Алтын

Алтын (лат. Aurum, Au) — элементтердің периодты жүйесінің I-тобындағы химиялық элемент, асыл металдардың бірі. Реттік нөмірі 79, атом массасы 196, 967, балқу температурасы 1063ْ°С, қайнау температурасы 2947°С.

Au crystals1
Алтын
Toi 250kg gold bar
250 кг алтын, Той музейі, Жапония.
Or Venezuela
Сом алтын

Алтынның биологиялық маңызы

Күмістің бактерицидтік қасиетін арттырады. Ағзадағы иммундық процесті қалыпты етеді. Көне Грекия мен Римде алтынды (пластинкаларын) ауызға салып, тамақ ауруларын емдеген екен. Сондай-ақ қазіргі медицинада да алтын қоспалары кеңінен қолданылады.

Ғалымдар алтынның адамға тигізетін залалы да бар екенін дәлелдеп шықты. Канадалық ғалымдар алтын бұйымдардың адам ағзасына тигізетін әсерін зерттей келе күтпеген шешімге келді. Олар алтын бұйымдардың қызу қанды адамдардың көңіл-күйіне кері әсерін тигізетінін, тіпті депрессияға түсулеріне себеп тудыратынын айтады. Ғалымдар алтын бұйымның адам терісіне тигенде оның ағзасындағы зат алмасуды баяулатып, жүйке жүйесінің қозуына әсер ететінін дәлелдеп шықты.

Мамандар бұл шешімге келе отырып, алтын бұйымдардан мүлдем бас тарту керектігін алға тартпайды. Алайда, олар қызу қанды адамдарға ұйықтар алдында алтын бұйымдарын шешіп жатуға кеңес береді. Себебі, адам ұйықтап жатқанда оның ағзасы әлсіз болады.

Қасиеттері

Таза алтын сары түсті, соғылғыш және созылғыш металл, химиялық инертті элемент. Сыртқы ортаның химиялық әсеріне аса төзімді. Оттек, сутек, азот, және көміртекпен тікелей қосылмайды. Алтынға сілтілер және жеке қышқылдар әсер етпейді. “Патша сұйығында” (1 көлем HNO3, 3 көлем HCl) және кейбір күшті қышқылдар қоспасында ериді. Қосылыстарында алтын бір және үш валентті болып келеді. Табиғатта саф алтын түрінде, тау жыныстарында (5*10−7%), теңіз және мұхит суында (0.01-0.05 мг/т) кездеседі. Кентастардын алтынды ұсақтау, байыту және цианды натрий ерітіндісімен өңдеу арқылы алады. Алтынмен басқа металдардың бетін жалатады, әшекей бұйымдар жасайды. Тауар өндіруде, сауда-саттықта басқа заттардың бәрінің нарқы алтынмен бағаланады.[1]

Алтын табиғатта сап түрде кездесетін металл. Алтынның, ұсақ түйірлері кварц ішінде, немесе кварц құмы арасында шашыраңкы күйде болады. Алтынның табиғаттағы қосылысы алтын теллуриді (калаверит) AuTe2 құрамында және мыстың, қорғасынның сульфид кендерінде болады. Алтын Сібірде, Оралда және Орта Азия мен Қазақстанда да кездеседі.[1]

Ажырату әдістері

Құмда шашылған аз алтынды (тоннасына 2 - 4 г) ажыратып алу үшін әр түрлі әдіс қолданады. Ең оңай, көптен қолданылып келе жатқан әдіс - құмды ағын сумен жуу, сонда құм қиыршықтары суға ілесіп кете береді де, алтын ауыр болғандыктан қалып қояды. Екінші бір әдіс алтынды амальгамаға айналдыру. Сынап көпшілік металдарды өз ішінде еріте алады, ол ерітіндіні амальгама дейді. Амальгамадағы алтынды шығарып алу үшін, амальгаманы қыздырса, сынап ұшып кетеді, оның буын жинап, салқындатып қайтадан іске қосады. Бірақ бұл екі әдіспен де кұмдағы алтын түгел алынбайды, көп болса, 75% ғана алынады. Бұлардан гөрі тәуірірек әдіс цианид әдісі. Ішінде алтын қалған жынысты KCN тұзынын, 0,02 - 0,2% ерітіндісімен 2 - 3 рет қайталап шаймалап жуады, сонда:

4Au + 8NaCN + 2H2O + O2 = 4Na[Au(CN)2] +4NaOH

Комплексті қосылыс құрамындағы алтынды мырыштың, жәрдемімен ығыстырып шығарады:

2Na[Au(CN)2] +Zn = Na2 [Zn (CN)4] +2Au

Бұл шыққан алтынды мырыштан тазалау үшін сұйық күкірт қышкылымен жуады, мырыш еріп кетеді. Күміс сияқты басқа қоспалардан тазалау үшін концентрленген ыстық күкірт қышқылымен жуады, онда күміс Ag2SO4-кe айналады. Кейде күмістен тазалау үшін электролиздеуді қолданады - анод - тазартылмаған алтын, катод - таза алтын, электролит ретінде Н[АuС14] ертіндісін қолданады сонда күміс анод шламы түрінде қалады.

Алтын - жұмсақ сары түсті, соғылғыш, созылғыш, жайылғыш, ауыр, жұмсақ. металл. Қалыңдығы, 0,0001 мм фольга жасауға болады.

Алтын жұмсақ болғандықтан таза түрде емес, мыс және күміспен араластырылған құйма түрінде колданылады. Түрлі алтын заттарды алтын мен мыстың құймасынан жасайды, ол құймада көбінесе 58,3% алтын болады (алтын заттардың пробасы 583).

Алтын активтігі тіпті нашар металл, активтік қатарында ол ақырғы орында тұр. Оттекпен тікелей еш жағдайда да қосылмайды. Сұйық заттардан тек калий немесе натрийцианидының ерітіндісінде, хлор суында және «патша сұйығында» ериді.

«Патша сұйығы» үш көлем тұз қышқылымен бір көлем азот қышқылының коспасы:

3HCl + HNO3 = 2Cl+NOCl+2H2O,
Au + 2Cl + NOCI = AuCl3 + NO,
АuСl3 + НСl = Н[АuСl]4

Алтын селен қышқылында да (күшті тотықтырғыш) ериді:

2Au + 6H2SeO4 = Au2(SeO)4 + 3SeO2 + 6H2O

Алтын ұсақ ұнтақ түрінде хлормен, 400 - 650° С фосфор буымен реакцияласады. Алтыннан монета (ақша) жасайды (тұтынуға шығарылған қағаз ақшаның қорғауышы ретінде банкта жатады); тіс салады, баска металдардың бетіне жалатады және әсемдікке тұтынатын әшекей бұйымдар жасайды.

Алтынның қосылыстapы

Алтын қосылыстарда бір және үш валенттік көрсетеді, бірақ үш валентті қосылыстары берігірек. Бір валентті алтынның тұздары бір валентті мыстын, қосылыстары сияқты диспропорцияланып үш валентті қосылыс және дербес алтын береді:

3AuCI=AuCl3 + 2Au,
3AuCl + KCl = K[AuCl4] +2Au

Бір валентті алтыннын комплексті қосылыстары ауриттер тұрактырақ, мысалы K[Au(CN)2]. Алтынның (I) оксиді да қыздырса тотығу-тотықсыздану реакциясына ұшырайды

2Au2O = 4Au + O2

Алтынның үш валентті қосылыстары көбірек. Алтынның (III) оксиді Au2O3 - қара қоңыр, Au2S3 - қара, Au(ОН)3 - күрең түсті барлығы қатты заттар, суда еритіні тек AuСl3.

Алтынның (III) гидроксиді Au(ОН)3 амфотерлі зат, сілтілерде және қышқылдарда еріп аниондық комплекстер түзеді:

NaOH + Au(OH)3 = Na[Au(OH)4],
Au(OH)3 + 4HCl = H[AuCl4] +3H2O,
Au(OH)3 + 4HNO3 = H[Au(NO3)4] +3H2O

Аниондық комплекс түзілуінен алтынның галогенидтері галогено-аураттарга айналғыш келеді:

NaBr + AuBr3 = Na[AuBr4]

AuCl3 гидролизінде аквоқышқылдap түзіледі.

AuCl3 + H2O = H2[AuOCl3]

Алтынның оңайырақ алынатын қосылысы AuCl3 өзге косылыстары осыдан алынады. Алтынның барлық қосылыстары айырылғанда металдық алтын бөлініп шығады.[2]

Қолданылуы

Алтын ақшалық күнды металл (валюта). Coнымен қатар ол әр түрлі әшекейлік-көркемдік өнім, зергерлік бұйымдарға қолданылады.[3]

Кен орны

Алтын кені мол кездесетін ТМД аймақтары: Орал таулары, Қазақстан, Сібір. Алыс шетелдерде Аляскада, Колорадода (АҚШ), Африкада, Австралияда т. б. көп бар.[4]

Дереккөздер

  1. a b Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Химия. Н.Нұрахметов, А.Ниязбаева, Р.Рысқалиева, Н.Далабаева. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 336 бет. ISBN 9965-36-416-8
  2. Қазақстан балалар энциклопедиясы
  3. Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69
  4. Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69

Сыртқы сілтемелер

21 тамыз

Тамыздың 21 — Григориан күнтізбесінде жылдың 233-ші күні (кібісе жылдарда 234-ші). Жылдың аяғына 132 күн қалады.

Алаша (ру)

Алаша — қазақ халқын құраған рулардың бірі. Кіші жүз Байұлы тайпасына кіреді.

Байұлының бір руы - Алшыннан Алашаға дейін алты ата саналады: Алтыбас, Тоқбас, Сары, Құблай, Барамық, Қоңырбөрік.

Алшынмен қатар Байұлынан тарайтын өзге аталар: Қызылқұрт, Масқар, Байбақты, Тана, Алтын, Жаппас.

19 ғасырда жасаған атақты Байтоқ жырау (Алаша Байтоқ) Алаша руынан болған.

Алаша көп ел, екі салаға таралып отырған. Бір тобы Жайықтың орта шенінің шығыс жағынан беттеп, Қалдығайты, Жақсыбай өзендерінің бойын, Тұздыкөл, Қоскөл, Итмұрын көлдерінің төңірегін мекендейді, содан Ойыл, Қиыл өзендеріне дейін барады.

Жайық бойында Байұлы Байбақты руымен аралас отырады. Енді бір тобы Жайықтың оң жағын ала, Қамыссамар көлінің төңірегін, Кіші өзеннің бас жағынан Нарын құмға дейін қоныстайды.

Алашаның ұраны - Байбарақ. Таңбасы - айбалта.

Алматы облысы

Басқа мағыналар үшін Алматы (айрық) деген бетті қараңыз.

Алматы облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 224,0 мың км2. Облыс аумағында 17 аудан және 3 облыстық бағыныстағы қала (Қапшағай, Талдықорған, Текелі) бар. Тұрғыны 2 017 638 адам (2018) . Әкімшілік орталығы — Талдықорған қаласы. Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды, солтүстік-шығысында Шығыс Қазақстан облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі.

Алтай

Алтай (моңғ. Алт — алтын) — Оңтүстік Сібір мен Орталық Азиядағы географиялық аймақ.

Алтайлықтар — түрік халқы, негізінен Ресей Федерациясынның Алтай Республикасында тұрады.

Алтын Орда

Алтын Орда — Басында моңғол — кейінірек түркіленген — 1240 жылдары Русь кінәздіктері жауланып алынғаннан кейін Моңғол империясының батыс бөлігінде орнаған хандық; ол қазіргі Ресей, Украина, Молдова, Қазақстан және Кавказдың жерінде орналасқан. Шарықтау дәуірінде Алтын Орда Шығыс Еуропаның Орал тауларынан Днепр өзенінің оң жақ жағалауына дейінгі жерлерді алып, Сібірге терең бойлап еніп жатты. Оңтүстігінде Орданың жері Қара теңізбен, Кавказ тауларымен және моңғол Хулагу мемлекетінің қол астындағы Персиямен шектесіп жатты.

Алтын глобус

Алтын глобус сыйлығы — АҚШ-та кино және теледидар саласындағы ең үздік жұмыстар үшін журналистер тобына тапсырылатын сыйлық. .

Алтын кемер

Алтын кемер — Түркістан облысы Жетісай ауданы, Абай ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Алтын руы

Алтын руы - Кіші жүздің Байұлы тайпасына кіретін бір руы. Негізінен Торғай облысының Ырғыз, Торғай уездерін, Торғай өзені бойын, Сырдария облысының Перовск уезін мекендеген. Қазір де көпшілігі сол араларда тұрады.

Қосқұл,

Қазалы,

Шүңгір,

Жапалақ деген аталарға бөлінеді .

Ақша

Ақша - айырбас құралы ретінде барлық адамдармен қабылданатын және басқа тауарларды (қызметтерді) бағалауға қызмет ететін кезкелген тауар немесе символ.

Башқұрттар

Үлгі:Infobox Ethnic group

Башқұрттар [өз атауы - башҡорттар; башҡорт, яғни бас құрт (түркіше - бас бөрі)] — түркі тілдес халық. Башқұртстан Республикасының байырғы халқы. Ресейдің Челябі, Қорған, Орынбор, Пермь облысы, Свердлов облысы, Саратов облыстарында, шағын тобы Қазақстан мен Орта Азияда да тұрады. Жалпы саны 1 млн. 500 мың адам (1995), Башқұртстанда 1 млн-дай. Түркі тілінің қыпшақ бұтағына жататын башқұрт тілінде сөйлейді. Орыс және татар тілдерін де қолданады. Жазуы кириллицаға негізделген. Башқұрттар этногенезінің қалыптасуына VII - X ғ-лардағы әр алуан түркі тайпалары (үсерген, байлар, сұраш, маңғауыр, жағалбайлы, тама, бешуыл, кедей, табын, мың, керей, қаңлы, арғын, байұлы, т.б.) ұйытқы болды. XI-XIII ғ-ларда қазіргі башқұрт жерін мекендеген бесене, Еділ бұлғары мен мадияр тайпаларына қыпшақтардың әсері күшейіп, көне башқұрт этносының қыпшақтану бағытында дамуы арта түсті. Бату шапқыншылығы, башқұрт жеріне Қыпшақ даласынан халықтың көптеп қоныс аударуы башқұрттардың қыпшақтану процесін одан әрі жеделдетті. Қазақ халқының этногенезінде шешуші орын алатын түркі тайпаларының басым көпшілігі башқұрт халқының құрамында да кездеседі.

Қыпшақ дәуірі башқұрт халқының қалыптасуының (XV - XVI ғ-лар) басты кезеңі болып табылады. XVI ғ-дың орта кезінен Башқұрттар Ресей ипериясының отарына айналды. Башқұрттар әскери қызметке, алтын кен орындарына жұмысқа тартылды. Бұрынғы кезде Башқұрттартар негізінен көшпелі мал ш-мен шұғылданып, аң ауласа, XVII-XIX ғ-ларда егіншілікпен айналысып, отырықшылыққа көшті. Тілі мен мәдениеті, қоршаған ортасы татарларға жақын болғанымен, ұлттық тұрмыс-тіршілігі мен дәстүрінде қазақ халқына ұқсастық басым. Мысаслы, қайыстан, теріден жасалған бұйымдар, ер-тұрман, үй жиһазы, ыдыс-аяғы, киіз басу, кілем мен алаша тоқу кәсібі қазақ қолөнеріне ұқсас. Ұлттық тағамдары да қазақ халқының ұлттық тағамдарына ұқсайды: айран, құрт-ірімшік, қаймақ, қымыз, т.б. Бишбармақ, құлдама, салма, чурпаря аталатын тағам түрлері де бар. Далалы жерлерде кірпіштен, орманды-далалы аймақтарда ағаштан қима үйлер салады. Ұлттық киім үлгісінде: әйелдер “кюлдэк” аталатын ұзын, кең етекті қынама көйлек, зерлі қамзол, әсем тақия, ерлер кең балақты шалбар, бағалы аң терісінен тігілген дөңгелек бөрік, тымақ киеді. Кең тараған музыка аспабына қазақтың сыбызғысына ұқсас қурай, шаңқобызына ұқсас қобыз, варган, домра жатады. Жыл сайын ораза мен құрбан айты, наурыз мейрамы, көктемгі егіс жұмыстарынан кейін сабантой тойланады.

Валюта

Валюта(итал. voluta — құн, баға) — тауарлар құнының шамасын өлшеу үшін пайдаланылатын ақша өлшемі. Халықаралық валюталық қаржы операциялары тәжірибесінде ол мынадай мәндерде қолданылады: 1) мемлекеттің ақша өлшемі және оның типі (алтын, күміс, қағаз ақша), мысалы, Қазақстанның ұлттық ақшасы — теңге, Ресейдікі — рубль; 2) шет мемлекеттердің ақшасы; 3) халықаралық (аймақтық) есеп айырысу өлшемі (вексель, чек, банкнот) және төлем құралы. 19 ғ-ға дейін күміс валюта мен биметаллизм кең тарады. 19 ғ-дың басында Ұлыбританияда, 19 ғ-дың 2-жартысынан басқа елдерде алтын валюта енгізілді. Валютаның жалпы дағдарысы кезеңінде (1-дүниежүзілік соғыс кезінде) қағаз валюта кеңінен қолданыла бастады. Алтын мен күміске айырбасталмайтын банкноттар қағаз ақша түрінде болды. Ел экономикасында ауық-ауық инфляция болғанда, қағаз валюта құнсызданып отырды. Мұндай жағдайда кейбір елдер өз валютасының номиналды алтындық баламын тұрақтандыруға тырысады. Көптеген елдерде валюта курсы валюталық шектеу арқылы реттеледі. Валюталар пайдаланылу тәртібіне қарай айырбасталымды (конверсияланатын), ішінара толық айырбасталымды және айырбасталмайтын (томаға тұйық) валюта болып үшке бөлінеді.

Бірінші топқа валюталық шектеу жойылған елдердің валютасы (АҚШ доллары, т.б.) жатады. Ол кез келген шет ел валютасына айырбасталады. Ішінара айырбасталымды валютаға валюта операцияларын жасауға толықтай валюталық шектеу жойылмаған елдердің валютасы (мысалы, Ұлыбританияның, Францияның, Италияның, сондай-ақ ТМД елдерінің) жатса, соңғы топқа барлық операциялар бойынша валюталық шектеу сақталған елдердің валютасы жатады. Томаға-тұйық валюта өз мемлекеті шегінде ғана айналыста болады.

Гвинея

Гвинея, Гвинея Республикасы (фр. République de Guinée) — Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Жер аумағы 246 мың км². Халқы 7,4 млн. (1995). Негізгі халқы: фульбе, малинке, сусу, кисси, кпелле, т.б. Астанасы — Конакри қ. Ресми тілі — француз тілі. Халқының 70%-і мұсылмандар, 25%-і пұтқа табынушылар, қалғандары христиандар. Гаусс — республика. Елді президент басқарады.Заң шығарушы органы — бір палаталы парламент. Гаусс жері түгелімен субэкваторлық белдеуде орналасқан. Аласа және орт. таулы үстірттер көп. Жері боксит, алмас, алтын, т.б. кендерге бай. Климаты экваторлық, муссондық. Жылдық орташа температура 20 — 25°С аралығында. Жауын-шашынның орташа мөлш. 1200 — 2000 мм. Жері құнарлы. Мәңгі жасыл ормандар мен саванна өсімдіктері өседі. Археол. қазбалар бұл өңірде адамдардың өте ерте заманнан бері өмір сүріп келе жатқанын дәлелдейді. Бірақ 19 ғ-дың ортасына дейінгі тарихы аз зерттелген. Орта ғасырларда кейбір аудандары Гана және Мали мемлекеттерінің құрамында болған. 16 ғ-дан бастап ислам дінін қабылдаған көшпелі фульба тайпалары әскери-діни Фута-Джаллон мемлекетін құрып, көршілес пұтқа табынушыларды өздеріне бағындырды. 15 ғ-дың орта тұсынан бастап Гаусс жағалауына португалдықтар келіп, алтын, піл сүйектерін, қымбат ағаштары мен құлдарды Еуропаға, кейіннен Америкаға таси бастады. Олар 16 — 18 ғ-ларда жергілікті тайпалар арасындағы алауыздықтарды пайдаланып, өз биліктерін орнатуға тырысты. 1865 — 76 ж. бұл өңірде француздар бірнеше қамалдар тұрғызып, Англия мен Германияны елден ығыстырып шығарды. Олар елдің ең құнарлы жерлерінде кофе, банан, ананас, мақта өсіруді жолға қойды. Алғашқы өндіріс орындары (тау-кен саласында) 1930 ж. ғана пайда бола бастады. 1958 ж. 28 қыркүйекте өткізілген референдумда Гаусс халқы Франция конституциясын қабылдамай, ел тәуелсіздігіне дауыс берді. Сол жылы 2 қазанда Гаусс тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Гвинея демократиялық партиясы және оның жетекшісі А.Секу Туренің басшылығымен жер, өндіріс орындары, шетелдік компаниялар мен банк жүйелері мемлекет меншігіне алынды. 1984 ж. қантөгіссіз мемл. төңкерісі болып, алдыңғы конституция күшін жойды. Мемл. монополия шектеліп, елге шет ел капиталының енуіне жағдай жасалды. 1991 ж. өткізілген жалпы ұлттық референдумда жаңа конституция қабылданып, елде президенттік басқару, бір палаталы парламент қызметі енгізілді. Қоғамды демократияландыру шаралары жүзеге асырылуда. Экономикасының негізі — тау-кен өнеркәсібі (боксит, алтын, алмас), қымбат ағаштар, т.б. экспорттың 96%-ін құрайды (1995). Дүние жүзіндегі боксит қорының 2/3-і осында шоғырланған. Халықтың 70%-і а.ш-нда (мақта, темекі, кофе, банан, күріш,мал ш.) жұмыс істейді. Дегенмен, азық-түлік өнімдері тапшы болғандықтан, сырттан әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Франция, Италия, Жапония. Гаусс БҰҰ-ның, Африка одағының, Ислам конфедерациясы ұйымының, т.б. халықар. және аймақтық ұйымдардың мүшесі.

Доллар

Доллар (ағылш. dollar) — Америка Құрама Штаттарының, Канаданың (Канада доллары), Аустралияның (Аустралия доллары) мемлекеттік қазыналық билеті. Басқа елдерде де (Жаңа Зеландия, Либерия, Эфиопия, Малайзия, Сингапур, Гайана, Ямайка, Тобаго және Гондурас, Гонконг) қолданылады. 1 доллар 100 центтен тұрады. Ең алғашқы доллар АҚШ-та 1786 ж. күміс (24,34) доллар ретінде енгізілген. 1900 жылдан бастап долларға таза алтынның 1.50463 грамы теңестірілген. 1934 ж. доллар девальвацияға ұшырап, 40,94%-ке құнсызданды. Оның алғашқы алтындық баламы 1,6 г болса, 1900 ж. 1,5 г төмендеп, 1934 ж. таза алтынның 0,888 гр-ы болып белгіленді. Кейінірек долларлық шақалар айналыстан шығарылып, банкноттық ақша белгілерімен ауыстырылды. 1954 жылдан бастап АҚШ-тың төлем балансының үздіксіз тапшылығына, алтын қорының азаюына және құнсызданудың үздіксіз көтерілуіне байланысты доллардың сатып алу қабілеті төмендеді. 1993 ж. 1 доллар 0.1039 грамм алтын шамасында болды. Бүгінде айналыста 100, 50, 10, 5, 1 долларлық федералды резервтік билеттер және 10, 5, 2, 1 долларлық күміс сертификаттар, 10, 5, 2, 1 мыс-мырыш центтері пайдаланылады.

Қазіргі заманғы теорияларда және өзгертілген жазуда «US» нұсқасын қарастырады.

Жұлдыздық шама

Жұлдыздық Шама, көрінерлік Жұлдыздық шама – аспан шырақтарының (жұлдыздар, планеталар, Күн, т.б.) сәулесінің Жер бетінің жазықтығында (шырақтар сәулесіне перпендикуляр орналасқан) жасайтын жарықталынуының өлшемі; аспан шырағы жалтырауының өлшемі. Жұлдыздық шама ұғымын алғаш рет б.з.б. 2 ғасырда Гиппарх енгізген. Гиппарх жай көзбен көрінетін жұлдыздардың бәрін олардың жалтырауы бойынша (ең жарық жұлдыздарды 1-шамаға, ал ең бәсеңдерін 6-шамаға жатқызып) шартты түрде 6 Жұлдыздық шамаға бөлген. Жұлдыздық шама (m) өзінің жарықталынуына (Е) сәйкес мына өрнектен анықталады: m=klgE+C0, мұндағы k – коэффициентінің мәні ағылшын астрономы Н.Р. Погсонның (19 ғ-дың ортасы) ұсынысы бойынша – 2,5-ке тең деп қабылданған және ол жұлдыздық шама шкаласының қадамын анықтайды, ал С0 тұрақтысы – оның нөлдік пункті. Жұлдыздық шамасы 5 бірлікке өзгергенде жарықталыну 100 есе өзгереді. Мұның үстіне шырақ неғұрлым жарығырақболса, оның Жұлдыздық шамасын өрнек-тейтін сан да соғұрлым аз болады. Жұлдыздық шамалардың мәндері оң да, теріс те болуы мүмкін.

Өлшеу әдістемесіне қарай Жұлдыздық шама: визуалдық (тікелей көзбен анықталатын) Жұлдыздық шама, фотографиялық Жұлдыздық шама, фотоэлектрлік Жұлдыздық шама және радиометриялық Жұлдыздық шама болып ажыратылады; 2) 10 парсек стандарт қашықтықтағы аспан шырағының Жұлдыздық шамасын абсолют Жұлдыздық шама деп атайды. Абсолют Жұлдыздық шама (көрінерлік Жұлдыздық шамадан өзгешелігі) шырақтардың физикалық қасиеттерін, жарқырауын сипаттайды. Абсолют Жұлдыздық шама (М) көрінерлік Жұлдыздық шамамен (m) төмендегі өрнек арқылы байланысқан: M=m+5–5 lgr, мұндағы r – пк-пен өлшенген шыраққа дейінгі қашықтық.

Жұлдыздардың жарықтылығы.

Астрономдар жұлдыздарға дейінгі қашықтықты анықтағаннан кейін, жұлдыздардың көрінетін жарқырауы олардың қашықтарының айырмашылықтарынан ғана емес, сондай-ақ олардың жарықтылықтарындағы айырмашылықтарынан екенін анықталды.

Астрономиядағы жарықтылық - уақыт бірлігінде астрономиялық объектің (ғаламшар, жұлдыз, галактика және т.б.) шығаратын жалпы энергиясы. Абсолюттік бірліктерде (SI - Вт) немесе Күн жарықтылығының бірліктерімен (L☉ = 3.82 × 1026 Вт) өлшенеді.

Егер екі жұлдыздың жарықтылығы бірдей болса, бізден алшақтау жатқан жұлдыздың көрінерлік жарқырауы төмендеу.

Жұлдыздар жарықтылығымен оншақты миллиардтаған рет ерекшеленуі мүмкін. Жұлдыздық шамасымен бұл айырмашылық 26 бірлікті құрайды.

Жарықтылығы өте үлкен жұлдыздарының абсолюттік мәндері теріс және M = -9 ға дейін жетеді. Мұндай жұлдыздар алыптар мен аса алыптар деп аталады. «Алтын Балықтың S» жұлдызының сәулеленуі Күннің сәулеленуінен 500,000 рет әлдеқайда күшті, оның жарықтылығы L = 500,000 L☉, M = +17 (L = 0.000013 L☉), ергежейлі жұлдыздар ең төмен сәулелену қуатына ие.

Жұлдыздың жарықтылығына не әсер етеді?

Жұлдыздағы сәулелену көзі не болып табылады? Жұлдыздан шыға алатын барлық энергиясы жұлдыздын ядродағы термоядролық синтез реакцияларында пайда болады. Гравитация қысымымен сутегі атомдары гелий атомына бірігіп үлкен мөлшерде энергияны босатады. Алып жұлдыздарда сутегі ғана емес, сонымен қатар гелий - кейде одан да ауыр элементтер, тіпті темір де, күйдіріледі. Энергия бірнеше есе артады.

Ядролық реакция кезінде шығарылатын энергия мөлшері жұлдыз массасына тікелей тәуелді - ол қаншалықты үлкен болса, соншалықты гравитация жұлдыздың ядросын қысады, және соншалықты көп бір мезгілде сутегі гелийге айналады. Бірақ жұлдыздың жарықтылығы тек қана атом энергиясымен байлансысты емес - соңында, оны сыртқа шығару керек.

Мұнда сәуле шығару ауданын қарастыруымыз керек. Оның әсері энергияны тасымалдау процесіне өте үлкен, ол тіпті күнделікті өмірде оңай тексеріледі. Қыздырылған шамның жібі 2800 °C дейін қыздырылып, 8 сағат бойы жұмыс істесе, бөлмедегі температураны едәуір өзгертпейді, ал 50-80 °C температурасы бар кәдімгі қыздырғыш батарея бөлмені айтарлықтай қыздыруға мүмкіндік береді. Энергияның тиімділігі - энергияны шығаратын беттер аудандарының айырмашылығына байланысты.

Жұлдыз бетінің және оның ядросы бетінің аудандарының қатынасы көбіне шамның және батареяның аудандарының қатынасына сәйкестіріледі - аса алып қызыл жұлдыз ядросының диаметрі жұлдыздың жалпы диаметрінің оннан бір бөлігі ғана болуы мүмкін. Осылайша, жұлдыздың жарқырауына оның сәулеленетін бетінің, яғни жұлдыздың бетінің ауданы қатты әсер етеді. Мұнда температура өте маңызды емес. Альдебаран жұлдызының бетіндегі жылуы Күн фотосферасының температурасынан 40% -ға аз, бірақ оның үлкен өлшемінің арқасында оның жарықтылығы Күннің жарқырауынан 150 есе артық.

Калифорния

Басқа мағыналар үшін Калифорния (айрық) деген бетті қараңыз.

Калифорния штаты (ағылш. California) — АҚШ-та халкының саны жағынан бірінші, аумағы жағынан үшінші орын алады. Мұнда 34 млн адам тұрады, бұдан 21 жыл бұрын бұл цифр 11 млн-ға кем болатын. Штаттың тарихы Америка өзенінен алтын табылғаннан кейін осы ауданды түгел қамтыған "алтын безгегінен" басталады.

Қазіргі уақыттағы Калифорнияның орталығы — Голливуд, киноиндустриясы және ойын сауықтарымен әйгілі ғана емес, кәсіпкерлік үшін мүмкіндіктерімен де даңқы шыққан. Калифорнияда дүние жүзіндегі жоғары технологиялар мен компьютерлер жасаудың ең ірі және ең табысты орталықтарының бірі — әйгілі Кремний жазығы (Силикон жазығы) орналасқан.

Мұнда компьютерлер мен оларды бағдарламалық жағынан қамтамасыз ету құралдарын шығаратын жетекші кәсіпорындардың штаб-пәтерлері, зерттеу орталықтары орналасқан.

Силикон жазығында мыңдаған адам жұмыс істеп, жүздеген миллион доллар ақша табуда. Калифорнияда дәстүрлі саналатын авиағарыштық және кеме жасау қалаларының кәсіпорындары да жұмыс істейді. Алайда штаттың ең ірі қалалары — Сан Франциско мен Лос Анжелесте ауыр өнеркәсіп емес, керісінше электроника мен ойын сауық, туризм мен банк ісін қамтитын қызмет көрсету индустриясы жетекші салалар болып табылады.

Сан-Франциско мен оның айналасындағы аумақта 7 млн-нан аса, ал АҚШ- тың батысындагы ең ірі метрополигендік аумақ болып табылатын Лос-Анджелесте 16 млн-нан аса адам тұрады. Жағажайдағы үлкен жазықта өсіп, дамыған бұл мегаполис қоршаған ортаны елеулі түрде ластайтын автожолдардың қуатты тармағымен біртұтас байланысқан. Лос Анжелестің оңтүстігіне қарай Лос-Анджелес — Лонг-Бинч порты орналасқан. Ол АҚШ-тың Тынық мұхиты жағалауындағы ең ірі сауда порты. Қазіргі уақытта тұтастай алғанда гүлденіп келе жатқан Калифорния штаты үшін халықтың өте тығыз қоныстануы мен урбандалуы аса маңызды проблемалар болып табылады.

Халқы - 36,553,215 (2007 est.)

Астанасы - Сакраменто

Кеңес Одағының Батыры

Кеңес Одағының Батыры — Кеңес Одағында 1934 – 1991 жылдары Отан үшін ерекше ерлік көрсеткен адамдарға берілген ең жоғары атақ. КСРО ОАК-нің 1934 жылғы 16 сәуірдегі қаулысы бойынша бекітілген. Кеңес Одағының Батыры атағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен берілді. Кеңес одағының батыры атағы берілгендерге Ленин ордені, «Алтын Жұлдыз» медалі және КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының грамотасы тапсырылды. Кеңес Одағының Батыры атағын 2-ші рет алғандар екінші «Алтын Жұлдыз» медалімен марапатталып, оның туған жеріне қоладан бюст қойылды. Кеңес одағының батыры атағын үш рет алғандарға бюст Мәскеуде қойылды. Кеңес Одағының Батыры атағын ең алғаш алғандар мұзда қалған кемелердегі адамдарды құтқарушы ұшқыштар болды.

Кот-д’Ор

Кот-д’Ор (фр. Côte-d’Or, тура мағынасында «Алтын жаға») — Францияның шығысындағы департамент.

Күміс

Күміс (лат. Argentum, Ag) — элементтердің периодтық жүйесінің І тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмірі 47, атомдық массасы 107,88. Табиғатта тұрақты екі изотопы бар: 107Ag және 109Ag. Элементтердің периодтық жүйесінің І тобындағы хим. элемент, ат. н. 47, ат. м. 107,88. Табиғатта тұрақты екі изотопы бар: 107Ag және 109Ag. Негізгі минералдары: аргентит Ag2S, пираргирит Ag3SbS3, прустит Ag3AsS3, саф К., т.б. К. жұмсақ, созылғыш (1 г К-тен ұзындығы 1800 м сым тартуға болады), ақ түсті металл, тығызд. 10,5 г/см3, балқу t 961,9°С, қайнау t 2170°С, тотығу дәрежелері +1, +2, +3, сиректеу +4. Электр тогын, жылуды жақсы өткізеді. К-тің активтігі нашар, коррозияға төзімді, бірақ күкірт, галогендермен тез әрекеттеседі. Қыздырылған концентрлі азот және күкірт қышқылдарында ериді. Ауадағы оттекпен жоғары температурада қыздырғанда да әрекеттеспейді, бірақ құрамында күкіртсутек бар дымқыл ауада оттек арқылы тез тотығып беті қараяды. К. қорғасын-мырышты, мыс, алтын-күмісті кентастардан алынады. Оның басқа металдармен қорытпасы зергерлік бұйымдар жасауда, медицинада К. препараттары (күйдіретін, микробтарды жоятын, т.б.), кино және фотоөнеркәсібінде, химия, электртех. және электрондық өнеркәсіптерінде, т.б. қолданылады. Аg+ иондары суды жақсы тазартады. Қазақстанда К. Бозшакөл, Қоңырат, Ақтоғай, Айдарлы, Бақыршық, т.б. кен орындарында кездеседі.

Металдар

Металдар– Электр тоғы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар. Мұндай қасиеттердің болуы металдардың ішкі құрылымымен байланысты.

Металдардың (сынаптан басқа) кристалдық тор көздерінде металл атомдары орналасқан. Олар бір-бірімен металдық байланыспен байланысады. Металдардың иондану энергиясы аз болғандықтан олардың валенттік электрондары оңай бөлініп, бүкіл кристалдың бойында еркін қозғала алады. Сондықтан олардың жиынтығын электрон газы деп те атайды. Су ерітінділеріндегі реакциялар үшін металдың активтілігі оның активті қатардағы орнына байланысты.

Металдардың қаттылығы, температураға төзімділігі күнделікті тәжірибеде шешуші рөл атқарады. Егер шыны хроммен кесілсе, ал цезийді адам тырнағымен-ақ кесе алады. Кейбір металдар жұмсақ (күміс, алтын, т.б.) болғандықтан таза металдардың орнына олардың бір-бірімен құймалары қолданылады. Ең алғаш алынған құймалардың бірі – қола.

Темір мен оның құймалары (шойын, болат) қара металдар, ал қалғандары түсті металдар; алтын, күміс, платина химиялық реактивтерге төзімділігіне байланысты асыл металдар; сумен әрекеттесіп сілті түзетін металдарды сілтілік (Lі, Na, K, Rb, Cs), ал жер қыртысының негізін құрайтындарын сілтілік жер металдар; массалық үлесі 0,01%-дан аспайтындарын сирек металдар деп атайды. Өнеркәсіпте металдарды негізінен пирометаллургия, гидрометаллургия және электрметаллургия әдістерімен алады. Металдар электр сымдарын, тұрмысқа қажет бұйымдар (қазан, балға, т.б.) жасауда, т.б. кеңінен қолданылады.

Менделеев құрастырған Химиялық элементтердің Периодтық кестесі
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18
1 H   He
2 Li Be   B C N O F Ne
3 Na Mg   Al Si P S Cl Ar
4 K Ca   Sc Ti V Cr Mn Fe Co Ni Cu Zn Ga Ge As Se Br Kr
5 Rb Sr   Y Zr Nb Mo Tc Ru Rh Pd Ag Cd In Sn Sb Te I Xe
6 Cs Ba La Ce Pr Nd Pm Sm Eu Gd Tb Dy Ho Er Tm Yb Lu Hf Ta W Re Os Ir Pt Au Hg Tl Pb Bi Po At Rn
7 Fr Ra Ac Th Pa U Np Pu Am Cm Bk Cf Es Fm Md No Lr Rf Db Sg Bh Hs Mt Ds Rg Cn Nh Fl Mc Lv Ts Og
Сілтілік металлдар  Сілтілік жер металдар  Лантаноидтар Актиноидтар Ауыр металлдар Басқа металлдар Металлоидтар Басқа бейметаллдар Галогендер Инертті газдар

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.