Азия

Азия (ассириялықтар тілінде, мағынасы – асу, шығыс) — Жер шарының ең үлкен бөлігі. Еуропамен қосылып, Еуразия құрлығын құрайды.

Азия
Азия құрлығы
Азия құрлығы
Территория44 579 000 км²
Халық саны4 164 252 000 адам
Тығыздығы87 адам/км²
Этнохоронимазиялық, азиат
Енеді49 (+5 жартылай мойындалған) мемлекет
Тәуелді аймақтар
Танылмаған аймақтар
ТілдеріАзия тілдері
Уақыт белдеулеріUTC+2 — UTC+12
Интернет үйшігі.asia
Ірі қалалары Токио, Джакарта, Сеул, Шанхай, Дели, Мумбаи, Манила, Бейжің, Осака, Калькутта, Карачи, Дакка, Куала Лумпур

Географиялық орналасуы

Asia-map
Азия картасы.

Еуропамен арадағы шартты шекарасы Орал тауының шығыс етегі, Ембі өзені, Каспий теңізі, Кума-Маныч ойысы, Азов теңізі, Қара теңіз, Босфор бұғазы, Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы өтеді. Ауданы 43.4 млн. км2 (бүкіл құрлықтың 30%-ы). Оңтүстік-батыста Суец мойнағы Азияны Африкамен жалғастырады; Солтүстік Америкадан Беринг бұғазымен бөлінеді. Оңтүстігінде құрлыққа Малай топаралы кіреді. Таяу аралдардың жалпы ауданы 2 млн. км2-ден асады. Жағалауы аз тілімделген. Құрлықтың орталық бөліктері мұхиттардан 2-2.5 мың км қашықтықта орналасқан.

Түбектері:

  1. Таймыр түбегі
  2. Чукот түбегі
  3. Камчатка түбегі
  4. Корей түбегі
  5. Үндіқытай түбегі
  6. Декан түбегі
  7. Арабия
  8. Кіші Азия түбегі
  9. Үнді түбегі

Құрлықтың шеткі нүктелері:

  • солтүстігінде – Челюскин мүйісі
    • оңтүстігінде Пиай мүйісі
      • батысында Рока мүйісі
        • шығысында Дежнев мүйісі.

Жер бедері

Азия дүние бөліктерінің ішінде абсолюттік биіктігі жағынан (Эверест шыңының биіктігі 8848 м) 1-орында, орташа биіктігі жағынан Антарктида құрлығынан кейінгі 2-орында (950 м). Жерінің 75%-ы таулар мен тау үстірттері. Олар басты екі белдеуді құрайды. Ендік белдеуі Кіші Азия түбегінен Тынық мұхит жағалауына дейін созылған.

Ең биік таулар мен тау қыраттары:

  1. Памир
  2. Тянь-Шань
  3. Тибет тау қыраты
  4. Гималай
  5. Гиндукуш
  6. Қарақорым.

Гималай тауының шыңдары 7 – 8 мың метр және одан да биік болып келеді. Солтүстік шығыс белдеуі Тянь-Шань тауынан Чукот түбегіне дейін созылады. Бұған кіретін таулар ендік белдеуге қарағанда көне әрі аласа болып келеді. Солтүстік-шығыс белдеуден батыс және шығыс жаққа қарай орташа, аласа таулар мен тау үстірттері тарайды.
"'Ең ірісі: Орта Сібір таулы үстірті."' Құрлықтың шығыс жағында бұл екі белдеуден оқшау солтүстіктен оңтүстікке қарай Коряк таулы қыраты, Камчатка таулары, Сихотэ-Алин, Корей таулары, Наньмин, Аннам тау қыраты тізбектеліп орналасқан. Азияның жалпы аумағының 25%-ы жазықтар.

Ең ірі жазықтары:

Кен байлықтары

Тас көмірдің ірі кен орындары Сібірде (Кузнецк, Минусинск, Лена, Кан, Иркутск), Қазақстанда (Қарағанды), Қытайда, Үндістанда бар. Азияда мұнайдың дүниежүзілік қорының жартысынан астамы шоғырланған.

Негізгі мұнай-газ аудандары:

Темір кені мен түсті металдар Азияның таулы, қыратты аймақтарында кездеседі. Фосфориттің мол қоры Қаратауда )Қазақстан(, боксит кені Торғай даласында (Қазақстан), Краснояр өлкесінде, Үндістанда, Мъянмада, Индонезияда, алмаздың ірі кен орны – Саха-Якутияда.

Климаты

MonthlyMeanT
1961-1990 жылдар аралығындағы кеңістіктің айлық орташа температурасы. Жыл-ай бойынша өзгерісті көрсетеді.

Азия Cолтүстік жарты шардың барлық климаттық белдеулерін алып жатыр. Көп жерінде, әсіресе ішкі аудандарда, континенттік климат басым. Оңтүстігі мен шығысында климат муссонды. Батыс, Орта, Орталық Азия жазықтарына шөл және шөлейт климат тән. Биік тау қыраттары мен тау бастарын суық шөл климаты алып жатыр. Малакка түбегі мен Үлкен Зонд аралдарының климаты экваторлық.

Қыста ең төмен температура солтүстік-шығыс Сібірде байқалады. Верхоян жотасы мен Оймяконда қаңтар айының орташа температурасы –50°С, кейде ең төмен температура –70°С-қа дейін жетеді. Экваторлық өңірде қаңтардың орташа температурасы 25°С-қа дейін өседі. Жазғы температура ендікке байланысты өзгеріп отырады. Шілденің орташа температурасы тундраның оңтүстік шекарасында 10°С, ал 55° – 60° солтүстік ендіктерде 20°С, тропиктік, экуаторлық белдеулерде 25 – 28оС-қа дейін жетеді.

Азияның оңтүстік, оңтүстік-шығыс шеткі аймақтары өте ылғалды келеді. Гималайдың оңтүстік етегіндегі Черрапунджи өңірінде жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 12665 мм (Жер шарындағы ең ылғалды аудан). Экваторлық белдеуде жылына 2000 мм жауын-шашын түседі. Субэкваторлық белдеудегі таудың ық жақ беткейлерінде ылғал мөлшері күрт азайып, 1000 мм-ден аспайды. Ал климаты субтропикті және қоңыржай теңізді аймақтарда 600 – 1000 мм, Сібірдің басым көпшілік жерінде 300 – 500 мм, тундрада 150 – 200 мм, Алдыңғы, Орта және Орталық Азия шөлдерінде 100 – 150 мм, кей жерлерде одан да аз болады.

Ішкі сулары

Азия құрлығы өзенге бай . Сондықтан Азияны "өзен жағасындағы өркениеттер өлкесі" деп атайды.[1] Кавказ, Памир, Тянь-Шань, Гималай, Қарақорым, Гиндукуш, т.б. тауларда мұздықтар таралған (жалпы ауданы 120 мың км²). Мұздықтар өзендердің толығуына аса маңызды орын алады. Құрлықтың ішкі суларының 60%-ы сыртқы, 40%-ы ішкі тұйық алапқа орналасқан.[2] Азияның басты өзендері - Янцзы, Сары өзен ( Хуанхэ), Обь, Амур, Лена, Меконг, Енисей, Үнді, Брахмапутра, Салуин, Вилжуж, Әмурдария, Ганг, Ефрат, Алдан, Сырдария, Тарим, Калыма, Айеарвади, Тигр, Сонгхуа және Ангара өзендері. Обь, Ертіс, Енисей, Ангара, Лена, Яна, Индигарка және Колыма өзендері Солтүстік мұзды Тынық Мұхитқа құятың өзендердің ішінде: Анады, Амур, Хуанхэ, Янцзы, Ексы, Миконг, Чао Прая жөне Қызыл өзен бар. Янцзы - Азиядағы ең ұзын және әлемдегі үшінші ұзын өзен. Евфрат - Орта Шығыстағы ең ұзын өзен. Ежелгі дүниенің атақты қаласы Бабыл (Вавилон) осы өзеннің бойында орналасқан болатын. Үнді түбегінің басты өзені - Ганг Солтүстік Үндістан жазықтықтары арқылы шығыстағы Бангладешке қарай ағады. Қазақстандағы ең ұзын өзен - Есіл өзені. Оның жалпы ұзындығы - 2450 шақырым, Қазақстан аумағына 1400 шақырымы кіреді. Муррей, Сноуи, Маррамбиджи - басты өзендерінің бірі. Өзге өзен жүйелеріне Батыс Австралиядағы Фитцрой, Орд, Свон; Тасманиядағы Деруент пен Тамар; Жаңа Оңтүстік Уельстегі Хаукесбери жатады. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жиі жауатын болғандықтан, Жаңа Зеландияда өзен саны өте көп. Ең ұзын өзенінің ұзындығы 425 шақырым. Бұл аралда, сондай- қ, Хука сарқырамасы бар.[1]

Ішкі тұйық алаптағы өзендердің ең ірілері:

Экваторлық белдеудегі өзендердің суы жыл бойы мол болады. Шығыс және Оңтүстік Азия өзендері теңіздік жаңбырға байланысты бүкіл жаз бойы тасиды. Жерортатеңіздік Батыс Азия өзендерінің суы қыста молаяды. Ішкі тұйық алаптың биік тау басындағы қар мен мұздан бастау алатын өзендер жазда қатты тасиды. Құрлықтың ірі өзендері жол қатынасына және жер суаруға ежелгі заманнан бері пайдаланылып келеді. '
Азияда көл көп. Ең ірілері – Каспий мен Арал теңіздері.
Тектоникалық ойыстарда Байкал, Зайсан, Ыстықкөл, Өлі теңіз, Хубсугул, Кукунор, Алтынкөл орналасқан.

Биік таулы аймақтарда мұздық әрекетінен пайда болған ұсақ көлдер бар. Жанартау әрекетіне байланысты көлдер Камчаткада және Тынық мұхит жағалауындағы аралдарда, карст көлдері Загрос таулары мен Орталық Азия таулы қыраттарында, термокарст көлдері Сібірде көп. Шөлді белдемдегі көлдер әдетте тұзды болып келеді.
Азияның ең ірі өзендері:

Еділ өзені'

Еділ өзені'

Іле өзені'

Іле өзені'
  • Кура өзені,

Кура өзені'

Кура өзені'

Сырдария өзені

Сырдария өзені

Өсімдігі

Drosera ultramafica robinson fleischmann mcpherson
Tilia-nasczokinii-9267

Азияның көпшілік бөлігі Голарктикалық флоралық облысқа кіреді. Араб түбегінің оңтүстігі, Үндістан, Үндіқытай түбектері, Филиппин және Малай топаралы палеотропиктік облысқа жатады. Палеотропиктік флора мезозойдың соңғы кезеңінен бері бірқалыпты жылы климат жағдайында дамып келеді.
Өсімдігі алуан түрлі, құрамында реликтер мен эндемиктер көп. Солтүстік мұзды мұхит жағалауында арктикалық, мүкті-қыналы тундра тараған. Солтүстік Азияда орман өте кең алқапты қамтиды, оның көп жерін тайга (батысында шырша, майқарағай, самырсын, шығысында балқарағай мен қарағай өседі) алып жатыр. Қиыр Шығыстың аралас және жалпақ жапырақты ормандары өсімдік түріне бай. Орман белдемінен оңтүстікке қарай орманды дала белдемдері (Батыс Сібірдің оңтүстігі, Солтүстік Моңғолия, Байкал сырты, Солтүстік-шығыс Қытай) өтеді. Орта және Орталық Азияда шөл өсімдігі басым. Тибет пен Памирдегі тау басын суық шөл алып жатады. Субтропиктік шөл, шөлейт және құрғақ дала өсімдігі Иран, Кіші Азия таулы қыраттарында, Месопотамияның солтүстік бөлігінде өседі. Месопотамияның оңтүстігі мен Араб түбегі тропиктік шөлге жатады. Субтропиктік белдеудің батыс жағына қарай, Кіші Азиядағы теңіз жағалауында негізінен маквис және мәңгі жасыл еменнен тұратын жерортатеңіздік өсімдіктер өседі. Тынық мұхит жағалауында қоңыржай белдеудің ормандары субтропиктік орманға ауысады (мәңгі жасыл ағаштар – магнолия, лавр, емен, камфора, тунг ағашы, кипарис, т.б.). Малакка түбегі мен Малай топаралында мәңгі жасыл ылғалды тропиктік қалың орман (гилея) өседі. Оның тауларындағы өсімдіктер биіктік белдеулерін құрайды. Солтүстік Азияда тау тайгасы мен тау тундрасы, Орта және Орталық Азияда тау даласы мен шөлі, Оңтүстік Азияда тропиктік тау орманы басым.

Жануарлары

Asian.elephant.paignton.zoo.arp
Азия пілі.
Asian Golden cat
Азияның алтын мысығы.
Lion at Mysore Zoo
Азияның алтын мысығы.

Азия негізінен Голарктика облысының Палеоарктика бөліміне жатады. Жануарлары ендік белдемдер мен биіктік белдеулер жиынын құрайды. Тундрада жануарлардың түрі аз. Орман белдемінде

  1. сүтқоректілерден: бұлан, бұлғын, қоңыр аю, сілеусін, тиін, борша тышқан, сасық күзен;
  2. құстардан: саңырау құр, тоқылдақ, бұлдырық, шырша торғай, жапалақ, т.б. мекендейді.

Құрлықтың шығысы жануарлар түріне өте бай. Мұнда тайганың, жалпақ жапырақты орманның және субтропиктік аймақтың жануарлары өмір сүреді. Дала мен шөл жануарлары Кіші, Алдыңғы, Орта және Орталық Азияда, Солтүстік-батыс Үндістанда тараған. Әсіресе кемірушілердің түрі көп.

Батыс жағын жерорта-теңіздік жануарлардан: қабылан, гепард, қорқау қасқыр, жайран, т.б. мекендейді. Өзен бойы тоғайларында жолбарыс, Солтүстік-батыс Үндістанда арыстан сақталған.

Құрлықтың субэкваторлық және экваторлық ендіктерінде Үнді-Малай жануарлары (піл, орангутан, гиббон, макака, лемур, тупайя, тапир, мүйізтұмсық, жолбарыс, аю, қабылан, т.б.) басым. Құстардың түрі көп. Жорғалаушылардан алып ешкіемер, қолтырауын, өте улы көзілдірікті жылан, питон (ұзындығы 8 – 10 м) көп тараған.

Location-Asia-UNsubregions
Азияның БҰҰ субаймақтары:      Солтүстік Азия      Орталық Азия      Оңтүстік-батыс Азия      Оңтүстік Азия      Шығыс Азия      Оңтүстік-шығыс Азия

Саяси бөлінуі

Азия саяси құрылымы бойынша:

Азия елдері

Жалауларымен бірге аймақтар мен территориялар аты Аумағы
(km²)
Халық саны
(1 шілде 2002 est.)
Жұрт тығыздығы
(per km²)
Астаналары
Орталық Азия:
Қазақстан Қазақстан[3] 2,346,927 16,972,893 5.7 Астана
Қырғызстан Қырғызстан 198,500 4,822,166 24.3 Бішкек
Тәжікстан Тәжікстан 143,100 6,719,567 47.0 Душанбе
Түрікменстан Түрікменстан 488,100 4,688,963 9.6 Ашхабад
Өзбекстан Өзбекстан 447,400 25,563,441 57.1 Ташкент
Шығыс Азия:
Қытай Қытай[4] 9,584,492 1,384,303,705 134.0 Бейжің
Гонконг Гонконг[5] 1,092 7,303,334 6,688.0 Виктория-Сити
Жапония Жапония 377,835 126,974,628 336.1 Токио
Макао Макао[6] 25 461,833 18,473.3
Моңғолия Моңғолия 1,565,000 2,694,432 1.7 Ұлан-Батыр
Корей Халық Демократиялық Республикасы Солтүстік Корея 120,540 22,224,195 184.4 Пхеньян
Оңтүстік Корея Оңтүстік Корея 98,480 48,324,000 490.7 Сеул
Тайвань Тайвань[7] 35,980 22,548,009 626.7 Тайпей
Солтүстік Африка:
Мысыр Мысыр[8] 980,869 80,335,036 21.7 Каир
Солтүстік Азия:
Ресей Ресей[9] 13,115,200 139,129,729 3.0 Мәскеу
Оңтүстік-шығыс Азия:[10]
Бруней Бруней 5,770 350,898 60.8 Бандар Сери Бегауан
Камбоджа Камбоджа 181,040 12,775,324 70.6 Пномпен
Шығыс Тимор Шығыс Тимор[11] 15,007 952,618 63.5 Дили
Индонезия Индонезия[12] 1,419,588 227,026,560 159.9 Джакарта
Лаос Лаос 236,800 5,777,180 24.4 Vientiane
Малайзия Малайзия 329,750 27,662,365 68.7 Куала Лумпур
Мьянма Мьянма (Бирма) 678,500 42,238,224 62.3 Naypyidaw[13]
Филиппиндер Филиппиндер 300,000 84,525,639 281.8 Манила
Сингапур Сингапур 704 4,483,900 6,369.0 Сингапур
Тайланд Таиланд 514,000 62,354,402 121.3 Бангкок
Вьетнам Вьетнам 331,690 87,375,000 246.1 Ханой
Оңтүстік Азия:
Ауғанстан Ауғанстан 647,500 27,755,775 42.9 Кабул
Бангладеш Бангладеш 144,000 133,376,684 926.2 Дака
Бутан Бутан 47,000 672,425 14.3 Thimphu
Үндістан Үндістан[14] 3,167,590 1,045,845,226 318.2 Нью Дели
Иран Иран 1,648,195 70,472,846 42 Тегеран
Мальдив Республикасы Мальдивтер 300 320,165 1,067.2 Мале
Непал Непал 140,800 25,873,917 183.8 Катманду
Пәкістан Пәкістан 803,940 147,663,429 183.7 Исламабад
Шри-Ланка Шри-Ланка 65,610 19,576,783 298.4 Коломбо
Оңтүстік-батыс Азия:
Армения Армения[15] 29,800 3,330,099 111.7 Ереван
Әзірбайжан Әзірбайжан[16] 46,870 3,845,127 82.0 Баку
Бахрейн Бахрейн 665 656,397 987.1 Манама
Кипр Кипр[17] 9,250 775,927 83.9 Никосия
Палестина Газа[18] 363 1,203,591 3,315.7 Газа
Грузия Грузия[19] 20,460 2,032,004 99.3 Тбилиси
Ирак Ирак 437,072 24,001,816 54.9 Бағдат
Израиль Израиль 20,770 6,029,529 290.3 Құддыс[20]
Иордания Иордан 92,300 5,307,470 57.5 Амман
Кувейт Кувейт 17,820 2,111,561 118.5 Кувейт
Flag of Lebanon.svg Ливия 10,452 3,677,780 353.6 Бейрут
Оман Оман 212,460 2,713,462 12.8 Мускат
Катар Катар 11,437 793,341 69.4 Доха
Сауд Арабиясы Сауд Арабиясы 1,960,582 23,513,330 12.0 Рияд
Сирия Сирия 185,180 17,155,814 92.6 Дамаск
Түркия Түркия[21] 756,768 67,308,928 76.5 Анкара
Біріккен Араб Әмірліктері Біріккен Араб Әмірліктері 82,880 2,445,989 29.5 Абу Даби
Палестина Батыс жағалауы[18] 5,860 2,303,660 393.1
Йемен Йемен 527,970 18,701,257 35.4 Сана
Total 43,810,582 3,902,404,193 89.07

Дереккөздер

  1. a b Балаларға арналған танымдық энциклопедия. Географиялық аймақтар, 26-бет
  2. “Қазақ ұлттық энциклопедиясы”, 1 - том
  3.   Қазақстанның бір бөлігі Шығыс Еуропада болғасын бұл жерде тек Орта Азияға жататын аумағы мен халық саны беріліп тұр.
  4.   The current state is formally known as the People's Republic of China (PRC), which is subsumed by the eponymous entity and civilization (China). Figures given are for mainland China only, and do not include Hong Kong, Macau, and Taiwan.
  5.   Hong Kong is a Special Administrative Region (SAR) of the PRC.
  6.   Macau is a Special Administrative Region (SAR) of the PRC.
  7.   Figures are for the area under the de facto control of the Republic of China (ROC) government, frequently referred to as Taiwan. Claimed in whole by the PRC; see political status of Taiwan.
  8.   Мысыр is generally considered a transcontinental country in Northern Africa and Western Asia; population and area figures are for Asian portion only, east of the Suez Canal (Sinai Peninsula).
  9.   Ресей is a transcontinental country; population and area figures are for Asian portion only.
  10. Excludes Christmas Island and Cocos (Keeling) Islands (Australian external territories in the Indian Ocean southwest of Indonesia).
  11.   East Timor is often considered a transcontinental country in Southeastern Asia and Oceania.
  12.   Indonesia is often considered a transcontinental country in Southeastern Asia and Oceania; figures do not include Irian Jaya and Maluku Islands, frequently reckoned in Oceania (Melanesia/Australasia).
  13.   The administrative capital of Myanmar was officially moved from Yangon (Rangoon) to a militarised greenfield just west of Pyinmana on 6 қараша 2005.
  14.   Includes Jammu and Kashmir, a contested territory among India, Pakistan, and the PRC.
  15.   Armenia is sometimes considered a transcontinental country: physiographically in Western Asia, it has historical and sociopolitical connections with Europe.
  16.   Azerbaijan is often considered a transcontinental country in Western Asia and Eastern Europe; population and area figures are for Asian portion only. Figures include Nakhchivan, an autonomous exclave of Azerbaijan bordered by Armenia, Iran, and Turkey.
  17.   The island of Cyprus is sometimes considered a transcontinental territory: in the Eastern Basin of the Mediterranean Sea south of Turkey, it has historical and socio-political connections with Europe. The Turkish Republic of Northern Cyprus (TRNC), distinct from the de jure Republic of Cyprus in the south (with a predominantly Greek population), is recognized only by Turkey.
  18. a b   Gaza and West Bank, collectively referred to as the "Occupied Palestinian Territory" by the UN, are territories partially occupied by Israel but under de facto administration of the Palestinian National Authority.
  19.   Georgia is often considered a transcontinental country in Western Asia and Eastern Europe; population and area figures are for Asian portion only.
  20. In 1980, Jerusalem was proclaimed Israel's united capital, following its annexation of Arab-dominant East Jerusalem during the 1967 Six-Day War. The United Nations and many countries do not recognize this claim, with most countries maintaining embassies in Tel Aviv instead.
  21.   Turkey is generally considered a transcontinental country in Western Asia and Southern Europe; population and area figures are for Asian portion only, excluding all of Istanbul.
Азия Футбол Конфедерациясы

Азия Футбол Конфедерациясы (ағылш. Asian Football Confederation, AFC) — Азия аймағындағы негізгі футбол қауымдастығы. 1954 жылдың 8 мамырында негізі қаланды. Штаб-пәтері Малайзияның астанасы Куала-Лумпурда орналасқан. Конфедерацияның президенті Бахрейннен шыққан Сальман бин Ибрахим аль Халифа болып табылады. АФК-ның 47 мүшесі бар.

Дүние жүзі

Дүние, дүние жүзі —

жалпы мағынасында – бүкіл әлем, ғалам;

нақты мағынасында – Жер жүзі планетасының беті;

қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Дүние сөзі материалдық игілік, байлық, мүлік ұғымдарын да білдіреді.

Ел

Ел — қазақша екі мағына беретін термин:

ел-мемлекеттің синонимі ретінде қолданылатын термин;

аймақ; физикалық география мен геоморфологиялық түсінік бойынша аумақтардың ірі аймақтық бөліктері, өзіне топ қайталанбайтын жалпылама сипаты болатын аудандаудың бөлігі. Физикалық-географиялық немесе геоморфологиялық түсінік бойынша аймақтың саяси-әкімшілік шекараға тәуелсіз өз шекарасы болады. Аймақ бірнеше физикалық-географиялық провинцияларды немесе облыстарды біріктіреді де, өз алдында аймақтар тобына бірігеді. Физикалық-географиялық аймақтарға Орыс жазықтығы, Орал, Батыс Сібір ойпаты, Орта Сібір таулы үстірті, Оңтүстік Сібір таулары, Кіші Азия, Армян және Иран таулы қыраттары, Апеннин Италиясы, Жерортатeңіздік аймақтар және тағы басқа жатады.

Еуразия

Еуразия — Жер шарындағы ең үлкен құрлық.

Жапония

Жапония (жап. 日本, аударғанда «Күншығыс елі», ресми атауы «Нихон коку», «Ниппон коку» (жапон. 日本国)) — Шығыс Азия жағалауларына жақын маңдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 6852 аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю. Жер аумағы 372,2 мың км2. Халқы 126,2 млн. (1997). Астанасы — Токио қаласы. Әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жапония — бір ұлтты ел. Халқының 99,4%-і — жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар тұрады. Ресми тілі — жапон тілі. Негізгі діндері — синто және будда діндері. Жапония — конституциялы монархияны сақтаған ел. 1947 жылы 3 мамырда қабылданған конституция бойынша император — “мемлекет пен халық бірлігінің көрінісі”. Ол парламенттің ұсынысы бойынша премьер-министрді тағайындайды және премьер-министрдің ұсынысымен үкімет мүшелерін, Жоғарғы соттың төрағасы мен мүшелерін тағайындайды немесе орнынан алады. Конституция бойынша, мемлекет істерге толығымен премьер-министр басқаратын үкімет жауап береді. Жоғарғы заң шығарушы орган парламент — екі палатадан (өкілдер палатасы және кеңесшілер палатасынан) тұрады. Ұлттық мерекесі 23 желтоқсан (император Акихитоның туған күні).

Азия елдері ішінде орта ғасырлардағы жойқын жорықтардан, және одан кейінгі отаршылық тәуелдіктен аман қалған жалғыз екі елдің бірі - Жапония болады. 19 ғ. Жапония өнеркәсібі қауырт өркендей бастады.

Карбон кезеңі

Карбон немесе Тас көмір жүйесі — палеозой заманын құрайтын алты кезеңнің бесіншісі, палеозой эратемасының пермьнен кейінгі, девонның алдыңғы кезеңі. Ұзақтығы 60,2 млн. жылды қамтиды, 359,2 млн. жыл бұрын басталып, 299 млн. жыл бұрын аяқталған. Тас Көмір Жүйесін қазіргі көлемінде 1839 ж. ағылшын геологтары А.Седжвик (1785 – 1873) пен Р.Мурчисон (1792 – 1871) анықтаған.

Тас көмір жүйесі барлық құрлықтарда кең тараған. Бастапқы карбон заманында Гондвананың солт-ке жылжуы күшейіп, Лавруссияға жақындай түсті. Сібірмен жақындасу барысында Палеоазия мұхитының ені 2 мың км-ге тарылған. Бұл кезеңде Орал алабы көп тарылып, Қазақстания (қазақ-қырғыз), Шығыс Еуропа құрлықтарының шетіне жақындай түскен. Дәл осы жағдай Қазақстания құрлығының шығыс және солт. шығыс жиегі Түркістан мен Жоңғар алаптарында да пайда болған. Осындай белдемдер Орт. Азия, Сібір, Орт. Моңғол, Тарим мен Қытай-Корей құрлықтарының жақындасуы кезінде де пайда болып, Палеоазия мұхитының жабылуына әкеп соқты. Орал алабы шығыс жағында Қазақ денудац. жазығымен шектеліп, оңт-нде Тұран тақтасы және Арал маңы теңіздерімен қосылған. Теңіз-Шу ойысында теңіз суының тұздылығы артқан кезде ангидрит, гипс, кейде тұздар шөккен. Жанартаутекті тау жыныстары Шығыс Орал, Жоңғар-Балқаш, Үндіқытай, Шығыс Австралия сияқты эвгеосинклиналдық белдемдерінде таралды. Кезең басында герциндік геосинклиналдар көтеріле бастап, шегінген жағалауларда, бөктерлік және тауаралық ойпаңдарда, платформалық ойыстарда, жас герцин тауларының бұзылып шайылуынан жиналған шөгінді тау жыныстарымен бірге көмір қабаттары да қалыптаса бастады. Шөлді белдеулердегі қалдық лагуналарда, көлдерде доломит пен тұздар тұнып (Солт. Америка, Қытай, Шу ойпаты), ылғалды аймақтардағы теңіз жағалауы мен көлдерде боксит, темір-марганец шөгінділері жиналды. Соңына қарай Аппалач, Орт. Еуропа, Моңғол, Колыма, Шығыс Австралия, Кап өңірлері биік тауларға айналды. Тау құралуынан рельеф қайта жаңарып, климат өзгерді. Тас Көмір Жүйесінің климаты өте жылы, ылғал мол болғандықтан ну тоғайлар, батпақты ойыстар пайда болып, көптеген көмір алаптары осы кезде қалыптасты. Ортаңғы Тас Көмір Жүйесінен бастап климат қуаң тартып, барлық климаттық белдеулер пайда болды. Тропиктік және субтропиктік вестраль белдеуі Мексика мен Аппалачтан өтіп Еуропаны қамтыды, Орта Азия арқылы Үндіқытай субконтинентінен Австралияға дейін созылды. Шөлейтті белдем солтүстікте Калифорниядан басталып, Скандинавия арқылы Торғай, Жезқазған, Шу, Тянь-Шань, Тарым өлкелеріне жетті, ал оңтүстігінде Латын Америкасынан Африкаға дейін созылып, кезең соңында ол жерлерді қалың мұздық басты. Тас Көмір Жүйесінің ең басты ерекшелігі Жер бетінде өсімдіктер дүниесінің қаулап өсіп (лепидодендрондар – биіктігі 30 – 40 м, діңінің диам. 1 – 2 м), кезеңнің ортасында бауырымен жорғалаушылардың пайда болуы. Одан басқа теңіздерде бұрынғы жәндіктер, сонымен қатар ірі форамиферлер мен продуктидтер, спирифидтер өмір сүрді. Карбонның басында сабақты инетерілілердің көне топтары (карпоидейлер, цистоидейлер, тектоидейлер) жойылды.

Жәндіктердің алғашқы ұшатын түрлері (қанаттарының ұзындығы 70 см), қосмекенділер (стегоцефалдар), жылдам жүзетін акула тәрізді шеміршекті балықтар пайда болды. Бауырымен жорғалаушылар жыртқыш, өсімдік және жәндік қоректі болып бөлінген. Тас Көмір Жүйесінде көмір түзілу барлық аймақтарда жүрген. Карбон көмірлері дүниежүз. қордың 30%-ын құрайды. Оларға: Қарағанды, Екібастұз, Мәскеу, Донбасс, Қызыл, Кузнецск, Минусин, Тунгус, т.б. көмір кен орындары жатады. Волга-Орал мұнайлы аймағы, Тихвин және Солт. Онега, Қытай боксит кендері, Қаратау мен Орта Азия, Миссисипи қорғасын-мырыш, Орал, Қостанай, Таулы Шория магнетит, т.б. кен орындары Тас Көмір Жүйесінде қалыптасқан.Девоннан кейін, пермнің алдында келетін бұл заман 359,2 млн жыл бұрын басталып, 299 млн жыл бұрын аяқталған.

Қазақстанның геологтары карбонды үстіңгі (гжел, қасым), ортаңғы (мәскеу, башқұрт) және астыңғы (серпухов, визей, турней) карбон деп бұрынғы Кеңес Одағы дәстүрі бойынша үш бөлімге бөледі.

Еуропада карбон жүйесінің астыңғы бөлігі динант деп терминделген. Динант екі қабатқа бөлініп, мол корал-брахиопод фаунасы бар теңіздік әктаспен сипатталады. Үш қабатқа бөлінген силезий деп аталатын карбонның үстіңгі бөліктері жердегі және тұщы судағы бөлініп жатқан шөгінділермен белгіленеді. Үстіңгі карбондағы кең тараған ормандар оңтүстік Уеліс, Англия, Шотландия және әлемнің басқа да көптеген жерлердегі мол көмір қабаттарының пайда болуына себепші болды.

Солтүстік Американың геологтары карбон жүйесін екі субжүйеге бөледі. Астыңғысы (359,2-318,1 млн жыл) миссисипи деп аталып, Еуропалық динант субжүйесі мен силезий субжүйесінің астыңғы бөлігіне тең боп келеді. Пенсилван деп аталатын үстіңгі субжүйелері (318,1-299 млн жыл) еуропалық силезийдің көп бөлігіне сәйкес келеді.

Кіші Азия

Кіші Азия (түр. Anadolu — Анадолы) — Азияның батыс бөлігіндегі түбек, қазіргі Түркия аумағының ортаңғы бөлігі. Анатолия деп көбінесе Түркияның азиялық иеліктерін атайды (еуропалық иеліктері — Румелия).

Грек тілінде Анатолия атауы (көне грекше: ἀνατολή) күн шығыс, шығыс мағыналарын білдіреді.

Көл

Көл — тікелей теңізбен қосылмаған құрлықтар өңіріндегі суға толы дербес ойыстар. Ауқымды кеңістікті қамтитын, суы ащы көл түрлері теңіз деп аталып жүр (Каспий, Арал теңіздері). Жер шарындағы көлдердің жалпы ауданы 2,1 млн. км2 (құрлық ауданының шамамен 1,4%-ы). Ондағы жинақталған судың көлемі 176 мың км3, оның 52%-ы тұщы су, 48%-ы ащы су. Көлде эндемик түрлер, кейде реликт түрлер тіршілік етеді. Жер шарының ең ірі көлі – Каспий теңізі, ең терең көлі – Байкал. Қазақстанда Каспий мен Аралды қоспағанда, 48262 көл бар, олардың жалпы ауданы 45032 км2.

Орта Азия

Орта Азия — Азия құрлығының Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан Республикалары мен Қазақстанның оңтүстік облыстарының жерлерін қамтитын аймақ. Абай өзінің «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген тарихи еңбегінде: «.. .арабтан бұл Орта Азияға дін исламды үйретушілер көп әскермен келіп, халықты жаңа дінге қаратып жүргендерінде Құтайба атты кісі Қашқарға дейін келіп, халықты исламға көндіргенде, бұлар да мұсылман болдық депті» деген деректер арқылы арғы түбі Күншығыс Сібірден келіп, Алатау бөктерлерін мекендеген қазақтардың ислам дініне кіру тарихынан мағлұмат береді.

Орталық Азия

Орталық Азия – Азияның ішкі аумағында орналасқан табиғат аймағы. Батысы мен солтүстік-батысында ТМД елдері (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан), солтүстігінде Моңғолия, Қытайдың солтүстік-батыс бөлігі орналасқан. Оңтүстік-батысы мен оңтүстігін Ауғанстан, Пәкстан, Үндістанның солтүстік бөліктері, орталығы мен шығысын Қытай алып жатыр.

Ресей

Ресей (гр. Ρωσία — Русь; ресми түрде — Ресей Федерациясы орыс. Росси́йская Федера́ция немесе Ресей орыс. Россия, қысқартылған атауы — РФ орыс. РФ) — Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы жағынан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекет. Ресей мен Қазақстан арасындағы шекара - әлемдегі ең ұзын шекара. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі. Ресейдің экономикасы жылына орташа есеппен 7% жылдамдықпен өсуде, бұл дүние жүзіндегі ең жоғары өсу қарқындарының бірі.

Сингапур

Сингапур Республикасы (ағылш. Republic of Singapore; қыт. 新加坡共和国; малайша Republik Singapura

там. சிங்கப்பூர் குடியரசு) — экватордан 137 км солтүстікте, Малайзияның Жохор облысының оңтүстігінде, Индонезияның Рияу аралының солтүстігінде орналасқан қала-мемлекет, арал-ел.Сингапур атағы малай тілінің синга — "арыстан" және санскрит тіліндегі пура — "қала" деген сөздерінен құралған.

Тау жүйесі

Ірі тау жүйелері - бұл жер шарындағы ең биік таулар. Ірі тау жүйлеріне Гималай, Қарақорым, Памир, Тянь-Шань және т.б жатады.

Ташкент

Ташкент (өз. Toshkent, Тошкент) — Өзбекстанның елордасы, Ташкент уəлаятының әкімшілік орталығы. 2006 жылы қаланың ресми түрде тіркелген тұрғын саны 2.1 миллион болды, бейресми деректер бойынша 3 миллионға дейін жетті.

Орта ғасырлар заманында қала «Шаш» деп аталды. Кейінірек ол «Шаш қаласы» деген мағына беретін «Шашкент» деп атала бастады. Канд, қанд, кент, кад, кат, куд, осы жалғаулардың бәрі көне парсы тілінен алынған, ол қала дегенді білдіреді. Мысалы, Самарқанд, Жаркент, Пенжікент сияқты қалалардың аттары осылай пайда болған.

16-шы ғасырдан кейін Шашкент деген атау «Ташкент» деген түрге өзгерді. Түсініксіз ескі атауына қарағанда жаңа атау («Тас қала») халық этимологиясының арқасында түсініктірек бола бастады. Ташкент деген түрі орыс тілінің әсерінен қалыптасқан.

Токио

Токио (東京, Tōkyō?) — Жапонияның астанасы, әкімшілік, қаржылық, мәдени және өндірістік орталығы. Хонсю аралының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Канто жазығында, Тынық мұжитындағы Токио шығанағының мүйісінде орналасқан. халық саны 12,544 млн адам, ауданы — 2 187 км², халық тығыздығы Жапония префектуралары ішіндегі ең жоғарысы — 5 740 адам/ км².

Токио дүние жүзі елордалар арасындағы ең жоғарғы Жалпы ішкі өнім, ЖІӨ шығаратын қала.

Түркия

Түркия (түр. Türkiye), ресми аталуы Түркия Республикасы (түр. Türkiye Cumhuriyeti) — Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан 37-ші орын алады (783,562 км²). Жұрт саны - 80.810.525 адам. Тәуелсіздігін 1923-жылы алған. Осман империясының ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Кіші Азия түбегінде орналасқан, оны Қара, Жерорта, Эгей мен Мәрмәр теңіздері жан-жақтан қоршайды. Шығысында Грузия, Әзірбайжан, Иранмен және Армениямен, батысында Болгариямен, Грекиямен, оңтүстігінде Ирак және Сириямен шекаралас.

Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы — Футболдан халықаралық матчтарда өнер көрсетіп жүрген Қазақстан құрамасы. Қазақстан Футбол Федерациясының бақылауында. 1994 жылы ФИФА және АФК-ға мүше болды. Кейін 2002 жылы УЕФА-ға ауысты. Дәл қазіргі таңда бас бапкері чехиялық Михал Билек.

Құрама Еуропадағы аутсайдер ұжымдардың бірі. Ешқашан әлем және құрлықтық чемпионаттардың финалдық турнирлеріне қатыспаған.

Қытай

Қытай (ресми — Қытай Халық Республикасы, қысқартылған — ҚХР; қыт. дәст. 中華人民共和國, жеңілд. 中华人民共和国, пиньинь: Zhōnghuá Rénmín Gònghéguó, палл.: Чжунхуа Жэньминь Гунхэго) — Азия құрылығында орналасқан мемлекет.

Халық саны бойынша, әлемдегі 1-ші мемлекет (1,3 млрд санынан астам, халық көпшілігі — этникалық қытайлықтар, өз атауы — хән); жер аумағы бойынша Ресей және Канададан кейінгі 3-ші орында. 1949 жылы Қытай Халық Республикасы жарияланғаннан бері елді Қытай Коммунистік партиясы билеуде. Ресми түрде сегіз партия болса да, ҚХР-сын бір партиялы, авторитарлық елдер қатарына жатқызады.

14 мемлекетпен шектеседі: Ауғанстан, Бутан, Мьянма, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Лаос, Моңғолия, Непал, ҚХДР, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Вьетнам.

Құрлықтар
Мұхиттар

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.