Африка

Африка — аумағы жағынан Еуразиядан кейінгі орынды алатын құрлық, дүние бөлігі.

LocationAfrica
Африка
Африка
Африка құрлығы
Африка құрлығы
Территория30 221 532 км²
Халық саны1,1 млрд (2013)[1] адам
Тығыздығы30,51 адам/км²
Этнохоронимафрикалықтар
Енеді55[2] мемлекет
Тәуелді аймақтар
ТілдеріАфрика тілдері қараңыз
Уақыт белдеулеріUTC-1 — UTC+4
Ірі қалалары Африка миллионер қалалар тізімі

Қысқаша мәлімет

Жерінің аумағы 29,2 млн. км2 (аралдарымен бірге 30,3 млн. км2). Тұрғыны 887,9 млн. адам(2010 жылғы мәлімет ). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 8000 км-ге, батыстан шығысқа қарай 7500 км-ге (Сахарада) созылған, оңтүстігіндегі ені 810 км. Жағалауының жалпы ұзындығы 30500 км. Африканы экватор сызығы ортасынан кесіп өтеді. Құрлықты солтүстігінде Жерорта теңізі, батысында Атлант мұхиты, шығысында Үнді мұхиты мен Қызыл теңізі сулары шайып жатыр. Солтүстік-шығысында жіңішке Суэц мойнағы (112 км) арқылы Азиямен жалғасады. Гибралтар бұғазы арқылы Еуропаның Пиреней түбегінен бөлінген. Ірі шығанақтары Гвинея, Сидра. Ең үлкен түбегіСомали, құрлықтың шығысында – Мадагаскар, Занзибар, Сокотра, Мафия, Пемба, Комор, Маскарен, Амирант және Сейшель аралдары, батысында – Мадейра, Канар, Жасыл мүйіс, Гвинея шығанағында Аннабон, Сан-Томе, Принсипи, Фернандо-По аралдары орналасқан.

Жер бедері

Colonial N.Africa 1913 map

Ойпаттары мен аласа жазықтары көбіне жағалауда орналасқан (Сенегал, Гвинея жағалауы, Сомали, Мозамбик, Жерорта теңізі жағалауы). Экватордан солтүстікке қарай Африканың көп жерін Сахара және Судан жазықтары мен үстірттері алып жатыр. Сахараның солтүстік-батысында Атлас таулары (Тубкаль, 4165 м), шығысында Қызыл теңізді бойлай Этбай жотасы (Асотериба 2216 м) созылып жатыр. Ол оңтүстігінде Эфиопия таулы қыратына (Рас-Дашан, 4623 м) ұласады. Бұл таулы қыраттың аралығында Африканың ең терең ойысы – Афар жатыр. Оның солтүстік-батысында Камерун жанартауы (4070 м), солтүстігінде Азанде, батысында Оңтүстік Гвинея қыраты, оңтүстігінде Лунда-Катанга үстірті, шығысында Шығыс Африка таулы қыраты қоршай орналасқан. Олар сөнген және әлі сөнбеген жанартау конустарына, яғни батысында Рувензори (5109 м), Карисомба (4507 м), Рунгве (3175 м), шығысында Элгон (4322 м), Кения (5199 м), Меру (4567 м), Килиманджаро (5895 м) тауларына жалғасады. Оңтүстікке қарай жүрген сайын жер бедері біртіндеп аласарып, Калахари ойысы арқылы Кап және Айдаhар (Дракон) тауларына ұласады.

Пайдалы қазбалары

HEUraniumC
Уран

Африка жері қазба байлықтарға өте бай, әсіресе, минерал кендерінің қоры көп. Мұнай мен газдың ірі кен орындары Нигерияда, Ливияда, Египетте, Алжирда, ал тас көмірдің ірі кендері, Оңтүстік Африка Республикасы жерінде табылған. Кобальт пен мыстың аса ірі қоры Замбия мен Конгода, алмас, платина, алтын кендері Оңтүстік Африка Республикасында, уран Нигерия мен Намибия жерінде шоғырланған.

Топырағы

Африка топырақ үлгісі

Африканың тропикалық аралық жерлерінде топырақ латерриттік процесспен құралған. Оның ылғалды, мәнгі жасыл ормандары - экваторлық бөлігі құнарлы қызыл-сары латерит топырақты жерлер. Өзендер баяу ағаиын Конго ойыс батыс бөлігінің топырағы латерит-глей топырақ және тропиктік батпақты топырақ. Жапырағын түсіретін мәнгі жасыл аралас ормандар мен ылғалды саванналарда қызыл топырақ, құрғақ саванна шөлейтте қызыл қоңыр жцне карбонатты қызғылт топырақ пайда болды. Суданның қазан шұңқырлары мен Шығыс және Оңтүстік Африка - негізінен гидроморфты қара топырақтық және тропиктік батпақ топырақты жерлер. Шығыс Африканың оңтүстігі мен Оңтүстік Африка әжептәуір қызыл қошқыл топырақты келеді. Оазистерге шалғын-сор және сор топырақ тән. Африканың жерортатеңіздік климатты, субтропиктік белдеуіндегі карбонатты, гипсты қошқыл топырақ, неғұрлым қуаң аудандарда сұр қошқыл топырақ шөлейт пен шөлде сұр топырақ кездеседі.

Климаты

Африка тропиктік белдеулер аралығында орналасқандықтан, жері өте қатты қызады. Жаз айларындағы орташа температурасы құрлықтың барлық бөлігінде дерлік 200С-тан жоғары, Сахара мен Суданның солтүстігінде 350 – 380С-қа жетеді. Жер шарындағы ең жоғары температура +580С 1933 жылы Сахараның (әл-Азизия) Жерорта теңізі жағалауында тіркелген. Жылдық жауын-шашынның ең көп түсетін жері Гвинея шығанағы жағалауындағы Камерун тауының беткейінде (10470 мм, Дебунджа), ал ең аз жауын-шашын мөлшері Сахарада (0,5 мм, Асуан қаласы) тіркелген. Географиялық ерекшелігіне қарай Африка аумағы ыстық, ылғалды экваторлық, ауыспалы ылғалды (муссондық), субэкваторлық, ыстық әрі құрғақ, континенттік, тропиктік шөл, ыстық ылғалды тропиктік және субтропиктік жерортатеңіздік климат белдеулеріне бөлінеді.

Ішкі сулары

Ägypten am Nil
Ніл өзені

Африка- үлкен өзендер құрлығы.[3] Ол құрлық ішкі суларының жылдық ағынының мөлшері (5400 км3) бойынша Еуразия мен Оңтүстік Америкадан кейінгі орында тұр. Өзендер экватор төңірегі мен құрлықтың оңтүстік-шығыс жағалауында жиі. Шөлді аудандарда, әсіресе, Сахарада климаттың ертеде ылғалды болғанын аңғартатын құрғақ өзен арналары (вади) көптеп кездеседі. Ірі өзендеріНіл (6671 км, дүние жүзіндегі ең ұзын өзен), Конго, Замбези, Нигер, Оранж.[4] Нілдің су алабының кеңдігі соншалық. ол бүкіл Африка құрлығының оннан бір бөлігін торлап жатыр. Ніл Руанда мен Эфиопияаның таулы аймақтарынан бастау алып, оңтүстіктен солтүстікке қарай қарай ағады. Оранж өзенінің төменгі бөлігі Калахари мен Намибия шөлдері арқылы ағады. Өзеннің сағасында өте бай гауһар кені бар. Асау Нигер өзені Батыс Африканың бес мемлекетінің қалқы үшін азық пен су көзі болып отыр. Африканың жиырмадан астам тайпасы тіршілігін Нигермен байланыстырып, осы өзенге үміт артады. Заир ( Конго) өзені ұзындығы жағынан әлемде бесінші орында. Ал қара құрлықта солтүстік шығыс Африкадағы Нілден кейін екінші орында. Замбези - Африканың Ніл, Заир, Нигер өзендерінен кейінгі төртінші өзен жүйесі. Ол Орталық Африкадан Үнді мұхитына қарай алты мемлекеттің жерінен ағып өтеді. Лимпопо өзені Ботсванадан бастау алады.[3] Өзен арналарында шоңғалдар мен сарқырамалар көп кездеседі. Замбези өзенінің бойында атақты Виктория сарқырамасы бар (биіктігі 120 м, ені 1800 м). Құрлықтағы өзендердің гидроэнергетикалық мүмкіндігі өте жоғары. Ірі артезиан алаптары Сахара мен Калахари жерінде жатыр. Африка көлдерінің ірілері: Виктория, Танганьика, Ньяса, Рудольф, Чад.

Өсімдіктер дүниесі

Phoenix dactylifera2
Финика пальмасы

Африкада гүлді өсімдіктердің 40000-нан астам түрі бар, оның 9000-ға жуығы тек қана осы құрлықта өсетін өсімдіктер. Құрлықтың 8%-ын ылғалды тропиктік орман (гилея), 35%-ына жуығын саванна және сирек орман, 40%-ы құрлықтық шөл мен шөлейт белдемі алып жатыр. Гвинея жағалауы мен Конго ойысындағы ылғалды экваторлық орманда ағаштың 300-ден астам түрі бар. Олар бірнеше қабатты болып өседі, ең биік өсетін ағаштар – пальмалар (биіктігі 60 – 70 м-ге жетеді). Олардың алып фикус, май және шарап пальмасы, сейба, қола ағаштары сияқты түрлері бар. Төменгі бөліктерде банан, папоротниктер, либериялық кофе ағашы және каучук беретін ағаш тәріздес лиана, ландольфия, ротанг пальмасы кездеседі. Саваннаның негізгі ағашы – баобаб. Олардың аралығында биіктігі 2 – 3 м, кейде 5 м-ге жететін піл шөбі, дум пальмасы, май пальмасы өседі. Сахара мен Калахари шөлдерінің шұраттарында құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерден жусан, жантақ, акация, құрма пальмасы, Намиб пен Карру шөлдерінде суккулентті өсімдіктерден сүттіген, вельвичия таралған. Африка – кофе мен құрғақшылыққа төзімді бидайдың отаны.

Жануарлар дүниесі

Lion waiting in Namibia
Қарапайым арыстан

Африкада жануарлар өте көп және алуан түрлі. Құрлық сүтқоректі жануарларға, әсіресе, тұяқты жануарларға бай. Жер шарындағы 51 туысқа біріктірілетін сүтқоректілердің 1/4-і осында шоғырланған. Тек қана Африкаға тән жануарлардан африка піл, керік, зебр, адам тәріздес маймылдар – шимпанзе мен горилла, басы итке ұқсас маймылдар павиан мен мандрил, сондай-ақ бегемоттар, Мадагаскар аралығындағы лемурды атауға болады. Құрлықтың жануарлар дүниесі 19 ғасырда, әсіресе, 20 ғасырдың басында аяусыз қыру нәтижесінде күрт азайып кеткен. Қазір құрлық бойынша 150-ден астам ұлттық саябақтар, қорықтар, қамашаулар құрылған. Ірі ұлттық саябақтарға Рувензори, Кения, Серенгети, Вирунга, Цаво, Кафуэ, Калахари-Хемсбок, Крюгер, Намиб жатады.

Тарихы

Afrikakonferenz
Берлин конференциясы

Африка туралы мәлімет өте ерте кезден-ақ белгілі болған, әсіресе, оның жерортатеңіздік жағалауындағы ірі мемлекеттер туралы деректер көп. Египет перғауынында қызметте жүрген финикиялықтар біздің заманымыздан бұрынғы 600 жылы шамасында бүкіл құрлықты айнала жүзіп шыққан. 14 ғасырда марокколық араб Әбу Абдаллах ибн-Баттута қазіргі Сомали мемлекеті аймағын, кейіннен Мали мен Тимбукту жерлеріне саяхат жасап, зерттеген. Құрлықты біздің заманымызда ең алғаш рет Үндістанға баратын қысқа жол іздеу мақсатында Васко да Гама (1497 – 1498) басқарған португал экспедициясы айналып шыққан, бірақ құрлықтың ішкі бөлігіне ешкім тереңдеп енбеген. Тек 19 ғасырдағы отаршылық науқаны кезінде көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілген. Олардың ішінде ағылшын саяхатшысы Давид Ливингстонның 1840 – 1870 жылдары және орыс саяхатшысы Василий Юнкердің 1876 – 1896 жылдары зерттеулерін атауға болады.

Мемлекеттік жағдайы

Африканың қазіргі саяси картасында 55 мемлекет бар. Олардың үшеуінде конституциялық монархия (Марокко, Лесото, Эсватини), Намибияда федерациялық республика, ал қалғандарында республикалық мемлекеттік құрылым орныққан. Африка елдерінің көпшілігінде шаруашылықтың бір жақты мамандануы, яғни экспортқа бағытталған шикізат немесе азық-түлік өндіру сақталған.

Африка тайпалары

Африка осыдан 8-5 млн жыл бұрын алғашқы адамдардың отаны болған. Қазіргі таңда бұл құрлықты, негізінен жергілікті тұрғындар мекендейді. Дегенмен Африкадағы бір мемлекетті екіншісімен салыстыру қиын. Олар әртүрлі тілде сөйлейді, діни-ұстанымдары, салттары бір-бірінен өзгеше.

Африкалық бетперделер

Африкалық бетперделердің тарихына үңгілсек, олардың ежелгі тас дәуірінде пайда болғанына көз жеткіземіз. Ойын кезінде киетін бетпернені африкалықтар теріден, матадан және басқа да ағаш түрлерінен жасаған. Африкалық бетперделер әлемдегі өнертанушылардың ішінде ерекше орын алады. Өнер туындылармен жинақтаудын айналасатын мамандар тамаша бетпердені өте қымбатқа бағалайды. Бетперде жасау дәстүрі африкалықтар өмірінде тарихи, мәдени айрықша маңызға ие.

Африка шөлдері

Африка жер бетіндегі ең үлкен шөл - Сахара шөлінің отаны. Құрлықта негізінен үш шөл бар: Сахара, Намбий және Калахари. Жыл бойы күн сәулесі түсіп тұратын алып жазықтар Африканың ауқымды бөлігін қамптып жатыр. Шөл даланы өзінің құрғақ сағалары кесіп өтеді, мұнда құрғақшылыққа шыдамды бұлттар ғана тамыр жаяжы. Карас пен Хун сияқты кішкентай тау тізбектері де кездесіп қалады.

Сахара шөлі

Сахара шөлі жер бетіндегі ең ыстық мекендердің бірі. Бұл өлкеге жылына шамамен 8 см-дей ғана жауын-шашын түседі. Тіпті ең жаңбырлы аймақ дегенінің өзіне жауын аптасына екі рет жауып содан бірнеше жыл тамшы тамбай қалуы да мүмкін. Сахара шөлі Солтүстік Африканың 9 400 000 шаршы шақырымын алып жатыр. Нарлар және ешкілер ғана шөлге шыдамдылық танытады.

Дереккөздер

  1. 2013 World Population Data Sheet. Population Reference Bureau (2013).
  2. How many countries in Africa? How hard can the question be?
  3. a b Балаларға арналған танымдық энциклопедия. Географиялық аймақтар, 24-бет
  4. Балалар Энциклопедиясы, II- том

Сыртқы сілтемелер

Бенин

Бенин (фр. Bénin), толық ресми түрі Бенин Республикасы (фр. République du Bénin, 1975 жылға дейін Дагомея) — Батыс Африкадағы мемлекет. Солтүстікте Буркина-Фасо және Нигермен шекаралас, шығыста — Нигериямен, батыста — Тогомен. Астанасы — Порто-Ново, бірақ басшылық Котонуда орналасқан, Бениндегі ең ірі қала.

Габон

Габон (фр. Gabon [ɡaˈbõ]), толық ресми атауы — Габон Республикасы (фр. République gabonaise) — Орталық Африкадағы ел болып, Франция елінің бұрынғы отары. Африка континентіндегі ең бай және тұрақты мемлекет болып ессептеледі. Елордасы— Либревиль қаласы.

Гана

Гана (ағылш. Ghana) немесе Гана Республикасы (ағылш. Republic of Ghana) — Батыс Африкадағы мемлекет. Ұлттар достастығығы мүшесі. Батысында Кот-д’Ивуармен, солтүстік-бытысы мен солтүстігінде — Буркина-Фасо, ал шығыстан — Тогомен шектеседі. Оңтүстігін Гвинея шығанағы шайып тұр.

Джибути

Джибути (араб.: جيبوتي‎), ресми атауы Джибути Республикасы (Үлгі:Lang-ar2) — Африканың солтүстік-шығысында, Африка мүйізінде орналасқан мемлекет. Эфиопиямен, Сомалимен және Эритреямен шектеседі.

Дүние жүзі

Дүние, дүние жүзі —

жалпы мағынасында – бүкіл әлем, ғалам;

нақты мағынасында – Жер жүзі планетасының беті;

қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Дүние сөзі материалдық игілік, байлық, мүлік ұғымдарын да білдіреді.

Конго Демократиялық Республикасы

Конго Демократиялық Республикасы (фр. République démocratique du Congo) — Африка құрлығындағы жер көлемі жағынан үшінші орындағы мемлекет. Конго Демократиялық Республикасы елі Бурунди, Конго Республикасы, Орталық Африка Республикасы, Оңтүстік Судан, Уганда, Руанда, Танзания, Замбия, Анголаның Кабинда аймағымен шектеседі.

Аумағы 2 345 410 км². Халқы – 77,44 млн. (2014). Астанасы – Киншаса қаласы.

Тілдері: француз тілі (мемлекеттік тіл), лингала, кингвана, киконго, чилуба.

Мавритания

Мавритания (араб.: موريتانيا‎ – «әл-Муритания» ), толық атауы Мавритания Ислам Республикасы (араб.: الجمهورية الإسلامية الموريتانية‎ – «әл-Джумхурия әл-Исламия әл-Муритания») — Батыс Африкадағы мемлекет. Жер аумағы 1,03 млн км². Халқы - 3 359 185 адам (2012 ж.). Негізгі тұрғындары маврлар (80%), оған қоса волоф, тукепер, зенага сонинк, т.б. халықтар тұрады. Астанасы — Нуакшот қаласы. Ресми тілі — араб тілі. Діни сенімдері бойынша ислам сүнниттері. Конституциясы бойынша елді президент басқарады (1997 жылдан Мауйя Ульд Сид Ахмед Тайя). Заң шығарушы органы — екі палаталы парламент — Сенат пен ұлттық жиналыс. Ұлттық мерекесі — 28 қараша — Тәуелсіздік күні (1960). Ақша өлшемі — угия.

Әкімш. жағынан 12 ауданға бөлінеді. 1961 жылдан БҰҰ-на, 1963 жылдан Африка Бірлігі ұйымына (АБө) мүше.

Мадагаскар

Мадагаскар Республикасы (Үлгі:Lang-mg [republiˈkʲan madaɡasˈkʲarə̥], фр. République de Madagascar) — Үнді мұхитындағы Мадагаскар мен оған жақын ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет.

Халқы 16,4 млн. (2003), негізгі тұрғындары малагасийлер (98%).Арал тұрғындарының жартысына жуығы жергілікті діни сенімдерді ұстанады (45%), қалғандары христиандар (40%) мен мұсылмандар (15%).

1993 ж. қабылданған конституциясы бойынша елді президент басқарады.

Заң шығарушы органы — екі палаталы парламент (ұлттық жиналыс пен Сенат).

Әкімшілік жағынан 6 провинцияға бөлінеді.

1960 жылдан БҰҰ-на, 1963 жылдан Африка Бірлігі ұйымына (АБҰ) мүше.

Мозамбик

Мозамбик Республикасы (порт. República de Moçambique [ʁɛˈpublikɐ di musɐ̃ˈbiki]) — Оңтүстік-Шығыс Африкада орналасқан мемлекет. Жер аумағы 801,6 мың км². Астанасы – Мапуту қаласы Халқы – 19,1 млн. Тұрғындарының 47%-ын макуа-ломве, 23%-ын тсонга, қалған бөлігін малави, шона, яо этн. топ өкілдері құрайды. Ресми тілі – португал тілі, макуа, малави, тсонга, шона, суахили тілдері де кең таралған. Халқының 30%-ы христиандар, 10%-ы мұсылмандар, 60%-ы жергілікті діни сенімдерді ұстанады. Мозамбик әкімшілік жағынан 11 провинцияға бөлінеді. Мемлекет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – бір палаталы Республика ассамблеясы. Жоғары атқарушы органы – үкімет. Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні – 25 маусым (1975). Мозамбик 1975 жылдан БҰҰ-ға, Африка Бірлігі ұйымына (АБҰ) мүше. Ақша бірлігі – метикал.

Мозамбик Африканың оңтүстік-шығысында орналасқан. Солтүстігінде Танзаниямен, батысында Малави, Замбия, Зимбабвемен, оңтүстігінде Эсватини және Оңтүстік Африка Республикасымен, шығысында Үнді теңізімен шектесіп жатыр. Әкімшілік жағынан 11 провинцияға бөлінеді. Ресми тілі - португал тілі, сондай-ақ жергілікті халықтардың макуа,малави, тсонга, шона, суахили тілдері де кеңінен қолданылады. . Жоғары заң шығарушы органы бір палаталы парламент - Республика ассамблеясы. Жоғары атқарушы органы - Үкімет

Намибия

Намибия Республикасы (ағылш. Republic of Namibia; 1968 жылға дейін — Оңтүстік-Батыс Африка) – Африканың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер аум. 825,4 мың км2. Халқы 1,9 млн. (2004). Тұрғындарының 86%-ы жергілікті тайпалар (овамбо, каванго, гереро, дамара, т.б. этн. топтар), 6%-ы еуропалықтар, қалғандары түрлі ұлт өкілдері. Астанасы – Виндхук. Ресми тілі – ағылшын тілі. Мемлекет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – екі палаталы парламент (Ұлттық ассамблея, Ұлттық кеңес). Халқының көпшілігі – христиандар, қалғандары жергілікті наным-сенімдерді ұстанады. Ұлттық мерекесі 21 наурыз – Тәуелсіздік күні. Ақша бірлігі – намибия доллары.

Нигер

Нигер (фр. Niger [niˈʒɛʁ] тыңдау), ресми — Нигер Республикасы (фр. République du Niger) — Батыс Африкадағы мемлекет. Жер аумағы – 1267 мың км². Халқы 10,1 млн. (2000). Жергілікті тұрғындары хаусалар 4,2 млн., джерма 2,3 млн., фульбелер 1,3 млн-ға жуық, туарегтер 900 мың, канурилер 800 мың. Олардан басқа тубулер, сонгаилар, гурмалар қоныстанған. Елде 50 мың сириялықтар, ливандықтар, француздар бар. Астанасы – Ниамей қаласы Әкімшілік жағынан 7 департаментке, 33 округке бөлінеді. Ресми тілі – француз тілі. Халқының 80%-ы мұсылман-сүнниттер, 1%-ы христиандар, қалғандары жергілікті наным-сенімдерді ұстанады. 1989 жылы қабылданған конституциясы бойынша мемлекет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – ұлттық жиылыс. Жоғарғы атқарушы органы – үкімет. Ақша бірлігі – Африка қаржы қауымдастығының франкі. Ұлттық мейрамы 18 желтоқсан – Республика күні (1958), БҰҰ-ның, Африка Бірлік Ұйымының (ОАЕ) мүшесі.

Нигерия

Нигерия (ағылш. Nigeria [naɪˈdʒɪrɪə]), Нигерия Федеративті Республикасы (ағылш. Federal Republic of Nigeria; игбо Republic ndi Naigeria; йоруба Orílẹ̀-èdè Olómìnira Àpapọ̀ ilẹ̀ Nàìjíríà; хауса Jam-huriyar Taraiyar Nijeriya; фула Republik Federaal bu Niiseriya) — Батыс Африкада Нигер өзенінің төменгі ағысында орналасқан мемлекет. Жер аумағы 923768 км². Халқы 174,5 млн. (2013) (хауса – 21%, йоруба – 20%, ибо – 17%, фулани – 9%, қалғандары – фульбе, канури, эдо, игбо, т.б. халықтар). Ресми тілі – ағылшын тілі. Халқының 50%-ы мұсылмандар, 40%-ы христиандар, қалған бөлігі жергілікті діни наным-сенімдерді ұстанады. Мемлекет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – парламент. Астанасы – Абуджа қаласы (1991 жылдан). Әкімшілік жағынан 36 штат пен федералдық астаналық аумаққа бөлінеді. Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні – 1 қазан (1960). Ақша бірлігі – найра.

Орталық Африка Республикасы

Орталық Африка Республикасы (ОАР) – Африканың орталық бөлігінде орналасқан мемлекет.

Әкімшілік жағынан 16 префектураға бөлінеді. Ресми тілі – француз және санго тілдері. Халқының 50%-ы жергілікті наным-сенімдерді, 40%-ы христиан, 10%-ы ислам діндерін ұстанады. 1994 жылы қабылданған конституциясы бойынша мемлекет басшысы – президент. Ақша бірлігі – Африка қаржы қауымдастығының франкі. Ұлттық мейрамы – 1 желтоқсан – Республика күні (1958). БҰҰ-ның (1960), Африка Бірлік ұйымының (АБҰ) (1963) мүшесі.

Оңтүстік Африка Республикасы

Оңтүстік Африка Республикасы (қысқаша — ОАР) – Африка континентінің оңтүстік жартысындағы мемлекет. ОАР солтүстікте – Намибия, Ботсвана және Зимбабвемен, ал солтүстік-шығыста – Мозамбик және Эсватини елдерімен шектеседі. ОАР-дың ішінде Лесото ел-анклавы орналасқан. ОАР Африканың көпұлты мемлекеттердің қатарында. Ұлттық мейрамы – 27 сәуір – Бостандық күні (1994). БҰҰ-ның (1945), Африка Бірлік Ұйымының (ОАЕ) мүшесі (1994).

ОАР – ядролық қаруды жасап, одан өз еркімен бас тартқан ел.

Солтүстік Африка

Солтүстік Африка (араб.: شمال أفريقيا‎) БҰҰ макроаймақтық бөлінісі бойынша Африканың аймағы болып табылады. Аумағы - шамамен 10 млн км². Бұл аймақта Африканың ең ірі мемлекеттері орналасқан:

Алжир

Мысыр

Батыс Сахара

Ливия

Мавритания

Марокко

Судан

Тунис

Оңтүстік СуданБірнеше мемлекеттің ғана аумағы 1 млн км²-ден кем, ал Африканың осы бөлігінде орналасқан ең ірі елдер — Алжир, Судан және Ливия — 1,5 млн км²-ден едәуір асады.

Сонымен қатар, кейде Канар аралдарын, Эритреяны, Эфиопияны және Мадейраны Солтүстік Африкаға жатқызады.

Сьерра-Леоне

Сьерра-Леоне Республикасы — Батыс Африкадағы мемлекет.

Танзания

Біріккен Танзания Республикасы (суах. Jamhuri ya Muungano wa Tanzania [tanzaˈni.a], ағылш. United Republic of Tanzania [ˌtænzəˈniːə] немесе [tænˈzeɪniə]) — Шығыс Африкада орналасқан мемлекет.

Тунис

Тунис (араб.: تونس‎), ресми атауы — Тунис Республикасы (араб.: الجمهورية التونسية‎, әл-Джумхуриййа ат-Тунисиййа) — солтүстік Африкадағы, Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан мемлекет. Аумағы 163,6 мың км². Халқы 9,3 млн. (2003). Астанасы – Тунис қаласы. Әкімшілік-аумақтық жағынан 20 уәлаятқа бөлінеді. Халқының 98%-ын арабтар мен берберлер, қалған бөлігін еуропалықтар (негізінен француздар мен италиялықтар) құрайды. Ресми тілі – араб тілі. Дінге сенушілердің 98%-ы – суннит бағытындағы мұсылмандар. Мемлекеттік басқару формасы – республика. Мемлекет басшысы – президент, ол бір мезгілде Мемлекеттік Кеңестің басшысы болып табылады. Заң шығарушы органы бір палаталы парламент – Депутаттар палатасы. Ақша бірлігі – тунис динары. Ұлттық мейрамы – ұлт күні – 20 наурыз (1956). Біріккен Ұлттар Ұйымының (1956), Африка Бірлігі Ұйымының (АБҰ) (1957) мүшесі.

Француз тілі

Француз тілі — француз халқының тілі. Үндіеуропа тілдері шоғырының роман тобына жатады. Француз тілі Францияның, Бельгияның (фламанд тілімен бірге), Швейцарияның (неміс, итальян, ретороман тілдерімен бірге), Канаданың (ағылшын тілімен бірге) мемлекеттік тілі болып есептеледі. Сондай-ақ Люксембург, Монако, Андорра елдері, Африка мен Оңтүстік Америка халықтарының (Сенегал, Мали, Гвинея, Конго, Бенин, Гаити, т.б.) ресми және әдеби тілі. Француз тілінде 105 млн-дай адам сөйлейді (2001), оның жартысына жуығы Францияда шоғырланған. Француз тілінің даму тарихы галло-роман (5 — 8 ғасырлар), көне француз (9 — 13 ғасырлар), орта француз (14 — 16 ғасырлар), жаңа француз (17 — 18 ғасырлар) және қазіргі француз тілі кезеңдеріне бөлінеді. Француз тілі франс, пуатевин, норманд, пикард, валлон, лотаринг, бургунд деп аталатын негізгі жеті диалектіге бөлінеді. Француз тілінің негізінде Гаитиде, Антиль мен Маскарен аралдарында креол тілдері қалыптасқан. Әдеби тілінің негізі — франс, яғни париж диалектісі. Француз тілінде 15 дауысты және 20 дауыссыз фонема бар. Зат есім мен сын есім екі родқа (ер, әйел) ажыратылады. Сөздік құрамында испан, итальян, ағылшын тілдерінен ауысқан сөздер көптеп кездеседі. Латын әліпбиіне негізделген француз тілі жазуында диакритикалық ноқаттар жиі қолданылады. Бір ғана дыбысты анықтайтын (аі — е; еаu — о) әріп тіркестері де кездеседі.

Құрлықтар
Мұхиттар

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.