургте қолданысқа енген тіл. Германияда, Австрияда Лихтенштейнде мемлекеттік тіл болып саналады Ал Швейцарияда, Люксембургте, және Бельгияда кейбір аймақтары үшін ресми тіл болып саналады. Неміс тілі ағылшын және голланд тілдеріне туыстық қатынасы бар. Неміс тілі әлемдегі негізгі тілдердің бірі және Еуропа Одағындағы ана тілі ретінде ең көп сөйленетін тіл. Кейбір есептемелер бойынша бұл тілді ана тілі ретінде 87 миллион адам қолданады.

Обь

Об, Обь – Батыс Сібірдегі (Ресей) өзен. Ұзындығы 3650 км (Ертісті қоса алғанда). Су жиналатын алабының ауданы 2990 мың км2.

Португалия

Португалия (порт. Portugal), ресми атауы Португалия Республикасы (порт. República Portuguesa) — Оңтүстік-Батыс Еуропаның қиыр шетінде, Атлант мұхиты жағалауында орналасқан мемлекет. Пиреней түбегінің батыс бөлігін және Азор, Мадейра аралдарын алып жатыр. Солтүстігі мен шығысында Испаниямен шектеседі, ал оңтүстігі мен батысын Атлант мұхиты шайып жатыр. Ел аты Порту (лат. Portus Cale — «жылы кемежай») қаласы атынан бастау алады. Жер көлемі 92,1 мың км². Халқы 10,1 млн. (2000). Халқының 99%-ы португалдар, қалғанын испандықтар мен бразилиялықтар құрайды.

Солтүстік-батыс Мекленбург (аудан)

Солтүстік-батыс Мекленбург (нем. Landkreis Nordwestmecklenburg)— Германия ауданы. Аудан орталығы — Гревесмюлен қаласы. Аудан Мекленбург-Алдыңғы Померания жерінде орналасқан. Жер аумағы 2076 км² шамасында. Тұрғыны 119 937 адамды құрайды. Халық тығыздығы 58 адам/км².

Ауданның ресми коды — 13 0 58.

Аудан 94 елді мекенге бөлінеді.

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысы — республиканың солтүстік қақпасы.

Облыс 1936 жылдың 29 шілдесінде құрылды, бүгінгі шекарасы 1999 жылдың 8 сәуірінде бекітілді. Облыстың ауданы 97, 99 мың шаршы км. тең және республика аумағының 3, 6% құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы – Петропавл қаласы, 1752 жылы негізі қаланды.

Облыста 13 әкімшілік аудан бар; 5 қала – Петропавл, Булаев, Мамлют, Тайынша, Сергеев; 4 қала типтес кенттер – Смирново, Талшық, Еңбек, Кішкенекөл.

Облыс аумағы Қазақстанның Қостанай және Ақмола облыстарымен және Ресей Федерациясының Қорған, Түмен, Омбы облыстарымен шекараласады.

Қазақстан аудандары

Қазақстанда барлығы 163 ауылдық, 18 қалалық аудан бар.

Қазақстан әкімшілік бірліктері

Қазақстан Республикасы 14 облысқа және 3 республикалық маңызы бар қалаға бөлінеді.

Астана қаласы — Қазақстанның елордасы.

Алматы қаласы — республикалық маңызы бар қала.

Шымкент қаласы — республикалық маңызы бар қала.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.