Балқан түбегі

Балқан түбегіОңтүстік Еуропадағы түбек. Жерінің ауданы 505 мың км². Құрлықтағы шартты шекарасы Дунай, Сава өзендері арқылы Триест шығанағына дейін созылады. Кіші Азиядан Мәрмәр түбегі, Босфор, Дарданелл бұғаздары арқылы бөлінген. Солтүстіктен (45° с. е.) оңтүстікке (Тенарон мүйісі) дейін 950 км-ге созылған. Ең енді жері 1260 км. Батысында Адрия, Ион, шығысында Эгей, Мәрмәр, Қара түбектерімен шектеседі. Жағалары қатты тілімденген. Жер бедері негізінен таулы-қыратты болып келеді. Стара-Планина, Рила, Родоп, Динар таулары бар. Абс. биіктігі 2925 м (Рила тауы). Солтүстік пен шығысында (Жоғары және Төменгі Фракия, Салоники, Фессалий) ойпаттар орналасқан. Таулар әлпілік қатпарлану кезінде күшті өзгеріске ұшыраған герциндік массивтің бөліктерінен құралған гранит, гнейс, кристалдық тақтатастан тұрады. Балқан түбегінің қазіргі жер бедері неоген кезеңінің соңы, төрттік кезеңде қалыптасқан; оңтүстігінде жер сілкінулер жиі байқалады. Сынап (Хорватия), мыс (Шығыс Сербия), боксит (Адрия түбегі жағалауы), хром (Албания, Македония), т.б. кендері бар. Түбектің оңтүстік жерортатеңіздік, ішкі бөліктері мен солтүстігіне қоңыржай құрлықтық климат тән. Қаңтардың орташа температурасы солтүстігінде —1—2°С (тауларда —5°С-тан төмен), оңтүстікте 3°С. Шілденің орташа температурасы солтүстікте 22°С, оңтүстікте 27°С. Таулы бөлігінде жауын-шашынның жылдық мөлшері 1000—1500 мм. Ірі өзендері: Марица, Морава, Дунай және Сава. Өзендерінің ағыны қатты, суы мол. Қарстық көлдер көп. Рила тауында мұздықтық көлдер, Дунай аңғарында ескі арналық көлдер бар. Оңтүстігінде субтропиктік қоңыр және қарбонатты топырақ, Адрия түбегі жағалауы қызыл түсті (терра-роса) топырақ, солтүстігінде орманның қызылқоңыр топырағы, Марица өзенінің ойпатында қара топырақ тараған. Балқан түбегінің Жерорта түбегі жағалауы өсімдік дүниесіне бай (6,5 мың түр). Оңтүстіктегі төменгі белдеуде Маквис бұталы орманы, 400 — 500 м-лік белдеуде жалпақ жапырақты орман, түбектің солтүстік пен ішкі аудандарында еменді орман, одан биік белдеулерде қылқан жапырақты ормандар өседі. Жазықтарда далалық өсімдіктер тараған. Ауыл шаруашылық дақылдарынан жүгері, бидай, темекі, оңтүстігінде зәйтүн, цитрустар, анар өсіріледі. Балқан түбегінде Болғария, Босния және Герцеговина, Албания, Македония, Грекия, Хорватия, Югославия мемлекеттері және Румыния мен Түркияның бөліктері орналасқан.[1]

Bezmer-Air-Base-Location
Балқан түбегі.
Balkans Animation 1800-2008
Балқан түбегі.
Западные Балканы
Балқан түбегі.
AtlBalk1300
Балқан түбегі.
Балқан түбегі
Сипаттамасы
Ауданы505 000 км²
Орналасуы
41°50′00″ с. е. 22°50′00″ ш. б. / 41.8333° с. е. 22.8333° ш. б.   Координаттар: 41°50′00″ с. е. 22°50′00″ ш. б. / 41.8333° с. е. 22.8333° ш. б.   
Түбекті шаятын акваторияларЖерорта теңізі, Қара теңіз, Эгей теңізі, Адрия теңізі, Ион теңізі, Мәрмәр теңізі
Елдер Албания
 Болгария
 Босния және Герцеговина
 Грекия
 Италия
 Македония
 Румыния
 Сербия
 Словения
 Түркия
Brown 804000 pog.svg
Балқан түбегі

Дереккөздер

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;
Аттика

Үлгі:Грекия провинциясы

А́ттика (көне грекше: ἡ Ἀττική, сөзбе-сөз «жағажайдағы ел») — Орталық Грекияның оңтүстік - шығыс облысы, Балқан түбегі мен Архипелаг арасындағы жалғастырып тұрған көпір. Аумағы шамамен 2200 км², солтүстігінде Беотиямен, батысында - Мегарамен, оңтүстігі мен шығысында теңізбен үласып жатыр.

Болгар тілі

Болгар тілі — (болгарша: български език) — Үндіеуропа тіл шоғырынндағы славян тілдерінің оңтүстік славян топшасына жататын тіл, болгарлардың ана тілі. Болгария Республикасының ресми тілі. Болгар тілінде кең көлемде көркем және ғылыми әдебиет жазылған. 2014 жылы әлемдегі болгар тілінде сөйлейтіндердің жалпы саны шамамен 9 миллион адамды құрады.

Көптеген славян тілдермен салыстырғанда болгар тілінде септіктер жоғалған десе де болады, есесіне белгілі және белгісіздік артикльдері және де «нөлдік» деп аталатын артикль қолданылады. Болгар тілі мен оған бауырлас македон тілінен өзге славян тілдерінде артикль жоқ.

Лексикасы жағынан болгар тілі шіркеу славян тіліне едәуір жақын және онда әлі күнге дейін шығыс славян тілдерінде архаизм болып саналып кеткен көптеген сөздер бар. Тарихи себептерге байланысты болгар тілінде түркі тектес сөздер де көп кездеседі.

Еуразия

Еуразия — Жер шарындағы ең үлкен құрлық.

Еуропа

Еуропа (гр. Ευρώπη, семит тілінің “эреб” — “батыс” сөзінен шыққан, Ежелгі Грекияда Эгей теңізінің батысындағы жерлер осылай аталған) — Еуразия құрлығының батысын алып жатқан дүние бөлігі. Азиямен бірге Еуразия құрлығын құрайтын әлем бөлшегі.

Аумағы 10 млн. км2 жуық, халқы 826 млн. адам (2000, Ресейді қоспағанда). Азиямен арадағы шекарасы шартты түрде алынған. Ол құрлықта Орал тауы, Жем өзенін бойлай Каспий теңізіне дейін, одан әрі Кума және Маныч өзендері бойымен Донның сағасына жетіп, Азов, Қара теңіздерге ұласады. Одан арғы шекарасы Босфор бұғазы, Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы өтеді. Еуропа солтүстігінде Солтүстік Мұзды мұхитпен және оның Кара, Баренц, Ақ, Норвег теңіздерімен, батысы мен оңтүстігінде Атлант мұхитымен және оның Балтық (Балт) пен Солтүстік теңізі, Ирланд, Жерорта теңіздерімен қоршалған. Оңтүстік-шығысында тұйық Каспий теңізі орналасқан. Дүние бөлігінің құрлықтағы қиыр шеттері: солтүстігінде — Нордкин мүйісі (71°08′ с. е.), оңтүстігінде — Марроки мүйісі (36° с. е.), батысында — Рока мүйісі (9°31′ б.б.), шығысында — Байдарацк кірмесіне таяу Полюстік Оралдың шығыс жақ етегі (67°20′ ш. б.). Еуропаға кіретін аралдар мен топаралдардың жалпы аумағы 730 мың км2. Ірілері: Жаңа Жер аралы, Франц-Иосиф жері, Шпицберген, Исландия, Британия, Ирландия, Корсика, Сардиния, Сицилия, Крит, т.б. Еуропаның жағалаулары (жалпы ұзындығы 38 мың км) қатты тілімденген. Түбектер Еуропа аумағының 1/4-ін құрайды. Олар: Пиреней, Апеннин, Балқан, Скандинавия, Кола, Ютландия және Қырым түбектері. Жағрапиялық ортасының координаттары: 47°56′18″ N 24°11′18″ Eуропа Су шекарасы Атлант және Арктика мұхиттары және олардың теңіздерімен шектеседі. Аралдардың аумағы шамамен 730 мың км. Орташа биіктігі 300 м, ең жоғарғы нүкте — 5642 м. (Мәнгі тау не Эльбрус тауы). Жер аумағының көбі — жазықтық (ірілері — Шығыс Еуропа, Орта Еуропа, Орта және Төменгі Дунай, Париж бассейні), таулары — жер аумағының 17%-ын алып жатыр (бастылары — Альпілар, Карпаттар, Пиренейлер, Апенниндер, Орал таулары, Скандинав таулары, Балқан түбегі таулары). Сөнбеген жанартаулар Исландияда және Жерорта теңізінің аумағында орналасқан. Аумақтың көбінде қоңыржай климат (батыста — мұхиттік, шығыста — қарлы және салқын қысты континенталды), солтүстік аралдарда — субарктикалық және арктикалық, Оңтүстік Еуропада — жерорталық. Арктика аралдарында, Исландияда, Скандинав және Альп тауларында — мұз басу (оледенение) (аумағы 116 мың км2. Негізгі өзендері: Еділ, Днепр, Дон, Печора, Солтүстік Двина, Дунай, Висла, Одра, Эльба, Рейн, Луара, Рона, Тахо. Негізгі көлдері: Ладога, Онега, Чуд, Венерн, Балатон, Женева. Арктика аралдарында және Арктика мұхиты жағалауында — арктикалық шөлдер және тундралар, оңтүстікке қарай — орманды тундралар, тайгалы, аралас және қалыңжапырақты ормандар, орманды далалар, далалар, субтропиктік жерорта ормандары және бұталар; оңтүстік-шығыста — шөлейттер.

Жүрек гликозидтері

Жүрек гликозидтері (грекше glykys – тəтті) - өсімдік текті азотсыз қосылыстар, декомпенсацияланған миокардқа кардиотоникалық əсер береді жəне жүрек жетімсіздігін емдеу мақсатында қолданылады. «Созылмалы жүрек жетімсіздігі» термині бұл əртүрлі механизмдер бойынша дамыған патологиялық күйлерді білдіреді, бұл кезде жүрек мүшелер мен ұлпаларды қанмен қамтамасыз ету мүмкіндігін ақырындап жоғалтады. Созылмалы жүрек жетімсіздігімен халықтың 0,5-2%-і ауырады, оның 10% егде жастағы жəне қарт адамдар. Əр жылдық ауыру 100 мың халыққа 300-дей жағдайға жеткен, жыл сайын аурулар саны көбейіп барады. Бұл өткір миокард инфарктысының өсуі мен қарт адамдар санының өсуіне негізделген. Созылмалы жүрек жетімсіздігінде ауыр өту ағына байланысты өлім 15% тен 50-ке дейінгі аралықты құрайды. Диагнозды анықтап болғаннан соң ер кісілерде өмірдің орташа ұзақтығы 1,7 жыл, əйелдерде 3,2 жылды құрайды. Аурудың ең кең таралған түрі – сол қарыншаның систолалық дисфункциясына негізделген жүрек жетімсіздігі.

Бұл патологияда жүректің шығару көлемі төмендейді, пост күш түсу, жүректің жиырылу жиілігі, циркуляцияда қан көлемі өседі, артериалы вазоконструкция, гипертрофия жəне миокардтың ремоделденуі дамиды. Жүрек жетімсіздігіне нейрогумаралды факторлардың балансының бұзылысы тəлі, вазопрессин, норадреналин, адреналин, эндотелиндердің, ренинның, цитокиндердің секрециясы күшейеді, азот тотығының, простоциклин жəне эндотелинды гиперполярлаушы фактордың секрециясы төмендейді. Жүрек жетімсіздігінің алғашқы белгілері бар ауруларды компенсация сатысында ұстауда натрийуретикалық пептидтердің маңызы зор. Аурудың дамуына қарай бұл пептидтердің қандағы мөлшері көбейеді (əсіресе ми натрийуретикалық пептидтері). Бұл қауіпті болжам белгісі болып табылады жəне өткір жүрек жетімсіздігі мен жүрекшелердің фибрилляциясы қаупін көрсетеді. Жүрек гликозидтерін дəрілік өсімдіктерден алады: қара қошқыл оймақгүл (Батыс Еуроппа), ірі гүлді оймақгүл (Ресейдің Еуроппалық бөлігі, Солтүстік Кавказ, Орал), түкті оймақгүл (Балқан түбегі, Молдавия), сарыгүлден (Ресейдің Еуропалық бөлігі, Орта Азия, Қырым, Солтүстік Кавказ), көктем жалынгүлінен (Ресейдің Еуроппалық бөлігінің оңтүстігі жəне орта жолағы, Украина, Орта Азия, Сібір), масыр інжугүлінен (Ресейдің Еуроппалық бөлігі, Кавказ), Комбе строфанты (Шығыс Африка), теңіз пиязы (Орта жерорта теңізі).

Италия

Италия Республикасы, Италия (итал. Repubblica Italiana, Italia) — Еуропаның Оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізі жағалауындағы Апеннин түбегінде, Сицилия, Сардиния және бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 301,3 мың км2. Халқы – 60,8 млн адам (2014). Халқының 94%-ы италиялықтар. Мемлекеттік тілі – италия тілі. Халқы христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Астанасы – Рим қаласы (2,8 млн.). Бұған қоса Милан (1,6 млн.), Неаполь (1,2 млн.), Турин (1,1 млн.), т.б. ірі қалалар бар. Италия территориясында тәуелсіз 2 мемлекет (Ватикан, Сан-Марино) орналасқан. Әкімшілік-территориялық жағынан 20 облыстан тұрады. Оның 5-еуінің (Сицилия, Сардиния, Трентино-Альто-Адидже, Валле Д’Аоста, Фриули-Венеция-Джулия) ерекше автономиялық мәртебесі бар. Облыстар 94 провинцияға бөлінеді. Италия – парламенттік республика. 1948 жылы қабылданған конституция бойынша елді Президент басқарады (1992 жылдан О.Л. Скальфаро). Ол 7 жыл сайын қос палаталы парламент депутаттары мен облыстардан келген өкілдердің бірлескен жиналысында қайта сайланып отырады. Заң шығарушы орган екі палатадан: Республика сенаты (372 сенатор) мен Депутаттар палатасынан (630 депутат) тұрады. Атқарушы билік Министрлер Кеңесінің қолында. Ұлттық ақша бірлігі – лира. Ұлттық мерекесі маусымның алғашқы жексенбісі – Республиканың құрылған күні (2 маусым, 1946).

Косово

Үлгі:Infobox Country

Косово Республикасы — Югославия ыдырауының соңғы оқиғасында Сербиядан бөлініп шыққан ел.

17 ақпан күні Балқан түбегіндегі бар-жоғы 2 мил­лионға жуық халқы бар Косо­во­ның «үй ішінен үй тігіп», өз тәуел­сіздігін жариялап жіберуі — әлемдік қауымдас­тық­ты әрі-сәрі күйге түсіріп, бітіспес екі-үш жікке бөліп тастады. АҚШ бас­таған Батыс елдері кішкентай Косовоның тілеуін тілеп жатса, Ресей мен Қытай секілді сепаратизмді әрең ауыздықтап отырған алып елдердің ұйқысы қашты. Әліптің артын бағып отырған елдер және бар. Шынында, Косово тәуелсіздігі — халықаралық қауіп­сіздік үшін дабыл қағарлық жағдай болып тұр. Көптің көкейінде «Косово оқиғасы болашақта әлемді қайта бөлуге әкеп соқтырып жүр­мей ме?» деген үрей басым. Өйткені Ко­совоның ар жа­ғын­да бүкіл әлемде 200-ден астам тәуел­сіз­дігі таныл­ма­ған елдердің тағд­ы­ры талқыға түскелі тұр. Тәуелсіздігі тал­қыға түскен Ко­сово әлемді тағы да тығырыққа тіре­гендей.

Югославиядан бөлін­геннен кейінгі Ко­со­во:

Аумағы — 10 887 шар­шы шақырым

Халқы — 2 миллион, соның ішінде албан­дар 90 пайыздан астам

Астанасы — Приштина

ЖІӨ — 1,77 миллиард фунт

Кукри

Кукри кейде оны «кхукри» немесе «кукури» деп те жазу кездеседі. Бұл – непалдық гуркхтар қолданатын ұлттық пышақ түрі. Кукридің жүзі «сұңқардың қанаты» деп те аталады. Себебі, иілген түрі құстың қанатына ұқсайды және қыры қайырылады, яғни пышақтың иілетін тұсы басқа пышақтармен салыстырғанда қарама-қарсы. «Кукри дәл осындай бүгілген гректердің кописынан шыққан» деген мәліметтер бар. Непалға б.з.д. 4 ғасырда Александр Македонскийдің армиясы арқылы жетсе керек. Сол жерден ол Балқан түбегі елдері мен Орта Шығыс мемлекеттеріне тараған, солайша осы аймақтарға тән басқа да пышақтар мен ятаганның туындауына ықпал еткен.

Марица өзені

Марица өзені - Балқан түбегіндегі өзен. Алабының көпшілік бөлігі Болгария жерінде. Төменгі ағысы Грекия мен Түркия аралығындағы шекара қызметін атқарады. Ұзындығы 525 км, алабының ауданы 54 мың км2. Рила тауынан басталады, Фракия жазығы және Шығыс Родоп сілемін кесіп өтіп, Эгей теңізіне сазды атырау жасай құяды. Жаңбыр суымен қоректенеді, жазда деңгейі күр түседі. СЭС-ке және жер суландыруға пайдаланылады. Эдирне қаласынан төмен кеме жүзеді. Марица алабында Шығыс-Мариуа қоңыр көмір бассейні орналасқан. Марица жағалауында Пазарджик,Пловдив, Димитровград (Болгария), Эдирне (Түркия) қалалары бар.

Молдовандар

Молдовандар (өз атауы – молдовень) – ұлт. Молдова Республикасының байырғы халқы. Жалпы саны 3,5 млн. адам (2004). Біразы ТМД елдерінде тұрады. Антропол. жағынан үлкен еур. нәсілдің ортаеуропалық тобына жатады. Роман тілінің шығыс тобындағы молдаван тілінде сөйлейді. Жазуы кириллицаға негізделген. Христиан дінінің православие тармағын ұстанады. Молдовандардың арғы тегі Волох этнол. қауымдастығымен тікелей байланысты. Фракиялық тайпалардың негізінде қалыптасып, б.з. алғашқы ғасырларында романдықтар ықпалына ұшыраған волохтар Солт. Балқан түбегі мен Карпат таулары аралығын мекен еткен. Ерте орта ғасырларда шығыс славяндардың ықпалына ұшырады. М. 12 ғ-да Шығ. Карпат өңірінде ұлт болып қалыптаса бастады. Молдовандардың дәстүрлі шаруашылығы мал бағу, егін егу (бидай, жүгері), бау-бақша, жүзім өсіру. Негізгі кәсіптері: тоқымашылық (кілем тоқу), құмыра жасау, ағаш өңдеу, тері илеу. Бірқатар аудандарда балықшылық, аңшылық кәсіптері дамыған. өлттық киімдері: ерлер ақ көйлек пен шалбар, кеудеше, қыста қой терісінен тігілген сеңсең бөрік, жазда тоқылған ши қалпақ киеді. Әйелдер негізінен түрлі ою-өрнектер салынған ақ көйлек киіп, бастарына орамал тартады. Аяқ киімдері – теріден жасалатын опинчь. өлттық тағамдарының басым көпшілігі жүгері мен ұннан жасалады. Ауыз әдебиеті ертегілерге, батырлық эпостарға, әндерге, мақал-мәтелдерге бай. Кең таралған муз. аспаптары: кобза (ішекті), най (үрмелі аспап), чимпа, т.б. Дәстүрлі ұлттық билері (хора, жок, молдовеняска) сақталған.

Г. Есбатырқызы

Тегеран конференциясы

Тегеран конференциясы (1943, 28 қараша – 1 желтоқсан) – халықаралық келісім. Оған 2-дүниежүзілік соғыстағы одақтас үш держава – КСРО, АҚШ, Ұлыбританияның мемлекеттерінің басшылары: И.В.Сталин, Ф.Д. Рузвельт, У.Черчилль, сыртқы істер министрлері, штаб бастықтары, т.б. кеңесшілер қатысты. Күн тәртібінде соғыстың барысы мен соғыстан кейінгі бейбітшілік мәселелері талқыланды. Одақтас елдердің Германияға қарсы соғыс қимылдарын бірлесіп жүргізу жоспарын жасау Тегеран Конференциясының басты мәселесі болды. Бұған дейін АҚШ пен Ұлыбритания Еуропада соғыс майданын ашамыз деген уәделерін орындамағандықтан соғыстың негізгі ауыртпалығын Кеңес Одағы көтерді. Кеңес делегациясының ұсынысы бойынша Еуропада 2-майдан ашу, соғыстың аяқталуын тездету мәселесі қаралды. Черчилль 2-майданды Балқан түбегі арқылы жүргізуді жақтады. Ол ағылшын-америкалықтар әскерін Кеңес Армиясынан бұрын Оңтүстік-Шығыс және Орталық Еуропаға кіргізуді көздеді. Ал Сталин Германия шекарасына неғұрлым жақын жерде – Солтүстік Францияда ашуды ұсынды. Оны Рузвельт жақтап, 2-майдан Францияның солтүстігінде 1944 жылы мамырда ашылатын болды. Кеңес Одағы Қызыл Армияның ірі шабуылын осы кезге сәйкестендіруге міндеттенді. Тегеран Конференциясында Түркияның одақтас елдер жағында соғысқа қатысуы қаралды. АҚШ пен Ұлыбританияның өтініштеріне байланысты Кеңес Одағы Еуропадағы соғыс аяқталысымен Жапонияға қарсы соғыс ашуға келісті. Рузвельт Германияны бір-біріне тәуелсіз бес мемлекетке бөлшектеу туралы мәселе көтерді. Черчилль бұл ұсынысты қабылдап, Австрия, Венгрия және Оңтүстік Германияның кейбір аудандарын қамтитын “Дунай федерациясын” құру жөніндегі жоспарды қолдады. Кеңес өкіметінің өкілдері бұл ұсыныстарды қабылдатпады. Тегеран Конференциясында Иранның тәуелсіздігі туралы да сөз болды. Соңғы мәжілісте Польша шекарасы жөнінде біраз мәселе шешілді. Болашақ кеңес-поляк шекарасы мәселесіне келгенде Сталин Кеңес Одағының атынан 1939 жылғы шекараны мойындауды талап етті, бұл негізінен 1920 жылы Керзон ұсынған бағытқа сәйкес келетін еді. Бұл талап қабылданды. Сонымен Польшаның шекарасы шығыста Керзон линиясымен, ал батыста Одер өзені бойымен өтуі жобаланды. Тегеран Конференциясында Германияның, дүние жүзінің соғыстан кейінгі құрылысы, болашақта БҰҰ арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Тегеран Конференциясы шешімдері соғыс барысында Кеңес Одағы, АҚШ, Ұлыбританияның өзара әкери-саяси ынтымағын жоғ. сатыға көтеріп, келешектегі қатынастарды нығайтуға жол ашты.

Текирдаг

Текирдаг (қала) – Түркияның солтүстік-батысындағы қала.

Текирдаг илінің әкімшілік орталығы. Түркияның Еуропа бөлігінде орналасқан. Халық саны 108 000 адам (2000 жылғы санақ қорытындысы). Текирдаг – бірнеше тарихи атауға ие болған қала. Родосто (Ρωδόστο) немесе Радестус (Ραιδεστός); Византия иелігінде болған кезде қала атауы – Византия (Βισάνθη); Осман кезеңінде Текфук Даг аталып, қазіргі атауы осының негізінде қалыптасты. Қаланың тарихы б.з.д. 4000 жылдан басталған. Сомос аралының тұрғындары ежелгі Родос қаласының негізін қалаған. 813 жылы қалада Болгарлардың Византия империясымен, 1206 жылы Латын империясымен шайқастары өтеді. 1306 жылы Осман түріктері қаланы жаулап алып, Эдирне уәлаяты құрамына кіргізеді. Түркия және Балқан түбегі елдері одағының арасындағы бейбіт келісімге сәйкес қала Бірінші Балқан соғысынан кейін Болгарияның құрамына кіреді. Бірнеше айдан кейін қала қайтадан Түркияға беріледі. 1918 жылы Бірінші Ұлы Отан Соғысы аяқталғаннан кейін қала грек әскерлерінің басқаруында болып, Сверск келісіміне сәйкес Грекияның құрамына кіреді. Бірақ 1922 жылғы Лозан келісіміне сәйкес Грекия қаланы Түркия Республикасына беруге мәжбүр болады.

Түрік тілі

Түрік тілі — дүние жүзі бойынша 80-85 миллион адам сөйлейтін тіл, түркі тілдерінің ішіндегі ең көп тарағаны. Түрік тілінде сөйлеушілер негізінен Түркияда шоғырланған, Кипр, Болгария және Шығыс Еуропаның басқа да аймақтарында да тұрады. Батыс Еуропадағы, әсіресе Германиядағы бірнеше миллион иммигрант қауымы да түрікше сөйлейді.

Түрік тілі Орталық Азияда пайда болған, оның алғашқы жазба ескерткіштері шамамен 7-8 ғасырларда жазылған. Батыста бүгінгі түрік тілінің ізашары —Османлы түрікшесі Османлы империясының кеңеюімен бірге тарап отырды. 1928 жылы Ататүрік реформаларының кезінде Османлы әліпбиі латын әліпбиінің фонетикалық вариантымен алмастырылды. Сонымен бірге, жаңадан құрылған Түрік тілі қоғамы тілдегі араб және парсы тілдерінен енген сөздерді түріктің төл сөздерімен немесе түркі түбірлерінен құралған жаңа сөздермен алмастыру науқанын бастады.

Түрік тілінің басты ерекшеліктері — үндестік заңы және агглютинация. Түрік тіліндегі негізгі сөз тәртібі: SOV (яғни, бастауыш — толықтауыш — баяндауыш). Түрік тілінде екінші жақ есімдіктерінің анайы және сыпайы түрлері қолданылады (яғни сен-сіз бойынша айырмашылық). Түрік тілінде грамматикалық тектер жоқ.

Фригана

Фригана (гр. phryganon — шыбық) — Жерорта теңізінің қиыршықтасты, құрғақ беткейлерінде (Балқан түбегі, Кипр, Қырым және т.б.) өсетін өсімдіктер. Фриганаға көбіне ароматты қасиеттері бар (лаванда, гүлшетен, жұпар сәлбен және т.б.), құрғақшылыққа төзімді бұташықтар мен шөптер жатады.

Шығыс Рим империясы

Шығыс Рим империясы немесе Византия империясы (395-1453) ( Батыс тарихшылары XIX ғасырда Шығыс Рим империясы атауының орнына Византия империясы деген атау берген. Византия халығы өздерін ромей деп атаған) — 395 – 1453 жылдар аралығында өмір сүрген мемлекет.. Алғашында «Ромейлер империясы» деп аталған. Византия атауын Батыс тарихшылары XIX ғасырда енгізген.

Эгей теңізі

Эгей теңізі (гр. Αιγαίο Πέλαγος; түр. Ege Denizi) — Жерорта теңізі алабындағы жартылай тұйық теңіз. Балқан түбегі, Кіші Азия мен Крит аралы аралығында орналасқан.

Грекия мен Түркия жағаларын шаяды. Солтүстік-шығысында Дарданелл бұғазы арқылы Мәрмәр теңізімен, оңтүстігінде ұсақ аралдар аралығындағы көптеген бұғаздар арқылы Жерорта теңізімен жалғасқан. Аумағы 191 мың км2. Плиоцен мен плейстоценнің аяғында су астына шөккен құрлық (Эгеида) үстінде орналасқан. Ең терең жері – 2561 м. Аралдары көп (Солтүстік және Оңтүстік Спорад, Киклад топ аралдары, т.б.). Судың температурасы беткі қабаттарда қыста 11 – 16С, жазда 22 – 25С. Тұздығы 37 – 38‰. Толысуы жарты тәуліктік (1 м-ге дейін). Жағалауы шығанақтармен және қойнаулармен тілімделген. Балық ауланады.Эгей теңізі арқылы Қара теңіз порттарынан Оңтүстік Еуропа, Солтүстік Африканың порттарына, Таяу Шығысқа және Орта Шығысқа, Суэц каналы арқылы Үндістанға және Оңтүстік-Шығыс Азия порттарына су жолдары өтеді. Ірі порттары – Пирей, Салоники, Ираклион (Грекия), Измир, Шанаққала (Түркия).

Эпиграфика

Эпиграфика – қатты материалдарға (тас, металл, қыш, т.б.) жазылған (негізінен ежелгі және ортағасырлық) жазуларды зерттейтін тарихи қосымша пән. Қайта өркендеу дәуірінде пайда болғанымен ғылым ретінде Эпиграфиканың әдістемесі (жазулардың құпиясын ашу әдістері, жазуларды толтыру мен жазылған уақытын анықтау, т.б.) 18 – 19 ғ-ларда жасалды. Египет иероглифтерінің, сына жазуының, микены жазуының құпиясын ашу 19 – 20 ғ-ларда Эпиграфика саласының өрісін елеулі кеңейтті. Дүние жүзі халықтары ерте заманнан пиктог., иерогливтік, фонет. немесе әліпбилік жазудың түрлерін қолданған. Жазылу ерекшеліктеріне қарай олар фразограммалық, логограммалық, морфемограммалық, силлабограммалық және фонограммалық жүйеге ажыратылады. Славян, көне түркі жазбалары фонет. жазу түріне жатады. Көбірек зерттелген Эпиграфикалық жазуларға египет, вавилон, крит, қытай, грек, латын, шумер, ассирия, аккад, финикия, рим, араб, үнді, иран, славян, түркі жазбалары жатады. Египеттік пирамидалар мен басқа да әдет-ғұрыптық құрылыстардағы, тас бағандардағы ең ежелгі иероглифтік мәтіндер б.з.б. 4- және 3-мыңжылдықтардың шекарасында пайда болған. Месопотамия, Сирия мен Кіші Азияның сына жазуымен жазылған мәтіндері б.з.б. 4-мыңжылдықтың соңына жатады және шумер, аккад, хетт, хуррит, элам, урарту тілдерінде жазылған. Жартастарға, сарайлардың қабырғаларына (әсіресе Дарий І мен Ксеркс жазулары маңызды) ежелгі иран сына жазуларымен жазылған мәтіндер б.з.б. 6 – 4 ғ-ларға жатады. Ежелгі Шығыс Эпиграфикасының тарих ғылымы үшін маңызы зор (мыс., Хаммурапи патшаның заңдар жинағы). Үндістан халықтарының тарихы үшін Ашока патша кезіндегі саяси, шаруашылық, діни мазмұндағы мәтіндердің, хараппа өркениеті мөрлеріндегі идеограммалардың маңызы ерекше. Сүйекке, бамбукке, қолаға жазылған ежелгі қытай жазбалары б.з.б. 14 ғ-ға жатады. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың соңынан бастап Библде, Сидонда, Испаниядағы финикиялық қоныстарда діни, ішінара тарихи мазмұндағы финикиялық эпигр. ескерткіштер пайда бола бастады. Карфагендік эпигр. мәтіндер пунилық мәтіндер деп аталды. Финикиялық Эпиграфикаға арамейлік және ежелгі еврей мәтіндері (б.з.б. 9 ғ-дан бастап) қосылды. Буындық жазумен жазылған б.з.б. 11 ғ-дағы ежелгі грек жазулары негізінен Кипр аралынан шықты. Неғұрлым кейінгі уақыттағы (б.з.б. 7 ғ-дан бастап) құрлықтық Грекия, Оңт. Италия мен Жерорта т. аралдарынан табылған жазулар көп және мазмұны жағынан әр алуан: заңдар жинақтары (мыс., Гортин заңдары, декреттер, шарттар, жоғары қызмет атқарушылардың тізімі, сондай-ақ тарихи мазмұндағы мәтіндер), т.б. латын жазулары (б.з.б. 7 ғ-дан бастап) Рим империясының бүкіл аумағы мен одан тыс жерлерден (Солт. Қара т. жағалаулары, Кавказ, Алдыңғы Азия) табылды. Олардың ішінде көлемі үлкен мәтіндер: жер жөніндегі заңдар, “Августың өсиеттері” деп аталған Юлий Цезарьдің муниципалдық заңдары, декреттер, т.б. болды. Антик. қыш ыдыстардағы Эпиграфика шаруашылық пен сауда жөніндегі маңызды деректер болып табылады. Қоғамдық ұйымдардың жазбалары антик. қоғамның әлеум. құрылымы жөнінде деректер береді. Грек-латын Эпиграфикасына этрускілер мен басқа да италиялық тайпалардың жазбалары жатады. Грек және латын тілдеріндегі кейінгі жазулар (Балқан түбегі, Батыс Еуропа) мен ортағасырлық эпигр. ескерткіштер христиандық (қабір басылық және шіркеу-құрылыстық) Эпиграфикаға жатады. Ежелгі герман тайпалары руналық жазулар қалдырған. Орта ғасырларда араб жазуымен құрастырылған және әр түрлі халықтарға тиісті жазбалар Атлант мұхиты жағалауларынан Тынық мұхит жағалауларына дейін таралды. Кавказ халықтарының тарихы үшін саяси және мәдени тарихтан деректер беретін армян және грузин жазбаларының маңызы зор. Кириллицамен жазылған алғашқы славян ескерткіштері (10 ғ.) Македониядан, Сербия, Хорватия мен Чехиядан табылды. 6 ғ-дан басталған түркілік руналық жазбалар Моңғолиядан бастап Венгрияға дейін таралды. Қазақ жері Эпиграфикалық жазбаларға бай. Көрнекті Эпиграфикалық ескерткішке “Әулиеата жазуы”, “Сырдария жазуы”, “Ұлытау жазуы”, “Кеген жазуы”, “Ұзынсу жазуы”, “Есік жазуы”, “Бөріжар жазуы” жатады. Ондағы таңбалардың ерекшелігіне қарай жазудың руна немесе көне түркі жазуы, көне ұйғыр жазуы, араб жазуы түрлері бар. Б.з.б. 2 – 1 ғ-лардан жеткен кірпіш бетіне жазылған “Сырдария жазуында” мынадай жол бар: транскрипциясы: ебі ара сабуқ еке алты ер ату ап ач; аудармасы: Сабуқекенің үйінде атақты алты ер бар еді (Ғ.Мұсабаев). Эпиграфикалық ескерткіштер халықтың мәдени тарихындағы қайсыбір кезең туралы маңызды мәлімет беріп отырады. Қазақстан Эпиграфикасын дамытуға Ш.Уәлиханов, А.Диваев, И.А. Кастанье, І.Сәтбаев, Ғ.Мұсабаев, А.Махмудов, Ғ.Айдаров, А.Аманжоловтар өз үлестерін қосты.

С. Бизақов

Құйық

Құйық немесе Циперус (лат. Cyperus) – қияқөлеңдер тұқымдасына жататын өсімдіктер туысы. Ежелгі грек тілінен аударғанда «өзеннің байлығы» деген мағынаны білдіреді. Циперустың негізгі отаны Мадагаскар мен тропиктік Африка. Жалпы 400-ге жуық түрі бар. Олардың барлығы да жер шарының ылғалды, батпақты, тропикалық және субтропикалық аймақтарында таралған. Бізде циперусты бөлме гүлі ретінде өсіреді. Оның тік сабақтарының басында қолшатыр тәріздес жапырақшалары орналасқан.Түріне байланысты циперус сәуірден қыркүйек айына дейінгі аралықта гүлдейді. Гүлдері жапырақшаның дәл ортасынан шығады, жасыл түсті, кейін біртіндеп қоңырға айналады.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.