Андронов мәдениеті

Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде (Қола дәуірі) Еділ мен Алтай арасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1913 ж. Б.Г. Андрианов ашты. Ғылымда шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерін Андронов ескерткіштері деп атайды. Бұл атауды ғылыми айналымға 1927 жылы С. А. Теплоухов енгізген. 1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты. Андронов ескерткіштері Қазақстан, Орта Азия, Сібір жерлерінен табылып отыр. Андронов мәдени-тарихи қауымының негізгі орталықтарының бірі Қазақстан аумағында болды. Батыс аудандардың андроновтық тұрғындары қима мәдениетінің туысқан тайпаларының ықпалына үнемі түсіп және өз тарапынан оларға тікелей ықпал жасап отырды. Археологиялық деректер андроновтық тұрғындардың басым көпшілігі отырықшылық өмір сүргенін көрсетеді. Қоныс-мекендер кең жайылма шалғыны бар өзендердің жағаларына орналасты. Патриархаттық отбасылардың үйлері үлкен жер төбелер болды; олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қамайтын қашалар салынды. Бұл қоныс-мекендерге мал бағу кәсібі едәуір басым малшылық-егіншілік шаруашылығының кешенді сипаты тән болды.

Жалпы, Қазақстанда Андронов мәдениетімен бірге, қима мәдениет ескерткіштері Батыс Қазақстанда табылған. Қима мәдениетінің басты ерекшелігі — қайтыс болған адамдарды қиылған ағаштың арасына салуы. Андронов мәдениетінің ескерткіштері Қазақстанда мол кездесетін болғандықтан, осы хронологиялық кезеңді Андронов мәдениеті арқылы қарастырады.

Андронов мәдениетінің ескерткіштерінің өте үлкен аумақта табылуына және оның ұзақ кезеңді қамтуына байланысты ғылымда қазір Андронов тарихи-мәдени қауымдастығы деген термин қолданылады. Андроновтық тұрғындарды басқа тайпалардан айыратын мәдениеттің ең басты этнографиялық белгілері жерлеу ғұрпы, геометриялық өрнегі бар балшық қыш ыдыстардың өзінше бір жиынтығы, металл бұйымдардың түрлері болып табылады. Андронов тайпалары тұрқы әр түрлі тас қоршаулар түрінде зираттар тұрғызды, олар тік бұрышталып, дөңгелектей, сопақталып қоршалатын болды. Кейде, әсіресе Орал өңірінде бұлардың орнына обалар үйілді. Өлген тайпалас адамдар не өртелді, не ерекше әдіспен бүйірінен жатқызылып, қол-аяғы бүктеліп, тас тақталардан жасалған «жәшікке» немесе қазылған төрт бұрышты шұңқырға салынып жерленді. Ыдыстар қолдан жапсырылып жасалды. Бұдан ертерек уақытта ыдыстардың түбі шығыңқы домаланып келетін болса, ол енді тайпақ болды. Олардың сырты тарақ тәрізді немесе тегіс қалыппен түсірілген күрделі геометриялық өрнектермен сәнделді. Сәндік заттардың андроновтық тайпалар мәдениетінің тараған шегінен аспаған ерекше түрлері: алтын жапырақшадан бір жарым қайырым бүктеліп жасалған сырғалар, бас киімге және басқа да киімге тағылатын «көзілдірік тәрізді» және «табан із тәрізді» сәнді салпыншақтар, қақтама өрнекті тоталар, шеттері иректеліп түйілген білезіктер болды. Өндіріс техникасының дамығандығы және қола заттар мен балшық ыдыстар түрлерінің әдемілігі мәдениет деңгейінің жоғары болғанын көрсетеді.

Andronovo culture
Map of the approximate maximal extent of the Andronovo culture. The formative Sintashta-Petrovka culture is shown in darker red. The location of the earliest spoke-wheeled chariot finds is indicated in purple. Adjacent and overlapping cultures (Afanasevo culture, Srubna culture, BMAC) are shown in green.
Indo-Iranian origins
Archaeological cultures associated with Indo-Iranian migrations (after EIEC). The Andronovo, BMAC and Yaz cultures have often been associated with Indo-Iranian migrations. The Swat, Cemetery H, Copper Hoard and PGW cultures are candidates for cultures associated with Indo-Aryan movements.
Қазақстан  Қазақстан тарихы
Emblem of Kazakhstan latin

Ежелгі Қазақстан тарихы

Тас дәуірі
Қола дәуірі
Темір дәуірі СақтарҮйсіндерҚаңлыларҒұндар

Қазақстанның ерте орта ғасырлардағы мемлекеттері

Түркі қағанаты (552603)
Батыс Түрік қағанаты (603704)
Шығыс Түрік қағанаты (682744)
Түргеш қағанаты (704756)
Қарлұқ қағанаты (756940)
Қимақ мемлекеті ІХ ғ.соңы -ХІ ғ.басыОғыз мемлекеті ІХ ғ.соңы -ХІ ғ.басы

Қазақстанның дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттері

Қарахан мемлекеті (942-1212) жж.Қарақытай мемлекеті (1128-1213) жж.Қыпшақ хандығы Моңғол империясы (12061291)
Жошы ұлысы (12241481)
Шағатай ұлысы (12221370)
Орда Ежен ұлысы (12421446)
Шайбани ұлысы (1243 — ?)
Ақ Орда (XIIIXV ғғ.)
Көк ОрдаӘбілқайыр хандығы (14281468)
Ноғай ордасы (14401634)
Моғолстан (13481514)
Ташкент хандығы (15011627)

Қазақ хандығы дәуірі

Қазақ хандығы (14651847)
Ұлы жүз (17151822)
Орта жүз (17151822)
Кіші жүз (17151824)

Ресей империясы құрамындағы Қазақстан

Бөкей ордасы (18011872)

Кеңес одағы құрамындағы Қазақстан

Алаш автономиясы (19171920)
Түркістан автономиясы (19171918)
Қырғыз (Қазақ) АКСР-і (19201925)
Қазақ АКСР-і (19251936)
Қазақ КСР-і (19361991)

Тәуелсіз Қазақстан тарихы

Қазақстан Республикасы (1991—қазір)



Портал «Қазақстан»
Санат «Қазақстан тарихы»

Этимологиясы

Ескерткіштердің тұңғыш рет 1914 ж. Ачинск қаласының маңындағы Андронов деревнясының маңынан табылуына байланысты осылай аталған. Бұл мәдениет Орталық Қазақстанды мекендеген тайпалар арасына кең тараған. Ол таралған аймағына және өзіндік белгілеріне қарай үш тарихи кезеңге бөлінеді: ерте кезеңі – б.з.б. XVIII-XVI ғасырлардағы Петров мәдениеті; орта кезеңі – б.з.б. XVI–XII ғасырлардағы Алакөл-Атасу, Федоров-Нұра мәдениеттері; соңғы кезеңі – б.з.б. XII–VIII ғасырлардағы Алексеев, Замараев, Сарығары, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері.

Ескерткіштері және оның зерттеушілері

Андронов мәдениеті шартты түрде үш кезеңге бөлінеді. Ерте қола — б.з.д. XVIII-XVI ғғ, орта қола б.з.д. XV-XII ғғ., кейінгі қола б.з.д. XII-VIII ғғ. Андронов мәдениеті 8-9 ғасырға созылады (б.з.д. 17-9 ғасырлар). Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 жылы А.Я. Тугаринов ашты. Содан бері өткен уақыттың ішінде орасан көп археологиялық материал жиналды. Бұл мәдениеттің ескерткіштерін кезеңдерге бөліп, топтастыруды бастаған С.А. Теплоухов болды. Әсіресе М.П. Грязновтың сіңірген еңбегі зор. Ол 30-жылдарда-ақ Андронов мәдениетінің тарихи құбылыс ретіндегі суреттемесін жасап берді және далалық қола дәуірінің хронологиялық үш кезеңін: алдыңғы, ортаңғы және соңғы кезендерін саралап берді. Кейін К.В. Сальников Орал сыртының Андронов мәдениетіне хронологиялық топтама жасады; оны бірінің орнын бірі басқан үш кезеңге бөліп, оларға шартты түрде мынадай аттар берді: Федоров кезеңі - б. з. б. XVIII — XVI ғасырлар, Алакөл кезеңі — б. з. б. XV — XII ғасырлар, Замараев кезеңі — б. з. б. XII — VIII ғасырлар. Андронов мәдениетін К.В. Сальниковтың кезеңдерге бөлуі тарих ғылымында дұрыс деп танылды және далалық қола дәуірінің ескерткіштерін зерттегенде осы мәдениеттің тараған аудандарының бәрінде қолданылды. Қазақстанның Андронов мәдениетін кезеңдерге бөлу мәселесін Ә. X. Марғұлан, К.А. Ақышев, А.Г. Максимова, С.С. Черников, A.M. Оразбаевтар айналысты. Қазіргі кезде К.В. Сальниковтың кезеңдерге бөлуі қайта қаралып, Э.А. Федорова-Давыдованың, B.C. Стоколостың, Г.Б. Зданович пен басқа да зерттеушілердің еңбектерінде нақтылана түсті. Зерттеушілердің көпшілігі Андронов мәдениеті неолит пен энеолит дәуірлеріндегі Қазақстан даласының солтүстік аймағының және Орал сырты мен Батыс Сібірдің іргелес аудандарының мәдениет жағынан, әрі, шыққан тегі жағынан туыс тайпаларының табиғи дамуы негізінде кұрылған деп есептейді. Сол кездің өзінде-ақ мал өсіру, қарапайым егіншілік және кен кәсібінің бастамасы мәлім болатын. Үй жанында мал бағу мен жайылмада кетпенмен егін салудың одан әрі дамуы отырықшылықтың ұлғаюына, үй кәсіпшіліктерінің шығуына, металлургияның дамуына жеткізді. Ұлан-ғайыр далалық аймақта осы материалдық игіліктерді шығаратын негізгі өндірістер прогресінің шамамен бір деңгейлес болуы Андронов мәдениетінің өзіне тән ерекшеліктерінің қалыптасуына, қоғамның әлеуметтік жағдайына жақын түрлеріне жеткізді.

Орталық Қазақстан

Бұл өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне рудниктер, құрбандық орындары, петроглифтер табылды. Орталық Қазақстанның андронов мәдениетіне тән сипаты - оның мазарларының күрделілігі, тас өңдеумен байланысты құрылыс техникасының жетіле түскендігі.

  • Ертедегі Нұра кезеңі — жерлеу салтында крематация (мәйітті өртеу) басым болған. Мәйітті табытқа салып қою рәсімімен де жерлеу кездеседі. Керамика ыдыстардың жоғарғы жағы ғана әсемделеді. Қабір ішінде мәйітпен қатар үй жануарларының сүйектері де табылған.
  • Келесі — Атасу кезеңінде жерді игеру, оның ішінде шөлейт аудандарды да игеру кеңінен жүргізіледі. Тау-кен жұмыстарының көлемі күрт өседі. Мәйіттерді бір жамбасына бүк түсіріп жатқызып жерлеу жиірек ұшырасады.
  • Кейінгі кезеңі — Беғазы-Дәндібай мәдениеті. Оның ерекшелігі — мәйіттерді шалқасынан жатқызып қою. Мысалы: Ақсу-Аюлы −2 қабыры. Жер бетіне тастан қалап қабырғалы тұрғын үйлер салу рәсімі кең жайылады. Сондай-ақ ағаш та қолданылған.

Солтүстік және Батыс Қазақстан

Солтүстік Қазақстан жеріндегі қола ғасырын, соның ішінде Андронов мәдениетінің ескерткіштерін зерттеген ғалымдар - К. А. Ақышев, Ә. М. Оразбаев, Г. Б. Зданович, С. Я. Зданович және т. б. Солтүстік Қазақстанның қола ғасырының кезеңдерге бөлуді, Андронов мәдениетінің сатыларын, олардың хронологиялық мерзімдерін Геннадий Борисович Зданович көпжылдарға созылған Жабай-Покровка, Боголюбово, Куропаткино және тағы да басқа ескерткіштерде жүргізілген қазба жұмыстарының негізінде анықтады. Алексеев қонысы мен Тасты-бұтақ қорымы кеңінен мәлім болды. Топырағы төбешік болып үйілген, дөңгелек және тікбұрышты қоршаулары бар қорымдар көп кездеседі. Челябинск және Қостанай облыстарының шекарасына жақын Арқайым қонысы ежелгі қалалардың мысалы бола алады. Қазіргі Қостанай облысында Садчиков қонысы, Ақмола облысындағы, Зеренді ауданындағы Павловка (Шағалалы) қоныстары - Андронов тарихи-мәдени қауымдастығының айшықты ескерткіштері.

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу

Ескерткіштері — Таңбалы, Қаратау сияқты тастағы суреттер, Таутары қорымы. Сырдарияның төменгі жағынан Арал алқабынан - Тегіскен кесенесі ашылды.

Шаруашылығы

Андроновшылар қоныстары дала өзендері мен оның жағаларына егін, бау-бақша салып қоныстанған. Тары ботқасы күйген құмыралар табылды. Қоныстардың бәрінен табылған ортақ олжалар: дәнүккіштер, келсаптар, орақтар мен тас кетпендер.

Мал өсіру маңызды рөл атқарған. Негізгі тамағы сүт болды, сүзбе, ірімшік жасаған. Ет өте аз болған, оны мейрамдарда ғана, құдай жолына құрбандық жасағанда ғана пайдаланған. Негізгі мал қой, сиыр, жылқы. Жылқының үш тұқымы болды: 1). биіктігі 128-136 см., басы үлкен, қалың жалды жатаған жылқы. Қазіргі моңғол жылқысына ұқсас. 2). Шоқтығы орташа не биік 136-152 см-ге дейін салмағы 350 килоға дейін жететін жылқылар. 3). Асыл тұқымды биіктігі 152-160 см., аяқтары жіңішке, сымбатты, қой мойынды жылқылар. Олар соғыс арбасына жегілетін болған. Андроновшылар мал бағудың қыр-сырын жетік меңгергендер болды. Олар дүние жүзінде алғаш рет малды қолда ұстауды енгізді. Қыста төлді жылы жерде ұстаған, ол үшін үйдің бір жағын қоршап бөліп тастаған. Тұрғын үйлерге жалғаса мал қора салды. Андроновшылар қос өркешті бактриан түйелерін өсірді.

Ерте және орта қола кезеңдерінде, яғни б.з.д. 1 мыңжылдықтың басында андроновшылар отырықшы болды. Аралас шаруашылықпен айналысқан. Малды үй іргесіне бағу нәтижесінде жайылым тез тозған. Сондықтан жайлаулық тәсілді ойлап табады. Бұл көктем, жаз айларында жастар мен ер адамдар алыс жайылымға малды айдап әкетсе, отбасылары егін өсірумен айналысты.

Ежелгі кеншілер[1]

Кен өндіру б.з.-дан үш мың жыл бұрын пайда болды. Мысалы, Жезқазғанда осы кезде-ақ кен өндіріле бастады. Олар кенді тотықтандыру, қайлалау, отпен өндіру әдістерін меңгерді. Сондай-ақ әрбір отбасы өз ыдыс-аяқтарын өздері жасады. Әйелдер саз балшықты әзірлеп, одан ыдыс-аяқ істеп, оларды ошақтағы отқа, кейде таспен қоршалған шұңқырға алаулатып күйдірген. Ыдыстар әртүрлі сызықтармен, геометриялық ою-өрнектермен әсемделген. Андроновшылар үй тіршілігіне қажетті нәрсені өздері жасады. Жіп иіру, тоқу, теріні өңдеу, киімді түрлі-түсті жіппен әдіптеп бәрін игерген. Матаға қажетті жіпті мал жүнінен игерген. Тоқыма станогы, ұршық болды. Олар өкшесіз аяқ киім киген, жүннен тоқыған, теріден тіккен құлақшын киген. Әйелдер көбіне ұзын жеңді етегі жер сызған жүн көйлек киіп жүрді. Әшекейлік бұйымдар сырға, салпыншақтар, моншақтар таққан. Ерлері қоладан үшкірлеп жасалған садақтармен қаруланды.

Халық, қоғам, әдет-ғұрып

Олар үлкен үйде отбасылық қауым болып өмір сүрді. Ағайын-туыстар шаруаны бірге атқарды. Обалар, қабірлер қазу ісінде өзгешеліктері болған. Бұл андронов қоғамының біртекті болмағандығын көрсетеді. Байлар, текті адамдар өлгенде олар ерекше құлпытас орнатылған мазарларға жерленді. Жауынгерлер, патшалар, абыздар тәрізді әлеуметтік жік болған.

Діни көзқарастары

Қола дәуірі тұрғындарының діни көзқарастары қарапайым болды. Олар өлген адамдарын белгілі бір рәсімдермен жерледі. Мүрдені "Жер-ананың" қойнына анасының құрсағында жатқан қалыпта қоюға тырысқан. Андрондықтардың түсінігінше, өлген соң да "о дүниеде" тіршілік жалғасады. Сондықтан олар өлікпен бірге киім-кешегін , қару-жарағын, ыдыс-аяғын, тамағын қоса көмген. Андрондықтар күнге, отқа мінәжат еткен. Сонымен қатар олардың өмірінде бұрыннан келе жатқан тотемизм (шығу тегін жануармен байланыстыру), фетишизм (жансыз дүниеге сеніп, соның қасиетіне табыну), анимизм (жанға, рухқа сену) сияқты ғұрыптар да орын алды. Діни наным-сенімдері бойынша күнге, отқа, қасиетті жануарларға табынған. Олардың бейнелері көзенің сыртындағы өрнектерде, тастағы суреттерде, сынтастарда, әшекей бұйымдарда көптеп кездеседі. Бұл мәдениет кезіндегі тайпалардың тұрмыс-салты, кәсібі, қолөнері қазақ халқының тіршілігінде көп сақталған.[2]

Өнері

Өліктер қабірде бастары батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратылып қойылды. Бұл о дүниемен байланыс жасайтын құдайға қарату деген мағынаны білдірді. Мәйіт бүктей жатқызылды. Сондай-ақ мәйітті өртеп жіберу де болды. Ол отқа табынудан шықса керек. Үй құрылысы да құрбандық шалудан басталған. Оған сүт толы ыдыстар, бұқа не бағлан шалынған. Тіпті балаларды да құрбандыққа шалған, оны үй едені астына көмген. Үйдің ошағы отбасының ең қасиетті жері болды. Сонымен қатар олардың өнері де жақсы дамыған, қыш-құмыраларды жасап қана қоймай олардың бетіне геометриялық фигураларды салған, құмыра сыртына әр түрлі бұйымдар жабыстырып әшекейлеген. Аң аулаудың құпияларын түсіне отыра, қару-жарақтың әрі ыңғайлы, әрі қолайлы түрлерін жасаған (қалайы пышақ, найза ұштары, жебенің бастары бәрі қалайыдан болған).

Тастағы суреттер

Қола дәуірінің жартастар бетіне салынып, кілегей қоңыр қабыршақпен жабылып қалған суреттерінің өзіндік ерекшелігі бар. Бұл суреттер — жануарлар, күн бейнелі адамдар, соғыс арбалары, шайқас көріністері туралы тасқа салынған суреттер олардың дүние-танымын көрсетеді. Жартастағы суреттер-петроглифтер Қазақстанда Таңбалы, Ешкіөлмес, Қаратау мен Маймақ, Тарбағатай мен Бөкентауда табылды.[3]

Дереккөздер

  1. «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—88 ISBN 978-601-282-026-3
  2. Ежелгі Қазақстан тарихы-жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық (Садықов, Төлеубаев, Халидуллин, Сәрсекеев; Алматы "Атамұра"2011)
  3. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Айшырақ қорымы

Айшырақ қорымы — Орталық Қазақстандағы Андронов мәдениетінің Атасу кезеңі мен Беғазы-Дәндібай мәдениетіне (б.з.б. 14-12 ғ.) ауысуға аяқ басқан дәуірінен қалған ескерткіштер тобы. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ақтау селосының шығысында, Атасу өзенінің сол жағалауында орналасқан. Орталық Қазақстан археология экспедициясы 1952 жылы (жетекшісі Ә.Х.Марғұлан, 1992 жылы Ж. Құрманқұлов) зерттеген.Қорым гранит тастардан құралған 102 қоршау мен 9 қоршаулы обадан тұрады. Қоршаулар шеңбер, дөңгелек, төртбұрыш, шаршы түрінде, кейде бір-бірімен қиюласа салынған. Бейіттің оңтүстік-шығыс жағында құрбандық шалып, діни рәсімдер өткізетін, үлкен ақ шақпақ тастардан құралған бірнеше қоршау бар. Тастарының саны тақ — 7, 9, 11 данадан. Айшырақ қорымынан 13 қабір ашылды. Оның екеуі қола дәуірінің соңғы кезеңіне жатады. Мәйіттерді сол жақ не оң жақ бүйірімен бір қырынан жатқызып, қолы мен тізесін бүгіп, басын батыс, кейде шығысқа қаратып жерлеген. Кейде мүрдені өртеп, күлін көмген. Бас жағына геометриялық өрнектер салынған көзе қойылған. Бір қоршау ішінде екіден онға дейін қабір бар. Әр қоршау бір отбасы мүшелеріне арналған. Отағасы ортадағы қабірге, қалғандары қатарластыра жерленген. Айшырақ қорымының бірқатар қабірлері екі қабаттан тұрады. Төмеңгі қабір тастары жоғарғы үлкен қабір ішінде. Қола дәуірінің кейінгі кезеңінде дүние салған кісілер үстінде обасы бар қоршаулар ішіндегі тас қабірлерге жерленген. Қабір іші отпен, аласталған. Қабірлерден өлген адамдармен бірге қоладан құйылған жебе ұштары, көркем өрнектелген саз ыдыстар, ұршық бастары, мыстан, тастан және түсті моншақтар, мыстан құйып сыртын алтынмен аптаған бұранда тәрізді салпыншақтар, шаш түйреуіштер, мыс білезіктер т.б. заттар табылды.

Алепауыл қорымы

Алепауыл қорымы — қола дәуірінен (б.з.б. 15-13 ғ.) сақталған ескерткіш. Қарағанды облысы Нұра өзенінің сол жақ жағасында, Алепауыл қыстағының тұсында орналасқан.

Алепауыл қорымында дөңгелек және төртбұрышты жұмыр және текше тастардан тігінен қалаған 10 қоршау бар (1933). Материалдық мәдениет тарихы мемлекет академиясының Нұра экспедициясы (жетекшісі П.С.Рычков) зерттеген. Қазақстан жерінде алғаш ашылған Андронов мәдениеті ескерткіштерінің қатарына жатады. Алепауыл қорымындағы қабірлердің бірқатарының қабырғалары жалпақ тастармен жәшік сияқты етіп шегенделген. Мәйіт бүктетіліп, бір қырынан, басы оңтүстік-шығысқа немесе солтүстік-шығысқа қаратылып жерленген. Қабір ішінен адам сүйегімен бірге геометриялық өрнегі бар қыш ыдыстар, алтынмен апталған мыс сырға, қоладан құйылған жебе ұштары табылды. Олар Орталық Қазақстанда қола дәуірінің өркендеген кезеңінде мекен еткен тайпалардың рухани және материалдық мәдениетінің белгісі болып табылады.

Андронов мәдениеті кезеңінің ескерткіштері

Андронов мәдениеті кезеңінің ескерткіштері — Қазақстан, Орта Азия, Сібір жерлерінен табылған қола дәуірі ескерткіштері

Алғашқы рет Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново деревнясында 1913 жылы Б.Г. Андрианов тапқан. 1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты. Ғылымда шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерін Андронов ескерткіштері деп атайды. Бұл атауды ғылыми айналымға 1927 жылы С. А. Теплоухов енгізген. Андронов ескерткіштері Қазақстан, Орта Азия, Сібір жерлерінен табылып отыр. Андронов мәдени-тарихи қауымның негізгі орталықтарының бірі Қазақстан аумағында болды.

Арилер

Арилер — ежелгі тайпа.

Б.з.б. 2-мыңжылдықтың басындағы Қазақстанды мекендеген тайпалар тарихы арий (ежелгі иран) және үндіарий (ежелгі үнді) тайпаларымен байланысты айтылады. Олар үндіеуропа тілдері шоғыры мен мәдени қауымдастығына жатқызылып, қазақ даласындағы Андрон мәдениетінің өкілдері ретінде танылуда. Олардың жиынтық атауы — “арья”. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың екінші ширегі аталмыш тайпалардың ұлы қоныс аудару дәуірі болды. Бұлар оңт.-шығысқа қарай бет алып, Солт. Үндістанға, Иран мен Месопотамия жеріне барып тоқтаған. Үндіарилер тілінің жұқаналары хеттердің (қазіргі Түркия жерінде) қыш тақталарындағы таңбаларда ізін қалдырған. Өте ерте замандарда арилер мен үндіарилердің ата-бабалары бір халық болып саналып, түпкіүндіирандықтар (протоиндоиранцы) деп аталуда. Олардың қоғамы басты екі топқа бөлінді: қызметкерлері — абыздар және бақташы-жауынгерлер.

А. көшпелі тіршілік етіп, мал ш-мен айналысқан, ұрыстарда әскери арбаларды пайдаланған. Арбаға жегу үшін жабайы жылқыларды ұстап, қолға үйреткен. Ежелгі Қазақстанның таулы аймақтарында, әсіресе, Алтайда мыс пен қоланың мол қоры болған. А. метал өндіріп, әр түрлі тұрмыс құралдарын, қару-жарақтар соққан. Металдан жасалған қарулармен жарақтанған дала тұрғындары сұсты жауынгерлерге айналды. Арбаның пайда болуына байланысты “қаһармандық ғасыр” (“героический век”) басталды. Мұздай қаруланған далалық жасақтар табыс табу, әрі даңқын асыру үшін көршілес елдерге жорықтар ұйымдастырып отырған. Ұлы қоныс аудару кезеңінде А-дің бәрі ауып кеткен жоқ. Қазақстан жерінде қалғандары б.з.б. 1-мыңжылдықтың ортасында Ұлы Даладағы көшпелі — сақ, сармат, скифтерге араласып, сіңісіп кетті. А. өзін қоршаған орта, әлемнің тылсым сырларын түсінуге ұмтылды: тылсым күштердің иесі құдай деп танып, әрбіріне ат таңды, құдаймен тілдесуге ұмтылып, табыну мінәжаттарын тудырды. Әлемдегі жалғыз Жаратушыға ғана табынуды қолдаған дін Ұлы Даладағы көшпелілер ортасында туып, өзге халықтар арасына тарап, насихатталды. Бұл діни ілімнің негізін салушы — Заратуштра пайғамбар, ал оның діни ілімі қазіргі ғылымда заратуштрашылдық (зороастризм) деп аталады.

Ақсу-Аюлы Кешені

Ақсу-Аюлы Кешені – қола дәуірінің орта және соңғы кезеңдерінің ескерткіштері. Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы кентінен солтүстікке қарай 3 км жерде орналасқан. Қорымда 36 мола бар. Оның 24-і Андронов мәдениетіне, қалған 12-сі Бегазы-Дәндібай мәдениетінің өтпелі кезеңіне жатады. 1952 Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (Ә.Х. Марғұлан) зерттеген. 3 үлкен қоршаулы обалар ашылды. Аса құндысы 3-ші оба. Оның қазғанға дейінгі диаметрі 30 м, биіктігі 1,8 м. Үйіктің іргесін үлкен тастарды қырынан көміп бекіткен. Ішінен тағы да екі қабатты қоршау мен үлкен қабір ашылды. Көлемі 2,5х1,45 м, тереңдігі 1,6 м. Бетін екі үлкен жалпақ таспен жапқан. Ішінен басын батысқа қаратып, шалқасынан жатқызылған кісі сүйегі табылды. Қабір көлемі 4,45х3,4 м, бұрыштары доғал төртбұрышты бірінші қоршаумен және оның сыртынан ішкі көлемі 7,9х7,6 м дөғалдау келген екінші қоршаумен қоршалған. Қабырғаларына ірі жалпақ тастарды қалаған. Үстіңгі жағы ортасына қарай күмбезбен бүрмеленген. Сақталған биіктігі 1,5 м, қалыңдығы 2 м. Беті бөренелермен баспалдақты пирамида тәрізді етіп жабылған. Оның өртенген қалдықтары, үстінен жапқан қамыс пен бұтақтары, күлі сақталған. Қоршаулар ішінен саз ыдыс сынықтары мен мал сүйектері шықты. Ыдыстардың кейбіреуінің сыртындағы оюлар Андронов мәдениетіне тән геометриялық өрнектер болса, бірқатары Беғазы-Дәндібай мәдениетінің өрнектерімен безендірілген. Осы белгілер кешеннің Бегазы-Дәндібай мәдениетінің бастауында тұрған рудың немесе қоғамның көсемі құрметіне б.з.б. 12-11 ғ. салынғанын көрсетеді.

Дәндібай кесенесі

Дәндібай кесенесі - Қарағанды облысы Абай ауданы жерінде, Дәндібай қорымының оңтүстігінденде орналасқан. 1933 жылы М.П. Грязнов қазып зерттеген. 1947 -19 48 жылдары Орталық Қазақстан экспедиция (жетекшісі Ә.Марғұлан) кешенді зерттеу жұмысын жүргізген. Кесене қола дәуірінің соңғы кезеңінде салынған. Сыртқы көрінісі шаршы пішінді коршаулы оба. Зерттеу барысында оның екі қатар қоршаулардан тұратыны белгілі болды. Дәндібай кесенесінің тереңдігі 1,2 м, ішкі қоршау қабырғасы екі қатар етіп тастан қаланған. Аумағы 5,2x5,2 м, биіктігі 2 м, қалыңдығы 0,8 м-ге дейін жетеді. Сыртқы қоршаудың аумағы 9x8 м, қабырғасы ұзынша тастардан қаланған, биіктігі 0,7 м, қалыңдығы 0,5 м. Екі қоршау арасында ені 3 м болатын ашық жер - құрбандық шала-тын орын болған.

Адам жерленген ішкі қоршаудың бетін пирамидаға ұқсатып бөренелермен жауып, үстіне бұталар тастап, топырақ үйген. Ертеректе біреулер бөренелерді тесіп кіріп, кесенені тонағандары байқалады. Мәйіт сүйектері, көзелер, т.б. заттар ретсіз шашылып, кісінің бас сүйегі жоғалған. Қазба жұмыстары барысында 12 қыш ыдыс, екі қола жебе ұшы, шаш түйреуіш сынығы, бадам пішіндес тас құрал, мыстан құйылған төрт ілгекті бұйым, өрнекті сүйек қапсырма табылды. Дәндібай кесенесінен табылған қыш ыдыстар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтағылары (3 дана) Андронов мәдениеті кезіндегі пішіні мен өрнектерін сақтаған, жасалу тәсілдері де ортақ, түбі тегіс. Қалғандарының пішіні әр түрлі: тостаған, текше, дөңгелек шар пішінді. Ыдыстар жұқа, сырты түрлі өрнектермен безендіріліп, жылтырата тегістелген. Табылған қыш ыдыстар мен басқа да бүйымдар Беғазы қо-рымынан табылған материалдармен қосылып, қола дәуірінің соңғы сатысын Беғазы-Дәндібай мәдениеті деп атауға негіз болды.

Ежелгі дәуірдегі Қазақстан

Тас дәуірі палеолит, мезолит және неолит болып үшке бөлінеді. Әуелгі палеолиттің өзі үш дәуірге бөлінеді. Олар олдувай (2,6 млн.-700 мың жыл бұрын), ашель (700 мың -150-120 мың жыл бұрын) және мустье (150-120 мың -31-30 мың жыл бұрын) дәуірлері. Тас құралдарының мынадай түрлері болды: шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар, пышақтар.

Каспий теңізі

Каспий теңізі (орыс. Каспийское море, әз. Xəzər dənizi, парсыша: دریای خزر‎ — Daryâ-ye Xazar, түрікм. Hazar deňzi) — Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап, оны теңіз деп атайды. Аты XVI ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған Каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан. Грузияда Каспи қаласы қазір де бар. Сонымен бірге Гиркан (I ғасыр), Хазар (ІІ-Х ғасыр), Хвалын (Х-ХІІІ ғасыр) және т.б. тарихи атаулары бар. Олар соңғы үш мың жылдағы өмір сүрген халықтардың қойған аттары.

Каспий теңізі неоген дәуірінің аяғында жер қыртысының көтерілуінен Қара теңізден бөлінді. Бұл кезді Каспий теңізінің пайда болған уақыты деп есептеуге болады. Каспий теңізінің жалпы ауданы 376 мың км2. Оның беті теңіз деңгейінен 28 м төмен жатыр. Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге созыла орналасқан. Теңіздің ендірек жері - 435 км, ал енсіз жері - 193 км. Каспий теңізінің жағалау сызығының ұзындығы - 7000 км. Оның суы 5 мемлекеттің нсағалауын шайып жатыр. Жағалау сызығының Қазақстан үлесіне - 29% (2340 км), Ресейге - 9%, Әзірбайжанға - 20%, Түрікменстанға - 21%, Иран Ислам Республикасы - 14% тиеді.

Каспий теңізіне 130-ға жуық өзендер мен ағынды сулар Құнды. Олардың теңізге қүятын жиынтық ағыны жылына орташа есеппен 300 км3. Осы мөлшердің 80%-ы Еділ өзені- нің, 5%-ы - Жайықтың үлесіне тиеді. Ағынның 10-11%- ын Батыс жағалаудағы өзендер Терек, Сулак, Самур, Кура және т.б. береді. Қалған 4-5%-ы Иран жағалауы өзендерінен келеді. Шығыс жағалауларда тұрақты ағын сулар жоқ.

Мазар

Мазар (арабша oҲ« — сыйынатын орын) — мұсылман қауымының қаза болған адам қабіріне тұрғызатын сәулет ескерткіші. Мазар тұрғызу дәстүрі Таяу Шығыс, Орталық, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияның мұсылман елдеріне ертеден кең тараған. Мысалы, Ауғанстандағы Мазари-Шариф пен Герат, Ирактағы Неджеф пен Кербала, Ирандағы Мешхед пен Кум, Өзбекстандағы Бұқара мен Хиуа Мазарлары тарихилығымен әрі жергілікті дәстүрлі мәдениеттің дамуына тигізген ықпалымен ерекшеленеді. Зерттеушілер қазақ жерінде Мазар тұрғызу дәстүрін ежелгі көшпелілер дәуірінен (андронов мәдениеті, сақ дәуірі) бастап, оның ең байырғы үлгісіне Баланды-2 ескерткішін (б.з.б. 4 — 2 ғ.) жатқызады. Қазақстандағы Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Алаша хан, Бабажа қатын кесенелері ортағасырлық Мазар саналады. Мазарлар Маңғыстау түбегі және Батыс Қазақстанда көп кездеседі. Қазақ жеріндегі Мазарлардың пішіні, негізінен, шаршы немесе шеңбер үлгісінде келіп, төбесі күмбезделіп өрілетін болған. Қабырғасы шикі немесе күйдірілген кірпіштен қаланып, әрлеу жұмысына өрнекті кірпіш, терракот тақтайша және жылтыр бор тас материалдарын қолданған. Қасбеті мен пештағына, күмбезіне нақышты өрнектер мен қабырға безендіруіне фриз тәсілдерін пайдаланған. Ислам діні мен мәдениетінің өркен жаюына байланысты Мазардың қабырғалары мен маңдайшаларына аят және хадис үзінділері жазылып, қабір басына құлпытас қойылатын болды.

Шақша қонысы

Шақша қонысы , Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында Есіл өзенінің аңғарын бойлай орналасқан. Тарихи әдебиетте Есіл өзенінің жағасында 18 ғасырдың 2-жартысынан бастап әулие Петрдің бекінісін салуға және мұнда орыс-казак шаруаларын қоныстандыруға байланысты айтылады. Шақша қонысының топырағы құнарлы, көлдерінің суы тұщы, қайыңды орманы ну. 19 ғасырда Шақша қонысы аң аулап, саят құратын жер болған. Кейбір жерлерінде реликті өсімдіктер мен шоқ тоғайлар сақталған. Қоныс аймағында демалыс үйлері мен балаларды сауықтыру лагерьлері орналасқан.

Қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс

Адамзат тарихы өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуына ұзақ-ұзақ кезендерге бөлінеді. Ол тас дәуірі, мыс (қола) дәуірі болып үш кезеңге бөлінеді.

Қазақстан тарихы

Қазақстан тарихы — Қазақстан аймағында адамның пайда болғаннан бастап қазіргі заманға дейінгі болған оқиғалар.

Қазақтың ұлттық ою-өрнегі

Қазақтың ұлттық ою-өрнегі — қазақ жерін мекендеген көшпелі тайпалар өнері әсерімен ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген ою-өрнек түрлері.

Қазақтың алғашқы ою-өрнек үлгілері Андронов мәдениеті мен байырғы сақ, гұн, ұйсін өнері мұраларынан геометриялық, зооморфтық (жан-жануарлардың табиғи және фантастикалық бейнерлері), көгеріс өрнек пен қиял-ғажайып ою-өрнектер (аспанның, жердің символы) ретінде кездеседі.

Олар негізінен малгершілік, саятшылық, әдет-ғүрып, үй іші жабдықтары мен сән-салтанат бұйымдарын, батырлық қару-құралдарын әсемдеуге қолданылған. Тартымды жасалып, биязы көркемделген өнердің көне мұралары (алтын тәтілер, ағаштан қыштан, өнделген теріден жасалған ыдыстар, түкті кілемдер мен кестелі заттар т.б.)

Қазақ оюы, қазақтың ою-өрнегі — үй-жиһаздарын, сәндік, тұрмыстық бұйымдар мен киімдерді нақыштап безендіруге қолданылатын өрнектер. Жаппай дамыған кезеңінде (19 ғасырдан кейін) қазақтардың үй жиһаздарын әшекейлеуге кең көлемде қолданған ою-өрнектерді, негізінен: зооморфтық, өсімдік сипатты, геометриялық, космогониялық түрлерге жіктеуге болады. Олардың ішінде жануарлардың сыртқы пішініне, мүйізіне, тырнағына, мойнына, табанына, т.б. мүшесіне ұқсас ою-өрнектер халық арасына (зооморфтық түр) кең тараған. Зооморфтық ою-өрнек кебеже, жүкаяқ, әбдіре, асадал сияқты тұрмыстық бұйымдар әшекейінде жиі кездеседі. Аталған ою-өрнектер кебеже бүйірінде, көбінесе, тігінен бедерленіп, бос жерлерін толықтырған, ал төсектің жан ағашы белгілі бір ырғақпен түгел дерлік өрнектелген. Кейде оларды өсімдік сипатты өрнектермен сабақтастырып, жарасымды тұтас композиция құраған.

Ұсақ аңдардың табандарының іздері жүкаяқ, кебеже, асадалдың көрнекті жерлеріне салынған. Сонымен қатар бұл өрнек түрін үй жиһаздарының жиектерінен, бұрыштарынан кездестіруге болады. Зооморфтық өрнекте төрт түлік малдың абстракциялық пішіні ерекше орын алады. Оған мысал ретінде қошқармүйіз, төртқұлақ, түйетабан, ботамойын, түлкібас, құсқанат және тағы басқа оюларын атауға болады. Қошқармүйіз оюы қазақ халқының бүкіл тыныс-тіршілігін танытады. Кей қолданыста ол қырықмүйіз, сыңармүйіз, арқармүйіз болып түрленіп отырады. Қошқармүйіз төрт тармақтан құралып, ортасы айқыш тәрізді болып келеді. Төртқұлақ өрнегі кебеже, жүкаяқтарды безендіруде кеңінен қолданылады. Ол ағаш бұйымдар бетінің кейде дәл ортасына, кейде бұрышына бедерленген. Ағаш бұйымдарда түлкібас, иттабақ, итемшек, қарақұс, құстұмсық, көбелек, ботамойын, түйетабан, шыбынның қанаты деп аталатын зооморфтық өрнектер ұшырасады. Олар, әсіресе, жүкаяқтарды, төсектерді өрнектеуге кеңінен қолданылады.

Үй жиһаздарында кең пайдаланылатын Қазақ оюының келесі бір түрі – өсімдік сипатты ою-өрнектер. Олар тұрмыстағы ағаш бұйымдарда жиі кездеседі. Жалпы өсімдік өрнегінің жапырақ, гүл, сабақша, өткізбе, шиыршық, тамыр түрінде және жаңадан ашылып келе жатқан жауқазын бейнесінде ұшырасады. Өсімдік сипатты ою-өрнек, көбінесе, кебеже мен жүкаяқтардың, әбдірелердің беттерінде тігінен де, көлденеңінен де бедерленеді. Ал асадалдарда бұл ою-өрнектер бір-бірімен сабақтасып, тұтасқан түрінде беріліп отырады. Өсімдіктер ағаш бұйымдарда шебердің талғамына қарай әр қилы көрініс табады. Шебер оны өз талғамына орай жеке де, топтастырып та пайдаланған. Сондай-ақ, ағаш бұйымдарда өсімдік белгілері сабақтастырылған, шиыршықталған күйінде немесе шеңбер түрінде бедерленген. Бұл ою-өрнектің арасындағы бүгінде кең таралғаны ағаш сұлбасының абстракциялық түрдегі бейнесі. Аталған ою-өрнектің арасындағы келесі кең таралғаны – жапырақ тектес түрі. Жапырақтың, әсіресе, дара және топтасқан бейнелері көп қолданыс тапқан.

Үй жиһаздарында геометриялық ою-өрнек түрі жиі кездеседі. Ол барлық дерлік бұйымдарда орын алады, көбінесе, жалпы композиция құру барысында негізгі күрделі ою-өрнектерді жалғастырушы, толықтырушы рөлін атқарады. Кейде әр қилы орындалған сызықшалар 40 – 50 көлбеу орналасса, бір тұстарда қосарласа тартылады. Ол үй жиһазының жиектеріне, бүйірлеріне, қапталдарына нақышталады. Көбінесе, кебеже, әбдіренің орта тұсында шеңбер, сызық түрінде бедерленеді. Сондай-ақ, үй бұйымдарында геометриялық ою-өрнектердің үшбұрыш, төртбұрыш, сүйірбұрыш, айқышты, сопақша түрлері де кездеседі.

Қазақ жиhаздарында космогониялық ою-өрнек те кең таралған. Ол кебеже мен әбдіре бетінің дәл ортасында, көбінесе, күн бейнесінде бейнеленіп, айналасына ұсақ жұлдызшалар, бұлт, толқын салынады. 20 ғ-дың 60 – 80-жылдары Маңғыстау шеберлерінің қолынан шыққан кейбір үй жиһаздарында жұлдыз, балға мен орақ көп кездеседі. Ағаш бұйымдарда космогониялық ою-өрнектердің “жұлдыз”, “шұғыла”, “төртқұлақ”, “бітпес”, “шимай” деп аталатын түрлері кеңінен қолданған. Аталған ою-өрнектер, негізінен, ағаш бұйымдарында бірнеше рет қайталанып, ырғақ заңдылығымен орындалады. Космогониялық ою-өрнектер үй жиһаздарының орта тұсында және жиектерінде бедерленген. Мәселен, күн бейнесі, оның шұғыласы ағаш бұйымдарының ортасында шеңбер түрінде бедерленсе, ай бейнесі көбінесе қыз жасауларында жаңа ай күйінде өрнектеледі. Ал, толқын тәріздес шумақталған бұлт бейнесінің сыртқы пішіні бұйымдардың жиектерінде беріледі. Ағаш бұйымдарында көрініс тапқан ою-өрнек түрлері мен олардың мазмұны қазақтар арасында ағаш оймыштаудың біршама жақсы дамығандығын аңғартады.

Ою-өрнек. Ою-өрнектердің түрлері. Өрнектердің түстері мен бояулары.

Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортаң атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді.

Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен 3 түрлі ұғымды бейнелейді. Олар: біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер-су, көшіп-қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Шеберлер іске беріліп, жұмыс әдісіне төселе келе өздерінің көрген ою-үлгілерін жатқа жасап, оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізу дәрежесіне жетті. Халық мұндай адамдарды «оюшы» деп атады. Әрбір елде, әрбір руда атағы шыққан таңдаулы оюшылар болды. Ондайлар өз өнерінің тамаша үлгісін өзінің руына, маңайындағы елдерге таратып отырды. Осыдан келіп әр түрлі ою-өрнектерде, киімдер мен кілемдерде, сырмақтар мен кестелерде және т. с. с. «арғын үлгісі», «керей үлгісі» немесе «ұлы жүздің үлгісі», «орта жүздің үлгісі», «кіші жүздің үлгісі» деген мәнерлер пайда болды. Осы ою-өрнектердің көп қолданылатындарына, сондықтан да халық шеберлерінің көпшілігіне белгілі атауларының кейбір түрлеріне әдейі тоқтап өтейік.

Қола дәуіріндегі Шығыс Қазақстан

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ТАЙПАЛАРЫ

Алтайдың, Қалба жотасы мен Тарбағатайдың таулы және биік таулы аудандары, солтүстігіндегі далалар, оңтүстігіндегі шөл және шөлейт жерлер — Шығыс Қазақстанның алуан түрлі жер бедері, міне, осындай. Негізгі су арнасы — Ертіс пен оның көптеген салалары — Бұктырма, Күршім, Оба, Үлбі, Шар, Қызылсу және басқалары. Топырағы құнарлы жазық алқаптар, жайылымдар, таулардағы мыстың, қалайының, алтынның көптеген кеніштері, балығы мол өзендері, аңға толы ормандары қола дәуірінің жоғары мәдениетінің дамуына себепші болды.

Қола дәуіріндегі Шығыс Қазақстан тайпаларының мәдениеті үш ке- зеңнің, алдыңғы, ортаңғы және соңғы кезендердің ескерткіштерімен та- нылды. Бұлардың ішінде андронов мәдени қауымына жататын ортаңғы қола ескерткіштері неғұрлым жақсы зерттелген.

Тайпалардың бұл уақыттағы шаруашылығының негізі Андронов мәдени барлық ареалдарындағы сияқты бақташылық мал шаруашылығы мен кетпенмен өндейтін егіншілік болды. Кең өндіру ісі мен металлургия жоғары деңгейге жетті. Шығыс Қазақстан мыс, қалайы рудаларын және алтын өндіретін орталықтардың бірі болды. Үй кәсіптері, оның ішінде кыш ыдыстар жасау дамыды. Тұрмыста ыдыстың екі түрі: көзелер мен кыш құмыралар қолданылды, әдетте ыдыстың бүкіл сырты тарақ тәрізді калыппен түсірілген күрделі геометриялық суретпен молынан өрнектелді. Көзелердегі ою-өрнек шырша түрінде, ал кейде шырша ойықтармен, тырнақ ізді "маржандармен" ұштастырылып отырды. Тырнақ ізді ою-өрнек бұл кезең үшін Шығыс Қазақстан керамикасына ғана тән.

Неғұрлым кейінгі кезең мәдениетіне ыдыстың мойнын бүйірінен аныкқ бөліп тұратын ойығы бар кұмыра бітімдес қыш ыдыстар тән болып келеді. Олардағы ою-өрнек үш жеріне: ернеуіне, иініне және түбіне салынады. Көбінесе жылтыр калыппен салынған ромбылар, тең бүйірлі үш бүрыштар, сынық сызықтар, меандрлар басым болып келеді, сонымен бірге ұсақтісті тарақ тәрізді қалып та ұшырасады. Көзе түріндегі ыдыстардың біразына ою-орнек салынбаған. Бітімі жатық кұмыралар да кездеседі.

Өлген адамдарды жерден қазылған шүнқырларға, тас жәшіктерде және цисталарда жерлеген, ал моланың үстіне үйінді оба немесе тас қоршау тұрғызылатын болған.

Жерлеу кұрылыстарының құрылымында, әлікті жерлеу ғұрпында, ою- орнек мәнерлерінде бұдан бұрынғы кезеңмен сабақтастық, байланыс сақталған. Жерлеу кұрылыстары қырынан қойылған және жерді казып орнатылған тақтатастардан тұратын тікбұрышты, шаршы, сопакды қоршаулар болып келеді. Көбінде өлікті көмумен бірге өлікті өртеу де кездеседі, мүның өзі Шығыс Казақстанды Орталық Қазақстанмен жақындата түседі. Ішінде бірнеше мола бар үлкен қоршаулар да үшырасады, бүлар, әулеттік зираттар болса керек.

Сондай-ақ соңғы қола дәуірі ескерткіштерінің ортаңғы қола дәуірі ескерткіштерімен — Андронов мәдениетімен сабақтастық байланысы да аңғарылады. Бұл қабір үстіндегі құрылыстардың кұрылымынан (қоршаулар тікбұрышты, шаршы және шеңбер түрінде болып келеді), жерлеу кұрылыстарынан (жерден қазылған қабір шұңқырлары, тас жәшіктер, цисталар), жерленгендердің жатқызылуынан (өлікті оң немесе сол қырынан бүгіп жерлеу), оларды белгілі бір бағытка каратып жерлеуден (басын оңтүстікке каратып салып, аздап батысқа бүру), жерлеу мүліктерінен (бітімі жатық құмыра түріндегі кыш ыдыстар), ою-өрнектерден (кейде ыдыс тұтастай ою-өрнекпен көмкеріледі) көрінеді. Сонымен бірге Шығыс Қазакстанның соңғы қола ескерткіштерінде бір-біріне жалғасқан шеңбер қоршаулар кұрылысынан, бір кабірге бірнеше ересек адамды, кейде балаларымен бірге жерлеуден көрінетін Оңтүстік Сібір мен Алтайдың карасұқ тайпалары мәдениетінің ыкпалы аңғарылады. Бұл ыкпалдың кыш ыдыстада, металл бұйымдарда да (пышактарда, әшекейлерде) ізі бар.

Бұл аймактын соңғы қола заманына кыры сәл қайқылау, сапты және шығыршықты тұтқыры бар қола пышақтар, қоладан істелген қусырма және сына тәрізді қашаулар, шеге тәрізді заттар, қайлалар, дөңгелек қалпақша тәрізді бәйегі бар канжарлар, шот-күректер, қырлы дүмі шығыңқы балталар, ойығы бар шапа шоттар тән болып келеді.

Шығыс Қазақстан тайпаларының соңғы қола мәдениеті Сібірдің карасұқ мәдениетіне, Орал сыртынын, замараев және Орталык Казакстанның Беғазы-Дәндібай мәдениетіне тұстас келеді.

Алдыңғы және ортаңғы қола мәдениеті. Неолит дәуірінің ескерткіштерінен (Железинка ауылы маңындағы мола, Пеньки-І, -2 колдік тұрақтары70) кейінгі ең ертедегі ескерткіш уақыт жағынан Сібірдін афанасьев мәдениетіне жақын Қанай ауылы іргесіндегі бейіт болып табы- лады". Ол жер үстінде тігінен қойылған қтұратын шаршы қоршаумен белгіленген. Қоршаудын кабырғалары әлемнің торт жағына карай бағдарланған. Жерден қазылған қабірден бастарын шығысқа қаратып, шалқасынан жатқызылған еркек пен әйелдің сүйектері шыкты. Сүйектердің біразы жосамен боялған. Жерленгендердің екеуі де андроновтық-антропологиялық тұрпатқа жатады. Қабірде өлік асының қалдыктары, жебенің жайпақ қола ұшы, ашық-жасыл түсті тас моншак, таяқшамен әр жерінен батырылып өрнек салынған көзе сияқты қыш ыдыстың сынықтары және топайлар сақталған.

Қола дәуірінің ортаңғы (дамыған) кезеңіндегі Шығыс Қазақстан тұрғындарының мәдениеті қоныстар мен қорымдардың үлкен тобымен сипатталады. Неғұрлым көрнекі материалдар Қанай ауылы маңындағы қоныстан, корымдар мен құрбан шалатын орыннан, Зевакино ауылы, Сарыкөл көлі маңындағы, Кіші койтас, Нұрмамбет қойнауларындағы және т.б. қорым- дардан алынды.

Ертістің он жағалауына орналасқан Қанай ауылы іргесіндегі қоныста жапсарластыра салынған шаруашылық кұрылыстары бар тікбұрыш түріндегі (аумағы 50 шаршы метрге жуық) тұрғын жай ашылды. Жай жартылай жертоле сияқты. Құрылыс қабырғаларының негізі — тіреулер, олардың арасына қамыс салынып, балшықпен сыланған. Едені жер, ондатастан қаланған үш ошақ бар. Оның екеуі тамақ дайындауға, біреуі үйді жылытуға арналған. Шаруашылық кора-копсы негізгі тұрғын жай- мен бірге тұтас жайдак тобемен жабылған. Тұрғын жайға өзенге караран тар дәлізден кіреді. Жайдың орталық бөлігі кіретін дәлізден аласа кабырғамен болінген. Бөлінген жағы шаруашылыкка арналған болу керек — онда төлдер ұсталған (бұзау мен лақтың каңқалары табылды). Жайдың біршама биік оңтүстік-шығыс бөлігінен ыдысқа ою-орнек салу үшін сүйектен істелген жылтыр және тарақ тәрізді қалыптар, қыш жүкшенің сынығы, тас келсап пен үккіш, малдың өнделген жауырыны, малдың жақ сүйегінен жасалған сабау, қола моншақтар, білезік бұрамасы шықты.

Жапсарлас салынған жайлардың бірінде мыс рудасының түйірі мен ішкі бетінде мыс шлағы мен мыстың дағы бар қыш ыдыстың сынығы, екінші біреуінде құйма қалыптың жартысы табылды. Қоныстың шығыс және солтүстік жақтарынан тастан каланған қоршаулардың қалдықтары ұшырасты. Оны мал қамауға арналған деп топшылауға болады. Қоныстың оңтүстік-шығыс шетінде салмағы 6 килограмнан астам уатылған мыс рудасының кесектері табылды. Қонысқа жақын маңнан ағаш көмірімен араласкан мыс шлагының кесектері (10 кг) бар қорыту пешінің қалдықтары ашылды. Шамасы, руданы қонысқа Нарым жотасындағы жақын мандағы кен орнынан әкелген болу керек.

Тұрғындар шаруашылықта және тұрмыста тас дәнүккіштер, үккіштер, келсаптар, тас тоқпақшалар, кетпендер, жылтыратқыштар, күйма қалыптар, бұғы мүйізінен істелген кетпендер, сүйек пышақтар мен сабаулар, тегіс және тарақ тәрізді қалыптар, малдың өнделген жауырындарын, тоғалар, қола біздер, моншақтар, білезіктер; ұршықтарға арналған қыш кермелер, блок тәрізді жүкшелер және негізінен екі түрлі ыдыстар: тік немесе шамалы шығыңкы бүйірлі көзелер мен иіні дөңгелек келген қыш күмыралар түтынған.

Қоныстан оңтүстік-шығысқа таман үш тас қаламамен белгіленген табынатын орын болған. Мал сүйектері, бет жағын ыс баскан дәнүккіштердің сынықтары, сондай-ак күл, көмір мен күйген сүйектер бұл жерде кұрбан шалу ғұрпының атқарылғандығын көрсетеді.

Зевакино ауылы, Қанай ауылы, Сарыкөл колі, Қаражал мен Кіші Қойтас, Нүрмамбет атыраптары маңындағы, Усть-Буконь, Көкдомбақ және басқа селолар түбіндегі қорымдарды қазу кезінде алынған материалдар қола дәуірі адамдарының шаруашылығы, тұрмысы, кескін-кейпі туралы біздің білімімізді едәуір кеңейтіп, толыктыратүседі.

Ертістің оң жағалауында орналасқан Зевакино қорымы73 әр кезендегі 500- ден астам, Қанай қорымы 15 бейіт құрылыстарынан тұрады. Бір қабірге бір ғана өлік жерленгенде оларды жерден қазылған қабірлерге, тас жәшіктер- ге, цисталарға және ағаш кималарға қоятын болған. Жерленгендер сол және оң қырынан, басы батыска және солтүстік-батыска каратылып, бүктетіліп жатқызылған.

Ерлер мен әйелдер қабірлеріндегі қоса көмілген күрал-саймандар козе сияқты ыдыстардың сынығы және бүтін ыдыстар, жатық және ернеуі ептеп қайырылған кұмыралар болып келеді. Олар шыршалармен, «маржандармен», киғаш кертпешелермен, қабырғалары сызылған үш бұрыштармен, тырнақ іздерімен, ирек сызықтармен өрнектелген. Мұнан басқа, әйел қабірлерінен сәндік заттар - қола тоғалар, түйреуіштер, шыны тектес заттан және ұнтақтан жасалған моншақтар, ерлер кабірлерінен еңбек кұралдары, қару- жарақ табылды.

Сарыкөл көлі, Көкдомбақ және Кіші Қойтас ауылдары маңындағы қорымдар іргелерін шеңберлей, шаршылап және тікбүрыштап тақтатастармен қоршаған, топырақ үйілген обалардан тұрады. Бұл қорымдардағы материалдык мәдениет заттары мен жерлеу ғүрпы үйіндісі жоқ коршаулардағыдай болып келеді. Кейде тақтатастармен жабылған тас жәшіктерде және ағаштармен жабылған жерден қазылған тікбұрышты қабірлерде әдетте өлік өртелмей қойылатын болған, сол сияқты өлікті өртеу де ұшырасады. Ру ақсүйектері жерленген кабірлер қыш ыдыстарының көптігімен, сан алуан әшекейлерінің молдығымен ерекшеленеді. Ыдыстардың сипаты, ою-өрнек пен оны бедерлеу техникасы Андронов мәдениеті дәстүріне сай келеді. Оның есесіне әшекей заттарының жиынтығы көбірек, әрі алуан түрлі. Бұлар шетіне мұқыл шегемен ою-орнек салынған және ою-орнексіз конус тәріздес қола тоғалар, самайға тага- тын алтын сырғалар, мыс моншақтар, жырткыш аңның тісі, тас салпын- шақтар. Әшекейлердің көпшілігі коладан немесе мыстан жасалып, ал- тынмен қапталған. Бұлар салпыншақты сырғалар, бұрама сымдардан жасалған конустар, өрнегі қабырғалары сызылған үш бұрыштар болып келетін, түйнектері мен каннелюрлері бар тармақты салпыншақтар, ромбының әрбір ширегінде біріне-бірі тік келетін қосарлас сызықтармен өрнектелген ромб тәрізді қаптырма, үш бұрышты қаптырма және басқалары.

Қола дәуіріндегі орталық Қазақстан

Қола дәуіріндегі Оталық Қазақстан

Шүйгін жайылымдар мен рудалы кен орындарының көптігі арқасында Орталық Қазақстан ежелгі замандағы мал шаруашылығы, кең кәсібі мен металлургия дамыған ірі аймаққа, Андронов мәдениетінің негізгі орталықтарының біріне айналды. Мал шаруашылығы мен металлургия және бұлармен бірге бақша егіншілігі арқасында Орталық Қазақстанды мекендеуші ежелгі адамдардың материалдық және рухани мәдениеті жоғары деңгейде болды.

Қазақтың ұсақ шоқылығының байтақ жерін мекендеген тайпалар тұрғын үйлер мен қора-қопсылардың калдыктары бар қоныстар, бейіт кұрылыстары мен көне кең орындары, жартастағы суреттер мен кұрбан шалу орындары сияқты көптеген ескерткіштер калдырды.

Қола дәуіріндегі ескерткіштердін тараған батыс шегі Жезқазған — Ұлы тау — Арғанаты - Терісаққан өзенінің жоғарғы бойлығы аркылы өтеді. Жезқазғанда бұл мәдениет көптеген кең орындарымен көрінеді, олардың ішіндегі ең ірілері Кресто, Петро, Златоуст, Милықұдык болды. Солтүстігінде бүл шекара Есіл мен Тобьш озендерінің аңғарына дейін, шығысында Ертістің сол жағасы мен Шыңғыс жотасына дейін барады, ал оңтүстікте бұл мәдениеттің ошақтары Бетпакдала шөлінің солтүстік шетінен Жетіқоңыр өңірінен, Тайатқан, Шұнақтауларынан, Батпақсу мен Шажағай өзендерінің алқаптарынан мәлім.

Бұл кең-байтақ аумақты қола дәуіріндегі тайпалар әркелкі мекендеді. Ол кездегі неғұрлым игерілген өңірлер Нұра, Шерубай-Нұра, Атасу және Талды-Нұра өзендері мен олардың көптеген салаларының аңғарлары, Бұғылы, Беғазы, Қызыларай, Кент, Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау жоталарының аралығындағы жазықтар және басқалары болды.

Орталық Қазақстандағы андроновтык қорымдардың көпшілігі осы мәдениеттің басқа аудандардағы ескерткіштермен салыстырғанда құрылымының күрделілігімен, көрнектілігімен, бейіт құрылыстарын салудың жоғары техникасымен көзге түседі. Ертедегі шеберлер мелшері жағынан орасан зор тас қоршаулар мен лақаттар салды. Тұрғындар діни кұрылыстарды салуда да құрылыс ісінен тәжірибе жинақтап, дәстүрге ие болды.

Қазіргі уакытта Орталык Қазақстанда қола дәуірінің 50-ге жуық қонысы мен 150 ірі қорымы табылды. Қазба ісі 40 қорым мен 10 қоныста жүргізілді.

Орталык Қазақстандағы Андронов мәдениеті тайпалары өз дамуында бірінен соң бірі келетін екі кезеңнен өтті: оның алдыңғысы — Нүра кезеңі, ортаңғысы — Атасу кезеңі (Нұра, Атасу өзендеріне қарай алынған шартты атаулар). Соңғы кола дәуірінде (б. з. б. X — VIII ғасырлар) олар Андронов мәдениетімен салыстырғанда анағүрлым жоғары, көрнекті Беғазы-Дәндібай мәдениетін құрды (Қарағанды каласы маңындағы Дәндібай ауылында және солтүстік Балқаш өңіріндегі Беғазы қойнауында қола ескерткіштерінің алғашқы казылған жеріне карай осылай аталған).

Алдыңғы қола мәдениеті. Мәдениеттің алдыңғы, Нұра кезеңі әзірше толық зерттелмеген, бейіт құрылыстарының материалдары бойынша ғана мәлім.

Нұра кезеңінің тайпаларына өлікті өртеп жерлеу ғұрпы тән. Өлік казылып қойған молаға жақын жерде өртеліп, одан соң күлі молаға қойылған, ал өртелген жерге тас тақталар үйілген.

Бүл замандағы тайпалардың өлікті жерлеуінде оны өртеу негізгі ғұрып болғанымен, бірден-бір ғұрып болған жоқ. Өлікті молаға салу ғұрпы да болды, ол әсіресе Қазақстан қоласының Атасу кезеңінде ерекше кеңінен тарады.

Нұра кезеңіндегі қорымдардың аумағы онша үлкен емес, әдетте ол аласа төмпешік болды, оны айнала тігінен орнатылған немесе жалпағынан салынған тақтатастардан дөңгелетіп немесе тік бүрышты етіп қоршайтын болды. Қабір қоршаудың ішінен қазылды. Өлік қабырғалары жалпағынан салынған тақтатастармен шегенделген лақатқа, тас жәшіктерге салынып, тік бұрышты етіп қазылған қабірлерге көмілді. Жерлеу ғұрпы жасалғаннан кейін лақаттар тас тақталармен жабылды.

Нұра кезеңіндегі тайпалардың мәдениетін қыш ыдыстар ерекше айқын сипаттайды. Ыдыстардың дені ернеуінің жиегі сыртқа карай иіліп, мойны мен бүйірі иіліп барып жалғасатын құмыралар болып келеді. Түбі жайпақ, кейде шығыңқы, сүйір болады. Бұл ыдыстар вазаға ұқсас. Ыдыстардың көбінің көлемі мен сыйымдылығы бірдей. Олар үш бүрыштардың, целиндрлардың, қатарлас каннелюрлердің қиюласуы түрінде ернеуінен орта беліне дейін салынады, кейде ыдыстың түп жағы да сәнделеді. Өрнек тарақ тәрізді және тегіс қалыппен түсірілген. Нұра заманындағы бейіттерде қола бүйымдар біршама аз табылған.

Қорымдардыңдені Бұғылы-1, Ақсу-Аюлы-1 корымдары секілді болып келеді. Оның бірнеше қоршаудан тұратын біріншісі Шерубай-Нұра өзені алқабының батыс жағында, Бұғылы тауының етегінде орналасқан. Бұғылы- 1 қорымында қазылып ашылған дөңгелек және тік бұрышты қоршауларда тік бүрышты қабірлер болды; кейде олар жалпағынан салынған тақтатастармен шегеленген (цисталар). Бейіттегілердің көпшілігі өлікті ортеу ғұрпы бойынша жерленген. Лақаттарда мол өрнектелген бір-екі қыш ыдыс табылды, олардың кейбіреуінің түбі вазаның түбіндей әсем, бүлармен бірге балшық ұршықбас, дөңгелек қола айна, қола моншақтар мен тізбектер шықты. Молалардан және олардың жанынан үй жануарларының (жылқының, қойдың) — батаға сойылған малдың сүйектері табылды.

Ақсу-Аюлы-1 қорымы өзі аттас өзеннің оң жақтағы биік жағалауына орналасқан. Қорымның орта шенінде жағаны бойлай қатарласқан сегіз оба тобы ерекше козге түседі. Үйілген топырақ астынан жалпағынан салынған тақтатастардан дөңгелете қаланған қоршаулар шықты. Қоршаулардың ішіндегі шұңқырларға тік бүрышты цисталар қаланған, олардың бұрышында әдетте адамның кұраған сүйектері мен екі-үш қыш ыдыс жатады.

Нұра кезеңінің соңына таман әлікті жерлеу ғұрпы оны өртеу ғұрпын бірте-бірте ығыстыра бастайды. Бұл бірсыпыра ескерткіштерден, мәселен, Орталық Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарындағы ескерткіштері көрінеді; бұларда жерлеу ғұрпы аралас: елік өртеу де, өлікті жерлеу де кездеседі, оның үстіне өлікті көміп жерлеу басымырақ.

Қыш шөміштер мен металл корытатын қыщыс сынықтары. Қола дәуірі. Орталық Қазақстан. Атасу конысы.

Тік бұрышты шұңқырлардан нұралықтұрпатты қыш ыдыстар табылды. Бітімі жаңа ыдыстар — Солтүстік және Батыс Қазақстандағы көрші тайпалардың ыдыстарына ұксас иіні ойық ьщыстар шығады. Кейін мұндай үлгідегі ыдыстар Орталық Қазақстанда да басым бола бастайды.

Атасу кезеңіндегі андронов тұрғындарының мәдениеті — алдыңғы кола мәдениетінің жалғасы мен табиғи дамуы. Сонымен бірге бұл — қоғамның, оның экономикасы мен мәдениетінің дамуындағы жаңа, неғүрлым жоғары кезең; бұл кезең кола дәуірінің дамыған ортаңғы кезеңіне жатады.

Шаруашылық жағынан алғанда бұл кезең мал өсірудің бұрынғыдан гөрі кеңірек таралуымен және кетпенмен ендейтін егіншілік көлемінің өсуімен сипатталады. Қорымдар мен қоныстардағы мал сүйектерінің қалдықтары Атасу заманындағы тұрғындардың өсірген мал түліктері туралы түсінік береді. Мұнда сиыр мен кой-ешкі, жылқы үлкен рөл атқарды. Бұл кезенде жылқы мен койдың шаруашылық маңызы артады.

Малдың көбеюі және халықтың өсуі шөлейт жерлерді шаруашылық жағынан игеруге итермеледі. Тайпалардың бір бөлігі өзен алқаптарын тастап, шөлдер мен шөлейттердің оазистеріне ауысты; онда сумен жабдықталудың бірден-бір көзі құдықтар болды.

Кен жұмыстарының көлемі өсті, мыс пен калайы табу, демек, өндіру артты. Мыс пен қоладан еңбек кұралдарын, тұрмыстык, және сәндік заттар жасау едәуір ұлғайды.

Мыс пен кола металлургиясының, бақташылық мал шаруашылығының дамуы шаруашылықтың мамандануына және бірқатар әлеуметтік езгерістерге жеткізді.

Атасулық андроновтық тайпаларда жерлеу ғұрпы тұрақты сипат алды. Өлгендер жерленгенде бүктетіліп, көбінесе сол қырынан жатқызылды, колдары кусырылды, басы батыска каратылып, кейде аздап солтүстікке неме¬се оңтүстікке бейімдеңкірей жатқызылды. Оның үстіне, Нұра кезеңінің мұрасы ретінде әлі колданылып келе жаткан казулы шұнкырмен және цисталармен қатар, тік бұрыш бітімді тас жәшіктер тарады; ол жәшіктер шомбал, жалпақ торт тақтатастан кұралып, қабір шұнқырының төрт жағынан койылды.

Атасу кезеңінде иіні дөңестеліп иілген ыдыстар сақталды, бірақ мойыны мен бүйірінің арасы ойык құмыралар, қарапайым құты сияқты ыдыстар, аралық түрлер басым болды.

Ені дөңестеліп иілетін көзелер бұрынғы әсем көрнекілігінен айырьшады, олардың биікше, жіңішке түбі жоғалады, өрнектер үш қатарға — ыдыстың мойнына, бүйірінің жоғарғы бөлігіне және түбіне салынады. Әрбір қатарда өрнекті орналастыру дәстүрі қалыптасады. Мойнына көбірек салынатын сурет тік бұрышты немесе тең қабырғалы үш бұрыштардан ұшы жоғары қаратылып тізілген тізбектер болып келеді. Кейде үш бүрыштардың орнына ромбылар, сынық сызықтар және басқалар салынады. Өрнектердің екінші қатары үш бүрышты фестондардан, меандрлардан, қатарлас каннелюрлерден құралады. Бұл өрнектер киюласып, кілемнің ою-өрнегіндей болып шығады. Түпкі қатар ұшы жоғары қаратылған үш бұрыштар немесе белдеулей сызылған қатар сызықтармен әсемделеді. Ені дөңестеліп немесе ойықталып жасалатын ыдыстарда ғана өрнек көп кездеседі. Қарапайым құты тәрізді ыдыста күрделі меандрлы немесе фестонды сурет болмайды және онда өрнекті белдеулер салынуы көп кездеспейді. Ондай ыдыстың ернеуі мен мойны ғана ірі үш бұрыштармен, қатарлас сызықтармен, кейде шырша өрнекпен сәнделеді. Солтүстік және Батыс Қазақстаннан — Орталық Қазақстандағы ыдыстардьщ мойнында меандрлы фигуралардан жасалған өздерінің дәстүрлі айырмашылығы өрнегі болады.

Атасу заманында қола құю өнері жоғары дәрежеде кемеліне жеткен. Табылған бұйымдардың бәрі соғу, кұю, ою және қақтау арқылы жасалған. Көне замандағы шеберлер қалақ түріндегі канжарларды, жебелердің қос қанатты, жалпақша ұштарын, екі үшы сүйір моншақтарды, дөңгелек және тік бұрышты айналарды қүйды. Соғу, қысып өрнектеу мен қақтау төрт қырлы біздерді, инелерді, білезіктерді, алуан түрлі алқаларды, мүсінді тоғаларды және басқаларды жасағанда қолданылды.

Ол замандағы қорымдардың көбі Атасу езенінің алқабындағы қорымдар тобына ұқсас. Бұлардың ең ірілері—Дарат, Саңғыру, Мыржық, Ақсай, Тел- жан, Қосағал және әсіресе Үйтас(Қараозек) қорымдары.

Мейлінше алуан түрлі бейіт құрылыстары жер бетінен 20—50 см сыртқа шығып тұратын көлемді тактатастармен белгіленген. Оларда қосарлы және екі қабатты жәшіктерге қойылған көп лақатты әулеттік-патриархаттық үлкен кабірлердің саны көбейген. Қоршаулардың бәрінде дерлік лақат жәшіктері екі-төрт гранит тақтамен жабылған. Негізгі ғұрып — өлікті өрте- мей жерлеу. Дегенмен, Атасу заманындағы басқа ескерткіштердегі сияқты, мұнда да өлікті әртеу кездеседі.

Қорымдардан көптеген қыш ыдыстар, бұранды бүрамалары түйісіп келетін қола білезіктер, самайға тағылатын алтын жалатылған сырғалар, қола тізбектер, алқалар және палеометалдан жасалған басқа да бұйымдар, ұнтақтан қатырылған, меруерттен, тастан жасалған моншақтары бар алқалар, тесіп ілінетін жыртқыш азулары мен кабыршақтар жиналды.

Орталық Қазақстанда Атасу кезеңінің ескерткіштері көп, олар: Қоңырат ауданындағы Былқылдақ, Қарасай, Темірастау, Қарабие қорымдары, Шерубай-Нұра өзені алқабындағы Басбалдақ. Ақсу-Аюлы-1 қорымдары, Бетпақдаланың солтүстік шетіндегі Елшібек, Беласар қорымдары және басқалар.

Құрбан шалынатын орындар да Орталык Қазақстандағы (Атасу озені алқабыныңтаулы жерлеріндегі, Нұра, Қарасу, Жарлы, Акбілек езендерінің алқаптарындағы) дамыған коланың өзінше бір үлгідегі ескерткіштері болып табылады. Олар әр уақытта жазык жерде, маңайына карағанда дөңестеу, қоныстар мен қорымдардан оңашалау жерде орналасады. Көбінесе бұл құрылыстар сопақ немесе онша дөңгелек емес түрдегі жалпағынан салынған сегіз-тоғыз шомбал тастан құралады.

Қола дәуірінің антропологиялық сипаттамасы

ҚОЛА ДӘУІРІНІҢ АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Қазақстанның қола дәуірі археологиялық жағынан едәуір жақсы зерттелген. Зерттеушілердің көпшілігі қарастырылып отырған аймақтың негізінен солтүстік, орталық және шығыс бөліктерінде қалыптасқан Андронов мәдениетің сол дәуірдегі ен көп тараған мәдениет деп таныды. Кдзақ- станның батыс болігінде Андронов мәдениетімен бір мезгілде оған жақын кима мәдениеті таралды, онын таралған орталығы Еділ бойында болатын. Андронов мәдениеті оңтүстікте өзімен тектес, Арал өңіріндегі тазабағьяб мәдениетімен шектесіп жатты.

Қазақстанның аталған аудандарында жүргізілген археологиялык қазба жұмыстары қола дәуірінің біршама көп палеоантропологиялык материалын берді.

Жекелеген аймактар бойынша бұл материалдарды зерттеу Қазақстанның шығыс, солтүстік, орталық бөліктерінде негізінен алғанда андроновтық антропологиялық тұрпат дейтіннің таралғанын көрсетті. Осы храниологиялық белгілердің бүкіл кешені протоеуропоидтық нәсілдің бір нұсқасын құрайды және генетикалық жағынан Қазақстанның неолитгік мекендеушілерінің антропологиялық ерекшеліктеріне тіреліп жатыр. Жыныс айырмашылықтарын ескергенде андроновтықтардың сыртқы пішіні туралы жалпы түсінік оны бас сүйегі бойынша пластикалық әдіспен қайта қалпына келтірген жағдайда алынды. Қола дәуірінің Алексеевское қонысынан алынған әйелдін бас сүйегінің қайта жасалған мүсіні беріліп отыр.

Археологиялык тұрғыдан андронов мәдениетінің негізінен екі кезеңге:

алакөл және Федоров кезендеріне бөлінетіні мәлім. Осыған байланысты, аталған кезендер бойынша палеоантропологиялық материалды қарастыру белгілі бір дәрежеде ынта-ықылас туғызады.

Мәселен, Орталық және Солтүстік Қазақстанның федоров кезеңіне жататын храниология- лық сериялары неғұрлым шығыс аймақтардың (Минуса ойпаты) халқымен жақындығьш аңғартады, ал Алакөл кезеңі бас сүйектерінің сериялары Қазақстанның батыс аудандарының тайпаларына бейім.

Қарастырылып отырған дала мәдениетінің екі кезеңі өкілдерінің арасындағы осы шағын айырмашылықтармен қатар қола дәуірінің Ойжайлау қорымынан (Жамбыл облысы) алынған бас сүйектердің шағын тобында храниологиялық белгілердің біршама басқаша үштасатыны аңғарылды. Оған тән біршама шағын сопақша бет, мандайының шығыңкы неғұрлым айқын кескінделуі оны Көкше-3 қорымынан (Арал өніріндегі тазабағьяб мәдениеті) алынған бас сүйектермен және көп жағынан Тигровая Балка (II) (Оңтүстік Тәжікстанның вахш мәдениеті) қорымынан алынған топпен жақындатады.

Жоғарыда келтірілгендерден Ойжайлаудың бас сүйектері төбе сүйегі жалпақ болғандықтан, бас сүйегі үлкен, беті кішкене, мұрны таңқы болуымен ерекшеленеді.

Ойжайлаудан алынған бас сүйектер санының аз екенін ескере отырып, андронов және Жерорта теңізі антропологиялық үлгілері арасында бейне бір «аралық» жағдай алатын морфологиялық белгілердің шағын кешені бар екенін айтуға болады.

Қола заманындағы қайта құрастырылған әйелдің бейнесі.Негұрлым соңғы кезенде, қола дәуірінен темір дәуіріне көшкен кезде, Шығыс Қазақстаннан алынған қолда бар храниологиялық материалдарда (Зевакино және Измайлов қорымдары, Теміркаңқа қорымы) болмашы ғана айырмашылығы бар андроновтық антропологиялық тұрпат атап өтіледі. Мәселен, Зевакино қорымынан алынған өтпелі кезең бас сүйектерінің негізі ерекшеліктері — бас сүйегі долихокранды (сопақ басты), бет-пішіні ат жақтылау, көз шарасы ұялы және мұрын қуысы қусырыңқы болып келеді. Бұл топтың басқа андроновтық топтардан айырмашылықы жоқ. Зевакино қорымы краниологиялык тобының келтірілген морфологиялық ерекшеліктері, шынына келгенде, оңтүстік аймақтардың, атап айтқанда, Орта Азияның тұрғындарымен кейбір байланыстарды көрсетеді. Мұндай жағдай

жоғарьща Жетісудан алынған қоладәуірінің антропологиялық материалдарында да атап өтілді (Ойжайлау қорымы).

Қазақстанның батыс бөлігіне келетін болсақ, қола дәуірінде онда негізінен алғанда қима мәдениетінің тайпалары мекендеген. Олардың морфологиялык белгілері Төменгі Еділ бойы аумағындағы кейбір шағын топтарымен ұқсастығын аңғартады, ал ол жерде қимашылардың өзі дене бітімі жөнінен кейбір әр тектілігімен ерекшеленеді. Солай бола тұрса да соңғылары, жалпы алғанда, Жерорта теңізі нәсілінің долихокрандык көрікті тұрпатына жатады. Бұрынғы және жаңа палеоантропологиялық материалдарға талдау жасау Батыс Қазақстанның қималық тайпаларының андроновтардан айырмашылығы — олардың бас қорабы долихокраңды, мезокраңдылыққа ұқсас орташа келте басты, беті төмендеу және жалпақ, көз ойығы түсіңкі, кеңсірек үсті шығыңқы, қыр мұрынды, көрікті болып келеді.

Жоғарыда келтірілген айырмашылықтарға қарамастан, оларды дегенмен дене пішіні жағынан ғана емес, сонымен қатар мәдениет жағынан да толып жатқан ортақ белгілер жақындастырады, мұның өзі Қазақстанның қима және Андронов мәдениеттерін таратушылардың өзара алыс-берісін, тарихи және антропологиялық түбінің бір екенін дәлелдейді.

Сонымен, қола дәуіріндегі Қазақстан халқының тұтас алғанда антропологиялық тегі бір, оған монғолоидтық элементтердің қандай болсын қоспасынсыз протоеуропоидтық нәсіл негіз болған. Бұл нәсіл ауқымында антропологиялық белгілердің көп нұсқалы болуы белгілі бір дәрежеде аңғарылып тұратынын ескерте кеткен жөн. Соңғы жылдарда қазылып алынған палеоантропологиялық материал осыны көрсетіп отыр. Бұл орайда андроновтықтарға тән антропологиялық белгілер бұрынғысынша Қазақстан аумағында негізгі, басым белгілер болып қала беретіні күмәнсіз.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.