Америка

Америка (ис. América, порт. América, фр. Amérique, кеч. Amirika, айм. Amërika, нидер. Amerika) — Америка-батыс жарты шардағы екі құрлықтан тұратын дүние бөлігі. Атлант және Тынық мұхиттары аралығында. Оның құрамына Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка құрлықтары, дүние жүзіндегі ең үлкен арал-Гренландия және тағыда басқа жағалауға жақын аралдар кіреді. Солтүстік Америка мен Оңтүстік Американың бір-бірінен бөлек және дүниенің басқа бөліктерінен алыс жатуы ғана емес ірілігі, табиғат жағдайында зор айырмашылық болуы оларды жеке, дербес құрлықтар деп санауға негіз болады. Олар бір-бірінен Панама мойнағы арқылы бөлінеді. Екі материк аралығындағы Теуантепек пен Панама мойнақтарының аралығы және Вест-Үндістан аралдары Орталық Америкаға жатады.

N&SAmerica-pol
ОББ бойынша Американың саяси картасы
Америка
Americas (orthographic projection)
Территория42 549 000 км²
Халық саны953.7 млн (шілде 2013)[1] адам
Этнохоронимамерикалықтар
Енеді35 мемлекет
Тәуелді аймақтар23
Тілдеріиспанша, ағылшынша, португалша, французша, кечуаша, гаити креоль тілі, гуарани, aymara, астек тілдері, нидерландша және т.б.
Уақыт белдеулеріUTC-10 — UTC

Тарихы

Солтүстік Американың солтүстік шығыс жағалауы мен Гренландия аралын алғаш рет 900 жылдар шамасында нормандар ашты. Антиль аралын және Оңтүстік Американың солтүстік жағалауының бір бөлігін, Солтүстік Американың Кариб теңізі жағалауының оңтүстік бөлігін 1492-1503 жылдары Христофор Колумб ашты. Бұл дүниенің жаңа бөлігі Италия теңізшісі Америго Веспучидің есімімен аталды. Ол батыс жарты шардағы Христофор Колумбтың ашқан жерлері бұрын белгісіз болып келген дүниенің жаңа бөлігі екендігі туралы алғаш пікір айтты. Христофор Колумб ашқанға дейін Американың байырғы халқы көптеген үндіс тайпалары мен эскимостардан ғана тұратын. Европалықтар келіп үстемдік жүргізгенде, жергілікті халықты адам төзгісіз қуғындау, қанау тәртібін орнатты. Отаршылармен бірге неше түрлі аурулар да келді, одан үндістер көп қырғынға ұшырап, күрт азайды, кейбір тайпалар мүлдем құрып кетті. Олардың орнына Африкадан құлдар әкелінді. Американың қазіргі халқы бұрынғы европалықтардың ұрпақтарынан және құл ретінде әкелінген Африкалықтар мен жергілікті үндістердің араласуынан пайда болған. Американың халқы антропологиялық жағынан әр түрлі. Онда адамзаттың белгілі үш нәсілінің өкілдері (европеоид, монголоид, экваторлық негр-австралоид )араласып кеткен. Американың әр бөлігінде бұлардың араласу сипаты әр түрлі. Саны жағынан ең көбі-европеоид, оның өкілдері Солтүстік Америка халқының 90 %-і, Оңтүстік Американың 1/3 бөлігі. Екінші орында-будандар. Олар-бірқатар елдердің (Мексика, Орталық Америкадағы елдер, Венесуэла, Парагвай т.б) негізгі халықтары. Үшінші орында - мулаттар. Венесуэланың, Бразилияның, АҚШ-тың, Кубаның Орталық Америкадағы бірқатар елдердің халықтары-солар. Монголоид нәсілінің ерекше тармағына жататын байырғы халық-үндістер. Орталық және Оңтүстік Американың бірқатар аудандарында (Боливия, Венесуэла, Колумбия, Экуадор, Перу, Бразилия, Мексика, т.б) сақталған. АҚШ-та, Канадада және т.б елдерде үндістер арнаулы резервацияларға қуылған. Америка халқының басым көпшілігі индоевропа отбасы тілдерінде сөйлейді. Америкада ағылшын тілі, Оңтүстік Америка мен Орталық Американың бірқатар елдерінде испан тілі, Бразилияда португал тілі басым. Канада мемлекетінде екі тілдің бірі -француз тілі, Гайти мен Вест-Үндістанның ұсақ аралдарында да солай. Үндістер-кечуа, аймара, ацтек және т.б өз тілдерін белгілі бір шамада сақтап қалған, ал Африка халықтарының тілдері олардың этникалық топтарының біреуінде де сақталмаған. Америкадағы ұлттардың сан жағынан көбі: американдар, ағылшын-канадалықтар, мексикандар, бразилиялықтар, колумбиялықтар, аргентиндер, кубалықтар және т.б. Америкада-50 ел бар, 26-сы тәуелсіздік алған мемлекеттер, 24-і отарлар. 2-ші дүние жүзілік соғыстан кейін Американың саяси картасында біраз өзгерістер пайда болды. Халықтық революцияның жеңуі нәтижесінде Америкада тұңғыш Социалистық мемлекет-Куба пайда болды. Америкада саяси суверенді жаңа мемлекеттер:Гаина, Ямайка, Тринидад, Тобаго, Барбадос құрылды.

Дереккөздер

  1. The World Factbook. Central Intelligence Agency (2013). Тексерілді, 30 сентября 2013.
Америка Самоасы

Америка Самоасы (ағылш. American Samoa); бұрынғы атауы — Шығыс Самоа (ағылш. Eastern Samoa) — АҚШ құрамына кірмейтін беймуниципалді, ұйымдастырылмаған, тәуелді аймақ. Тынық мұхитының шығыс бөлігінде орналасқан. 2010 жылғы мәліметтер бойынша халық саны 55 519 адамды құрайды. Жер аумағы — 199 км².

Америка Құрама Штаттары

Америка Құрама Штаттары (ағылш. United States of America), жиі қолданылатын түрі АҚШ (ағылш. USA) немесе Құрама Штаттар (ағылш. United States, U.S., ауызекі тілде — Америка) — Солтүстік Америкадағы мемлекет. Аумағы 9,5 млн км² (әлемде 4-ші орын). Халқы — 179 млн адам (2018, әлемде - 3-ші орын). Астанасы — Вашингтон қаласы. Тұрғын халқының саны жағынан ірі қалалары: Нью-Йорк, Чикаго, Лос-Анджелес, Сан-Франциско, Филадельфия, Детройт, Бостон, Хьюстон, Вашингтон, Даллас, Питсбург, Балтимор, Сиэтл. Халықтың 66%-ы – протестанттар, 26%-ға жуығы католиктер. Үкімет пен мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы орган – палата мен сенат өкілдерінен тұратын екі палаталы парламент (конгресс).

Ағылшын тілі

Ағылшын тілі (ағылш. English, English language) — Үндіеуропа тілдері жанұясының батыс герман тобына жататын тіл.

Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англосаксондардың тілі, бірақ жауланған кельттердің тілдері де әсерін тигізген.

Ағылшын тілі — халықаралық тіл (де-факто - лингва франка). Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай мен испан тілінен кейінгі халық саны бойынша ана тілі ретінде ең көп пайдаланылатын тіл. Ағылшын тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Аустралия және басқа елдерде ана тілі болып есептеледі. Одан басқа көптеген мемлекеттерде ресми тілі болып саналады.

Ағылшын тілі — БҰҰ-ның алты тілінің бірі болып саналады.

Ағылшын тілі — дүние жүзіне ең кең таралған тіл. Үндіеуропа тілдерінің батыс герман тілдеріне жатады. Ағылшын тілі құрылымы жағынан флективті. Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия, Жаңа Зеландияның мемлекеттік тілі болып табылады. Канадада (француз тілімен қатар), Ирландияда (ирланд тілімен қатар) мемлекеттік қос тілдің бірі. БҰҰ-да қабылданған ресми алты тілдің негізгісі. Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазір 400 млн-нан астам адам сөйлейді. Қазақстанда да 20 ғасырдың 50-жылдарынан бастап Абылай хан атында. Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері ун-тінде, өзге де жоғары және орта оқу орындарында Ағылшын тілі оқытылып мамандар дайындалды. Жеке пән түрінде мектеп бағдарламаларына енгізілді. Ағылшын тілінің түп-төркіні 5-6 ғ-да құрлықтан Британ аралына қоныс аударған англ, сакс, ют тайпалары мен аралдағы байырғы кельт (бриттер) тайпаларының тілі болып саналады. Ағылшын тілінің даму тарихы ежелгі ағылшындық (7-11 ғ.), орта (12-15 ғ.) және жаңа (15 ғ-дан бері) дәуір болып үш кезеңге бөлінеді. А.т-дегі жазба ескерткіштер 7-8 ғ-дан белгілі. Ол уақытта ағылшындар руна жазуын пайдаланып, тасқа, ағашқа, сүйекке ойып жазған. 6-7 ғ-да ағылшындар арасында христиан дінінің таралуына байланысты руна жазуы қолданыстан шығып, латын әліпбиі қолданыла бастады. Ағылшындар латын әліпбиін ілгері дамытып, оған W, J және V әріптерін қосты. 1066 ж. Англияны нормандар басып алды да, мемл. тіл — француз тілі болып, Ағылшын тілі қарапайым халықтың сөйлеу тілі есебінде сақталды. 1476 ж. Англияда ағылшын тілінде кітап басып шығару басталды. Бұл жағдай Лондон диалектісі негізінде ағылшынның жазба әдеби тілін қалыптастырды.

Ағылшын тілі британдық және американдық болып екі түрге бөлінеді. Британдық Ағылшын тілі өз ішінде шотландиялық, солтүстік, батыс, шығыс, оңтүстік диалектілерге жіктеледі. 7-11 ғ-да англо-саксон тілінде 4 диалект болған: нартумбриялық, мерсиялық, уэссек және кент.

Ағылшын тілінің басты ерекшеліктері: а) фонетика жүйесінде дыбыстарының көпшілігі біресе созылыңқы, біресе қысқа айтылады. Осыған орай, Ағылшын тілінде сөз мағынасы бірсыдырғы өзгеріске түсуі мүмкін; б) морфол. саласындағы өзгешелік: сын есім мен сан есімнің барлық жалғаулары, яғни септіктері, сондай-ақ, зат есім мен етістік аффикстерінің көбі бұл күнде тарихи өзгерістерге түскен. Соған орай, Ағылшын тілінде сөз бен сөзді байланыстыратын предлогтар, артикльдер, сондай-ақ көмекші етістік сияқты жаңа тұлғалар, формалар (морфемалар) пайда болған. Ағылшын тілінің жазу ережелері мен сөздердің айтылуында айырмашылықтар бар. Орфографиялық ережелер бойынша бұрынғы және қазіргі ағылшын тіліндегі дыбыстардың өзгерістері жазуда қатаң сақталады.

.

Бразилия

Бразилия (толық ресми атауы — Бразилия Федеративті Республикасы, порт. República Federativa do Brasil, тыңдау ) — Оңтүстік Америка құрлығының шығыс және орталық бөліктерін алып жатқан мемлекет. Жері – 8,5 млн. км². Халқы 189 млн. адам (2007). Халқының этникалық құрамы: ақ нәсілдер – 54,7%, зәңгілер – 5,89%, мулаттар – 38,45%. Бұған қоса 3 млн-нан астам иммигранттар (жапон, италиялық, неміс, араб, француз, т.б.) тұрады. Астанасы – Бразилиа. Мемлекеттік тілі – португал тілі. Халқының көпшілігі христиан дінін ұстанады. Ұлттық мейрамы – жетінші қыркүйектегі Тәуелсіздік күні.

Доллар

Доллар (ағылш. dollar) — Америка Құрама Штаттарының, Канаданың (Канада доллары), Аустралияның (Аустралия доллары) мемлекеттік қазыналық билеті. Басқа елдерде де (Жаңа Зеландия, Либерия, Эфиопия, Малайзия, Сингапур, Гайана, Ямайка, Тобаго және Гондурас, Гонконг) қолданылады. 1 доллар 100 центтен тұрады. Ең алғашқы доллар АҚШ-та 1786 ж. күміс (24,34) доллар ретінде енгізілген. 1900 жылдан бастап долларға таза алтынның 1.50463 грамы теңестірілген. 1934 ж. доллар девальвацияға ұшырап, 40,94%-ке құнсызданды. Оның алғашқы алтындық баламы 1,6 г болса, 1900 ж. 1,5 г төмендеп, 1934 ж. таза алтынның 0,888 гр-ы болып белгіленді. Кейінірек долларлық шақалар айналыстан шығарылып, банкноттық ақша белгілерімен ауыстырылды. 1954 жылдан бастап АҚШ-тың төлем балансының үздіксіз тапшылығына, алтын қорының азаюына және құнсызданудың үздіксіз көтерілуіне байланысты доллардың сатып алу қабілеті төмендеді. 1993 ж. 1 доллар 0.1039 грамм алтын шамасында болды. Бүгінде айналыста 100, 50, 10, 5, 1 долларлық федералды резервтік билеттер және 10, 5, 2, 1 долларлық күміс сертификаттар, 10, 5, 2, 1 мыс-мырыш центтері пайдаланылады.

Қазіргі заманғы теорияларда және өзгертілген жазуда «US» нұсқасын қарастырады.

Испан тілі

Испан тілі (ис. idioma español), немесе Кастиль тілі (ис. castellano) — Испания, Оңтүстік, Орталық Америка (Гаити, Гайана, Суринам, Кіші Антиль аралдарын қоспағанда) мен Мексиканың, Кубаның (барлығы 20 елдің) әдеби және ресми тілі. Сондай-ақ, испан тілі Перуде (кечуа тілімен қатар), Боливияда (кечуа және аймара тілдерімен қатар), Пуэрто-Рикода (ағылшын тілімен қатар) ресми тіл болып саналады. Үндіеуропа тілдері шоғырының роман тілдері тобына жатады. Испан тілі Испанияның бұрынғы отарлары – Танжерде (Марокко), Филиппин аралдарында (тагил тілімен қатар) қолданылады. Балқан түбегінде және Орта Шығыста көне испан тілі кездеседі. Испан тілі екі диалектілік топқа (солтүстік және оңтүстік) бөлінеді. Латын Америкасы тұрғындары тілінің лексикасы мен сөздерінің айтылуында өзгешелік бар. Испан тілі Пиреней түбегіне 2-Пуни соғысы кезінде (б.з.б. 218 – 201) римдіктердің келуіне байланысты тарады. Испан әдеби тілінің қалыптасуына кастиль диалектісі негіз болғандықтан, ол көп уақыт кастиль тілі деп аталды. Қазіргі испан тілінде 5 дауысты, 18 дауыссыз (16 қатаң, 2 ұяң) дыбыс бар. Зат есім, сын есім есептелмейді. Етістік формалары өте күрделі. Жазуда латын әліпбиін қолданады. Испан тілінде дүние жүзі бойынша 250 млн. адам сөйлейді.

Кітап

Кітап (араб.: ‎ – жазба) — мерзімсіз баспасөз басылымы; көркем-әдеби, қоғамдық-саяси, ғылыми-практикалық мазмұндағы туынды.

Кітаптың алғашқы түрлері ежелгі Шығыс елдерінде, Грекияда, Римде қыш текшелеріне, тақта тастарға сына жазуымен жазылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 25-ғасырда Мысырда қыш текшелердің орнына қамыс (папирус) қолданылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 7-ғасырда қамысқа кітап жазу ісі Грекия мен Римде кең өріс алды. Осыған байланысты кітапты көшіріп жазуға машықтанған көшірушілер мен қолжазбаны көркемдеуші суретшілер пайда болды.Біздің заманымыздан бұрынғы 2-ғасырда қамыстың орнына тері жарғақ қолданыла бастады. Ежелгі Рим мәдениеті мен ғылымы өкілдерінің туындылары жарғақ кітаптарға жазылып таралды. 105 ж. қытай шебері Цай Лунь қағазды ойлап тауып, 13-ғасырда қағаз жасау өнері Шығыстан Батысқа тарай бастады. Осыған орай, Еуропада қолжазба кітап қауырт өркендеп, түрліше әріптер, бас тақырыптар (айдарлар) қолданыла бастады. Кітап мұқабалары алтын, күміс, т.б. металмен өрнектелді. 15-ғасырдың ортасында неміс өнертапқышы Иоганн Гутенбергтің баспа қалыбын ойлап табуына байланысты, жылжымалы құйма қаріппен құйылатын баспа кітап пайда болды. Осы заманғы кітап — мұқабаға дәптерлер түрінде өзара тіркестіріліп бекітілген кітап блогі үлгісінде жасалады.

Кітап пен кітапхана туралы қызықты деректер

Қай елдің, қай халықтың болмасын оның мәдени деңгейі, сауаты, әрине, кітаппен байланысты. Америка Құрама Штаттарында халықтың тең жартысы кітап оқымайтын көрінеді. Соның да салдары шығар, сұрақ-анкета нәтижесіне үңілгенде студенттердің 40 пайызы Израиль - араб елдерінің бірі деп жауап берген. Франклин Рузвельт АҚШ-тың Вьетнам соғысы кезіндегі президенті деп түсінеді екен. Ал сол студенттердің тең жартысы Черчилльдің кім екенін білмей шыққан...

Кітап оқудың ұлт болашағы үшін маңызы зор. Білімсіз қоғам ешқашан да өрге басқан емес. Назарларыңызға кітаптар мен кітапханаларға қатысты бірнеше қызықты дерек ұсынамыз.

Финляндияда «Скепсис» деген қоғам бар. Оның мүшелері әр жылдың аяғында бас қосып, ақылдаса отырып, жылдың ең нашар кітабына «Құрмет грамотасын» беретін көрінеді.

Бұрынғы батыс Германияда шығып тұратын «Конкрет» атты журналдың жылдың ең жаман шығармасына, яки ең дарынсыз авторына беріп тұратын сыйлығы бар екен. Оны алған адам бұдан былай қарай мұндай кітап жазбауға және осы сыйлыққа келген ақшаға басқа бір мамандық алам деп уәде беруге тиіс екен.

Шри-Ланкада археологиялық қазба жұмыстарымен шұғылданған Америка ғалымдары әр парағы таза алтыннан дайындалған ғажап бір кітап тауып алыпты. Онда көне Үндістанның белгілі бір дастаны басылған дейді.

Францияның Нанта қаласында тұратын бір дәрігер-фармацепт отыз бес жыл бойына әр елдің гимндерін жинаумен шұғылданыпты. Франс Пресс агенттігінің хабарлауына қарағанда оның коллекциясы бүгінде жүз елудің үстіне шығыпты.

Бұдан дәл он жыл бұрын (2004 ж.) Сирия ғалымдары басқа ағайындас әріптестермен біріге отырып, «Бүкіл арабтық энциклопедия» шығаруға кіріскен. Бұл жиырма томдық үлкен еңбектің әрқайсысы мың беттен тұрады.

Францияда небары сегіз сағат ішінде бір өлеңдер жинағын басып шығарған. Таңғы сағат тоғызда қолжазбасын әкеліп тапсырған автор кешкі сағат бесте жырқұмарларға қолтаңба үлестіре бастаған.

Біздің жыл санауымыздан бұрынғы үшінші ғасырдың басында тұрғызылып, жаңаша жыл санаудың басында римдіктердің шабуылы кезінде өртенген дүниенің сегізінші ғажабы – Александр кітапханасы қалпына келтірілді. Кезінде теңдесі жоқ бұл кітапханада мыңдаған папирус оралымдары болған.

Франция президенті болған Франсуа Миттеранның артында қалған өлмес еңбегі – Парижде салынған еш жерде, еш елде болмаған теңдесі жоқ супер кітапхана. Ол осы өткен жиырмасыешы ғаырдың ғылыми-техникалық жаңалықтарының ұлы жемісі.

Көл

Көл — тікелей теңізбен қосылмаған құрлықтар өңіріндегі суға толы дербес ойыстар. Ауқымды кеңістікті қамтитын, суы ащы көл түрлері теңіз деп аталып жүр (Каспий, Арал теңіздері). Жер шарындағы көлдердің жалпы ауданы 2,1 млн. км2 (құрлық ауданының шамамен 1,4%-ы). Ондағы жинақталған судың көлемі 176 мың км3, оның 52%-ы тұщы су, 48%-ы ащы су. Көлде эндемик түрлер, кейде реликт түрлер тіршілік етеді. Жер шарының ең ірі көлі – Каспий теңізі, ең терең көлі – Байкал. Қазақстанда Каспий мен Аралды қоспағанда, 48262 көл бар, олардың жалпы ауданы 45032 км2.

Мексика

Мексика (ис. México [ˈmexiko]), ресми — Мексикалық Біріккен Штаттары (ис. Estados Unidos Mexicanos) — Солтүстік Американың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Америка Құрама Штаттарымен, Оңтүстік-шығысында Гватемала және Белизбен шектеседі. Батысы мен оңтүстігі Тынық мұхитының, шығысы Атлант мұхитының жағалауларын алып жатыр.

Жер аумағы 1958,2 мың шаршы километр.

Халқы 120 286 655 адам (2014).

Ұлттық құрамы метистер (испандар мен үндістердің некесінен тарағандар) (78%), үндістер (15%) және еуропалықтардан (7%) тұрады.

Астанасы — Мехико қаласы

Ресми тілі — испан тілі.

Халқының басым бөлігі — христиан-католиктер.

Мексика — федеративтік республика. 1917 жылы 5 ақпанда қабылданған Конституциясы бойынша мемлекет басшысы — президент. Президентті халық 6 жыл мерзімге сайлайды. Жоғары заң шығарушы органы: Сенат (6 жыл мерзімге сайланады) пен Депутаттар палатасынан (3 жыл мерзімге сайланады) құралатын ұлттық конгресс. Жоғары атқарушы органы — Министр Кабинеті ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні — 16 қыркүйек (1810). Әкімшілік жағынан 31 штат пен федералдық астаналық округке бөлінеді. Біріккен Ұлттар Ұйымына (1945), Америка мемлекеттері ұйымына (АМҰ) (1948) мүше. Валютасы - Мексика песосы.

Миннесота

Миннесота (ағылш. Minnesota) — Америка Құрама Штаттарының штат.

Нью-Гэмпшир

Нью-Хэмпшир (ағылш. New Hampshire) — Америка Құрама Штатының солтүстік–шығыс бөлігіндегі штаты. Канадамен шектеседі. Жері 24,2 мың км². Халқы 738 мың (1970), оның ішінде қала халқы 56,4%. Әкімшілік орталығы – Конкорд. Машина жасау (электроника, өнеркәсіп жабдықтары), былғары–аяқ киім, мата тоқу, целлюлоза–қағаз, кеме жасау кәсіпорындары шоғырланған. Шынында да сүтті мал өсіру және құс шаруашылығы басым дамыған.

Нью-Джерси

Нью-Джерси (ағылш. New Jersey) — штат Америка Құрама Штаттарының солтүстік-шығысында орналасқан. Астанасы — Трентон, ірі қаласы — Ньюарк. Халқы — 8 874 955 адам (2011 жылғы санақ бойынша АҚШ ішінде 11-орында 2011 жыл). АҚШ штаттарының ішінде көлемі бойынша 47-орында.

Оңтүстік Америка

Оңтүстік Америка — батыс жарты шардың оңтүстігіндегі құрлық. Жерінің аумағы (аралдарымен қоса есептегенде) 18,28 млн. км². Халқы 340 млн. адам (2000). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 7150 км-ге, батыстан шығысқа қарай 5150 км-ге созылған. Құрлықтың солттүстіктен Кариб теңізімен, батысын Тынық мұхиты, шығысын Атлант мұхиты, оңтүстіктен Магеллан, Дрейк бұғаздарының суы шайып жатыр. Солтүстік-батысында жіңішке Панама мойнағы арқылы Орталық және Солтүстік Америкамен жалғасады. Ең биік жері – Аконкагуа (6960 м). Теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері – Вальдес ойысы (–40 м). Оңтүстік Америкадағы ең ұзын өзен жүйесі – Амазонка (Мараньон саласымен қоса есептегенде – 6437 м). Дүние жүзіндегі теңіз деңгейінен ең биік орналасқан көл – Титикака (биіктігі 3812 м), ең биік су құламасы – Анхель (1054 м) және ең биік жанартау – Льюльяйльяко осында орналасқан. Оңтүстік Америка құрамына Отты Жер, Фолкленд, Галапагос аралдары, Чили топаралы, т.б. ұсақ аралдар кіреді.

Солтүстік Америка

Солтүстік Америка (ағылш. North America, фр. Amérique du Nord, ис. América del Norte, Norteamérica, Үлгі:Lang-nah) — батыс жарты шардағы құрлық. Жер аумағы 20,36 млн. км² (аралдарымен қоса есептегенде 24,25 млн. км2). Тұрғыны 476 млн. адам (2000). Солтүстік Мұзды мұхит (құрлыққа тереңдеп еніп жатқан Гудзон шығанағымен), Атлант (Мексика шығанағымен) және Тынық мұхитпен (Калифорния шығанағы) қоршалған. Ірі аралдары: солтүстігінде Гренландия, Канаданың Арктикалық топаралы, батыс жағалауында Алеут, Александр топаралдары, Ванкувер, Шарлотта патшайым; шығысында Вест-Индия, Ньюфаундленд, т.б. аралдар бар. Iрі түбектері: Бутия, Мелвилл (солтүстігінде), Лабрадор, Флорида (шығысында), Юкатан (оңтүстігінде), Аляска, Калифорния (батысында).

Солтүстік Американың шеткі нүктелері:

Солтүстігінде Мерчисон мүйісі (71°51' с.е.),,

Оңтүстігінде Марьято мүйісі (7°12' с.е.)

Батысында Принц Уэльс мүйісі (168°б.б.),

Шығысында Сент-Чарльз мүйісі (55°40').

Тау жүйесі

Ірі тау жүйелері - бұл жер шарындағы ең биік таулар. Ірі тау жүйлеріне Гималай, Қарақорым, Памир, Тянь-Шань және т.б жатады.

Уильям Гершель

Уильям Гершель (ағылш. Frederick William Hershel, нем. Friedrich Wilhelm Herschel) (1738 ж. қарашаның 15, Ганновер — 1822 ж. тамыздың 25, Лондон маңындағы Слау деген елді мекен) — 18 ғ. британ астрономы (жұлдызшысы) және сазгері.

1783 ж. наурыздың 13-інде Уран ғаламшарын телескоппенен тауып ашты. 1789 ж. қыркүйектің Қоңырқайдың Мимас деген серігін, Уранның Титания менен Оберон серіктерін ашты. Каролина Һершелдің ағасы, Джон Һершелдің әкесі.

Кедей сазгердың баласы. Әскери оркестріне гобойшы болып қызметке түсті. 1755 ж. полктың құрамында Һанноверден сол кеpде одақтас болған Ұлыбританияға жіберілді. 1757 ж. әскери қызметінен кетіп, тек ән-күймен айналысуға басталды.

Органшы болып істеген, Галифакстағы мектепте ән-күйден дәріс берген, кейін Бат деген ірі қалаға көшкен, оңда қоғамдық концерттерін жүргізген. Ән-күй теориясын зерттеп, математиканы оқуға басталды, ал математиканы оқып, өзіне оптика менен астрономиямен айналысуға жол ашты. Нәтижесінде жұлдызшы болып кетті.

1773 ж. үлкен телескопты сатып алуға қаражаты болмағандықтан, көбейтетін айналарын өзі жасап, телескоптарды қолдан жасауға бастайды. Оларды өзі пайдаланып, сатып жүруші еді де.

1783 ж. Уранды ашқаннан кейін, ғаламшарға Георг III-нің атын берген, бірақ ғаламшардың бұл атауы кең таратылмай, атауы Уран болып кеткен. Астрономияны сүйіп, ганноверлықтарға қамқор болушы да Ұлыбританияның патшасы Һершелге Патша Жұлдызшысы шенін беріп, оған бөлек зертханасын салуына қаржы берген.

1782 ж. бастап сіңлісі Каролинамен бірге телескоптарын жақсартып, жұлдыздарды зерттеген еді.

Телескоптарын жақсартып, айналарын диаметрін көбейтіп Һершел 1789 ж. өз кезіне сай ең үлкен телескопты жасай алды (негізгі фокустық қашықтығы 12 метр еді). Сол телескоппен жұмыс істеп, ьір ай ішінде-ақ, Һершел Қоңырқайдың Мимас пенен Энцелад деген серіктерін ашты. Кейін Һершел Уранның Титания менен Оберон деген серіктерін ашты.

Зерттеулерінде, Һершел ғаламшарлардың серіктерін «аққан жұлдыздар» атап, «астероид» сөзін ғылымда алғаш рет пайдаланған еді. Жұлдыздардың жүйелерін тауып ашқан да Һершел еді.

Ал физикаға Һершелдің қосқан үлесі — инфрақызыл сәулесін ашылуы.

Һершелдің есімінде Айдағы, Қызылжұлдыздағы және Мимастағы кратерлер (шұңқырлар) атаған.

Француз тілі

Француз тілі — француз халқының тілі. Үндіеуропа тілдері шоғырының роман тобына жатады. Француз тілі Францияның, Бельгияның (фламанд тілімен бірге), Швейцарияның (неміс, итальян, ретороман тілдерімен бірге), Канаданың (ағылшын тілімен бірге) мемлекеттік тілі болып есептеледі. Сондай-ақ Люксембург, Монако, Андорра елдері, Африка мен Оңтүстік Америка халықтарының (Сенегал, Мали, Гвинея, Конго, Бенин, Гаити, т.б.) ресми және әдеби тілі. Француз тілінде 105 млн-дай адам сөйлейді (2001), оның жартысына жуығы Францияда шоғырланған. Француз тілінің даму тарихы галло-роман (5 — 8 ғасырлар), көне француз (9 — 13 ғасырлар), орта француз (14 — 16 ғасырлар), жаңа француз (17 — 18 ғасырлар) және қазіргі француз тілі кезеңдеріне бөлінеді. Француз тілі франс, пуатевин, норманд, пикард, валлон, лотаринг, бургунд деп аталатын негізгі жеті диалектіге бөлінеді. Француз тілінің негізінде Гаитиде, Антиль мен Маскарен аралдарында креол тілдері қалыптасқан. Әдеби тілінің негізі — франс, яғни париж диалектісі. Француз тілінде 15 дауысты және 20 дауыссыз фонема бар. Зат есім мен сын есім екі родқа (ер, әйел) ажыратылады. Сөздік құрамында испан, итальян, ағылшын тілдерінен ауысқан сөздер көптеп кездеседі. Латын әліпбиіне негізделген француз тілі жазуында диакритикалық ноқаттар жиі қолданылады. Бір ғана дыбысты анықтайтын (аі — е; еаu — о) әріп тіркестері де кездеседі.

Құрлық

Құрлық, материк, континент — жер қабығының дүниежүзілік мұхит деңгейінен көтеріңкі ірі бөлігі. Оның шеткі аймақтары мұхит деңгейінен төменде жатыр (қ. Құрлықтық беткей). Құрлықтың жалпы аумағы 149,1 млн. км² немесе жалпы жер шарының 29,2%-ын алады. Солтүстік жарты шардың 39%-ын, оңтүстік жарты шардың 19%-ын құрайды. Қазіргі геологиялық дәуірде ол 6 континенттен — Аустралия, Антарктида, Африка, Еуразия, Оңтүстік Америка және Солтүстік Америкадан тұрады. Құрлықтың 36%-ы таулы, 64%-ы жазық. Құрлық астындағы жер қабығының қалыңдығы 25-тен 75 км-ге дейін жетеді. Ішкі континенттік және шеткі континенттік құрылымдардан тұрады. Біріншісіне көне және жас платформаларда дамыған жазық өңірлер және геосинклиналдық қатпарлы облыстарда пайда болған таулы құрылымдар жатады. Екінші типтік құрылымдарға континенттердің су астындағы тегістелген жалғасы (қайраң, беткей), пассивті жиегі (атланттық) және кезектесе орналасқан қайраңдық, беткей, терең қазаншұңқырлар, шұңғымалар, мұхиттың қарқынды дамыған арал доғаларының (Тынық мұхиттың) шеткі аймақтары жатады. Құрлықтар ұзақ уақытты қамтитын эволюциялық дамудың нәтижесінде пайда болған гетерогенді дене саналады, ол фиксизм теориясы бойынша геосинклиналдардың дамуы барысында ертедегі ядролардың бірігіп ұлғаюы нәтижесінде пайда болған. Мобилизм теориясы бойынша, қазіргі құрлықтар бір уақыттарда бүтін болған Пангея континенті бөлшектеніп, алдымен Лавразияға және Гондванаға бөлінген. Құрлықтардың нобайы мұхиттардың ашылуынан және литосфералық плиталардың соқтығысуынан өзгеріп отырған.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.